Кісі қанша сақал қойып, әйел заты ұзын етек киіп, орамал тақса да ол бәрібір періште емес, пенде екенін ұмытпайық
Осыдан үш жыл бұрын болған жағдай. Есіме түскен сайын өз-өзіме ренжимін. Оқиға былай болды, кешке үйге қонақ шақырып қойған едім. Үйдегі ішкі істер министрі базардан өрік-мейіз ала келуді маған құныттап тапсырған болатын. Қарбалас жұмыстың арасында жүріп көкбазарға әбден таяғанда бірақ бардым. Әдеттегідей көкбазардың алды қайнап жатыр. Көлігімді қоярға бос орынның ыңғайы келмей тұр. Кенет бір орынды көзім шалды.
Қайрат Жолдыбайұлы
Бүгінде сақал қойған жандарды жиі кездестіреміз. Сақал - сүннет. Қайсыбір ғалымдар бойынша уәжіп. Әркімнің өз таңдауы. Сақал қойған соң бет пішініңе ыңғайлап реттеп, күтіп ұстау керек. Бұл - бір. Екіншіден, қоғамда сақал қойған жанға намаз оқитын діндар адам ретінде қарайды. Ал төсіне жететіндей сақал қойып алған кейбір жандардың бастарына кепка, бұттарына тырысқан шортик киіп, шайнаң-шайнаң етіп сағыз шайнап, не болса, соны әңгіме қылып айтып тұрғанын көргенде іштей қынжыласың. Сақал қойған соң соған сай тақуалығыңды да қоса алып жүру керек. Қысқасы сақалдың қадірін кетірмеу ләзім. Әйтпесе, дініңе кір келтіресің. Орамал таққан қыз, келіншектер де солай абай болғаны жөн. Ал жалпы жұртқа айтарым, кісі қанша сақал қойып, әйел заты ұзын етек киіп, орамал тақса да ол бәрібір періште емес, пенде екенін ұмытпайық. Ендеше, олардың қателіктері үшін асыл дінімізді жазғыруға ақымыз да жоқ.
islam.kz
(Тақырыбы өзгертілген)