ПАЙҒАМБАРДАН ЖҮЗІМ АЛҒАН БАЛА ЖАЙЛЫ

ПАЙҒАМБАРДАН ЖҮЗІМ АЛҒАН БАЛА ЖАЙЛЫ

Бұл оқиға 1995-жылғы қажылыққа дайындық кезінде болған оқиға. Таңқаларлығы соншалық мемлекеттік архивте осы оқиғаның болғандығын көруге болады.

Әдетте, қажылық алдында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабірі де тазаланады. Осман империясы дәуірінен қалған осы кесененің күмбезін тазалайтын уақытта жетіп қалады.
Содан жасыл күмбезді тазалап жатқанда тазалаушылар желдеткіш құбырдан өліп қалған құсты көреді. Ішіндегі ылғалдылық және т.б. алу үшін күмбездің жоғарғы жағында желдету құбырлары орналасқан.
Құбырға сыймайтындарын білген олар бұған қалай кіреміз деп тұрғанда, мұның жөнін сұрау үшін Алла Тағаланың жолында турашылдықпен жүретін бір кісіні іздейді.
Ақыры жүзіне қарағанда Алланы еске алуға болатын, тақуа, әрі күнәдән алшақ кісіні тауып, сұрайды:
- Мырзам, мына жасыл күмбездің желдеткіш құбырында өліп қалған құс бар. Мұны қалай алсақ болады? –деп сұрағанда, әлгі кісі өзіне лайықты түрде былай деп жауап береді:
- Ол жерге ақыл-есі толмаған баланы кіргізіңіздер. Яғни, 6-7 жасар шамасындағы баланы кіргізсеңіздер ана құсты алып шығасыздар - дейді.
Ақыры айтқан баланы тауып, әлгі құбырдың ішіне кіргізеді. Содан 5 минутта алып шығатын құсты бала жарты сағат өткен соң ғана бір қолында жүзім шоғырымен, екіншісінде әлгі құспен алып шығады, таңқаларлығы баланың бір беті қызарған күйінде раушан иісімен мүңкіп тұрып шыға келді.
Шыққанда әлгілер таңқала қарап қалып, баладан былай деп сұрайды:
- Балам, біз саған құсты ал деп айттық. Сенің қолыңдағы бұл жүзім қайдан келді? Бетіңе не болды? Мына иіс қайдан? - деп сұрақтың астына ала бастайды. Бала болса:
- Ағалар мен ішке кіргенімде 5 аға іште отырды. Ортасындағының аты Мұхаммед (с.ғ.с) болды, қасында Әбу Бәкір (а.с.), Осман (a. c), Әли (а.c.), Омар (а.c.) деген ағалар болды. Ортада жүзім тұрды. Олар жүзім жеді. Сосын менен сұрады:
- Мұнда не үшін келдің? - деп, содан мен айттым:
- Сыртта тұрған ағалар жіберді. Маған құсты алсын деп айтты, мен де құсты алуға келгенімде сіздерді кездестірдім - деді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) болса баланың бетін жеңіл қысып, мыналарды айтты:
- Барып сырттағыларға айта ғой: Бірлік пен ынтымақта болыңдар, Алланың арқанына мықтап жармасыңдар. Кемсітушілікпен, нәсілшілдікпен айналыспаңдар. Бір үммет болыңдар. Бір-бірлеріңнің ақыларың мен құқықтарыңды құрметтеңдер және Құран мен сүннеттен ажырамаңдар - деп айтсын деді.

Әлеуметтік желіден 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста