Ең жаманы бiлімсіз екенімізді бiлмейміз!..

Ең жаманы бiлімсіз екенімізді бiлмейміз!..

Абай атамыз айтпақшы казiр бiз “Ұялатын iстен ұялмай, ұялмайтын iстен ұялатын” боп алдық. Бұл да надандық. Бiлместi бiлеміз деп лепiремiз келiп, ал бiлетiн бiреу керек болып қалса табу қиын боп кетедi. Алланы танып, иманы бекіп, намаз оқып, сүннет бойынша сақал қойған ұл мен кимешек киiп оранып, арын жапқан қызды ғайбатпенен мiнеп, сынап, сыбап әлекпіз. Сөйте тұра, өз мiнiмiз жайлы ойланбаймызда тiптi. Сонда зинашыл ұл мен арсыз қыз қадірлі болғаны ма? Ағайын Алланы тану, иман жайлы айтқан бауырларынан гөрi, ақшасы көп наданды жақын тұтатын болды. Қолында “закон куаты бар” бiреуді көрсек басымызды иiп маймөңкелеп кетемізде, Ұлы Құдірет иесі Аллаға басымызды иіп сәжде етуге ерінеміз немесе наданықтың салдарынан білмейміз, білгеннің тілін алмаймыз…

Бiр-бiрiмiзге жанымыз ашымайтын боп барамыз. Бұл ата-бабамызда болмаған әдет. Біреу Алланы танып намаз оқи бастаса «молда» деп кемсіте күлеміз. (Басқа жақты қайдам, мен тұрған ауылда дәл осындай жағдай). Ең жаманы бiлмейтiнiмiздi бiлмейміз. Iс пен сөз үйлеспейтiн болғаны қашан? Мұсылманбыз деймiз, бірақ Алланың тыйғанынан аз тыйылып, бұйырғанын аз орындаймыз. Тiптi мұсылманбыз деп койып, намаз оқымақ түгіл, калима-шахадатты әзер айтамыз, кейбіріміз білмейміз тіпті. Өз тілімізге өзіміз қарсы шығып, Алланың берген аманатын тәрк еттік. Дәстүр мен салтымыздың бәрiн ескiлiк деп, батыстың батпағына жанталаса батып жатырмыз. Той мен кiсi өлiмiн ысыраптың «отаны» қылдық. Жетiмдерге бермеген ақшамызға бейiт басына зәулiм қорған салып, «жаңа жыл» деген шайтани мейрамда шампан мен от аттық. Осылай имани санамыз тоқыруға түсіп жатыр…
Дәл қазіргі уақытта көптеген мейрамханалар жын-ойнаққа айналды, мұндай әр бiр орында бір мешіттің жамағатындай адам жүр. Енді бұлардың қайсысы мұсылманмын дейдi.

Арақ-сыра сияқты мас қылатын iшiмдiк iшкен адамның иманы ұшып кетеді дейді хадисте. Енді осы ішіп жүріп өлiп қалса ше, имансыз кетедi, яғни «кәпір өлім» деген сөз. «Қазақтың ең жаманы орыс болады» деген бұрын бабаларымыз. Ал қазір қазақтың ең жақсысы деп жүргендер Американы, Еуропаны арман етедi, олардын миында Жәннат арман емес. «Жаназам оқылса болды мұсылманмын, Жәннатқа барам» дейді. Шындығында бәрі де басқаша, Алланы танып, кәлимасын айтпай, Мұхаммедтің (ол кісіге Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын) жолымен жүріп, парыз құлшылығын қылмаған біреу ұялмай қалай өзі толық мұсылман санайды. Жұмыс істемей ақы алам деу ақылға сыймайды ғой. Ендеше Алланың сынағын көрмей, арақ ішіп жүріп-ақ Жәннатқа кірмек пе бұл ағайындар!

Қайран, бауырларым-ай! Арақ iшуді, қызға баруды, зина жасауды, алдауды, құтырынып билеп жын-ойнақ қылуды білесіңдер де, қалай дәрет алуды, не ғұсыл кұйынуды білмейсің. Надансың десе ашуланасың кеп. Дәрет алу үшін – ғалым болудың, жоғары оқу орнында оқудың, ешқандай қажеті жоқ.

Міне, солай өмір бойы бір рет дәрет алып тазаланбай қаншама адамдар өтіп кетті, қаншама адамдар арамызда қаптап жүр. Бұлар мұсылман ба өзі. Кәлима сөзін айта алмайтындар толып жүр. Бұлардың ахуалы не болмақ ертең! Өлімді неге ойламайсыздар! Өлiмнен кейiнгі мәңгілік өмірді неге ойламайсыздар!

Бұл деген сондай жалған дүние. Бүгін қалтанда сабан-сабан ақша мен мал-мүлiк болса, ертең бәрі сыртта қалып, екі метр бөзбен жалаңаш көрге енесің. Аялаған әйелiң, тәтті беріп өсірген балаң сенің мәйiтiңдi бір күн қондырмайды, өлген соң керек емессің, сенімен көрге тек иманың ғана еріп барады. 2-3 кабат үйің, астыңдағы темір тұлпарың саған пана болмайды.
Бір ағамыз: неғыл дейсің менің жүрегім таза, намаз оқып қайтем дейді. Не кәлимасы, не намазы, оразасы жоқ адамның жүрегі қалай таза болады. Жүрегі таза болса бұларды қылу керек еді ғой, жоқ, бұлар кыла алмады ма, онда жүректерінде ахау бар, таза емес. Бұндай жүрек тәкаппарлық жайлаған жүрек болғаны. Мен тазамын, басқадан артықпын дейтін шайтани менмендік жайлаған жүрек бұл.

Астағыпыралла! Бұйтіп шайтанға еріп қор болғанша, "қарапайым мұсылман" атанып жүргенің мың мәрте жақсы. Өйткені олар кәлиманы біледі, намазы бүтін, оразасы толық.

Біздің аудан-ауылға келіп көріңіз, сәлем алатын бастық аз. Жұртты өздерінен төмен санайды-ау деймін. Олардың сәлем алмайтын себебі: жетпіс неше жыл бойы өздерін «маймылдан шыққамыз» деп қойып, iшiп-тышып өскен адамдардың ұрығынан пайда болғандықтан сияқты. Әйтпесе, тегi таза, иманы бар, өзін мұсылман санайтын пенде сәлеміңе жауап қайыруды парыз санайды. Өйткені ол Алладан қорқады ғой. Сәлем алмайтындар – мұсылманмын деп тiлімен ғана айтатын, бірақ ешбір мұсылмандықтың сипаты жоқ адамдар.

Ей, қазақ бауырлар! Бұл дүниеде ешкім мәңгіге қалмайды. Өлім хақ, бәріміз де қараңғы көрге кіреміз. Бұдан өткен шындық жоқ. Сол көрде жауапты қалай бересің. Бір күн қараңғы жерге жалғыз жатып көрші, жата алмайсың, ал ажалың келгесін жатасың, жауапты бере алсаң бересің. Сезімді қуып сенделіп, өтірік қиялмен өлең жазып емделіп, құр мұсылманмын деп қойып, менменденiп жүрсең азап сонда болмақ, дүние үшін тыраштанасың ғой, ақыретте жақсы болу үшінде солай еңбектенуің керек. Әйтпесе қалпақпен қағып ала салатын Жәннат жоқ.

 

Жанарбек Мағзамұлы

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста