Клизма жасау оразаны бұза ма?
Менің ішім жиі қатып қалатындықтан, ішекті қалыпты жұмыс істету үшін клизма жасатып тұрамын. Бұл оразаны бұза ма?
Медет, Жетісай қаласы
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:
Клизма – тік ішекке яки тоқ ішекке су немесе сұйық дәрілерді артқы қуыс арқылы жіберу. Асқазан аш ішек арқылы тоқ ішекпен байланысқан. Артқы қуыс арқылы жіберілетін дәрі оразаны бұзбайды дейтін ғалымдар да бар. Бірақ Ханафи және басқа үш мәзхабтың да ғалымдары артқы қуыс арқылы жіберілген дәрі оразаны бұзады деп есептеген. Мұндай жолмен оразасы бұзылған адам сол күннің ғана қазасын өтейді. Бұған кәффәрат қазасы керек емес. Сондықтан да, клизма жасатқан адам оразасының қазасын өтеуі керек.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу