Әйелді қандай жағдайда ұруға болады?

Әйелді қандай жағдайда ұруға болады?

«Өзінің күйеуіне тәуелді бола тұра, оған рахметін білдірмейтін әйелге Алла қарамайды»

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Содан кейін:
Ақиқатында, ерлі-зайыптылық өмір Исламда маңызды орынға ие, өйткені Аллаһ Тағала былай деді ғой: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін, өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да – Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар» («әр-Рум» сүресі, 30: 21).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу хәлал етілді. Олар сендерге киім, сендер де оларға киімсіңдер» («әл-Бақара» сүресі, 2: 187).
Хафиз Ибн Кәсир: «Екі жанның арасында ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат пен сүйіспеншіліктен асқан ұлы махаббат пен сүйіспеншілік жоқ», – деді. Қз. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/275.
Алайда кейде ерлі-зайыптылардың өмірінде келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер болып тұрады, әрі мұның ең негізгі себебтерінің бірі – әйелдің күйеуіне қырсығуы мен бағынбауы. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «Ал сондай-ақ әйелдердің бағынбауынан қауіптенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға қарсы жол іздемеңдер» («ән-Ниса» сүресі, 4: 34).
Имам Ибн Қудама былай деген: “«Қырсықтық» (ән-нушуз) ұғымының мағынасы – бұл әйелдің Аллаһ оған күйеуіне қатысты міндеттеген мәселелерінде күйеуінің тілін алмауы” Қз.: “әл-Муғни” 8/163.
Аллаһтың қалауымен, бұл мақалада «әйелдің қырсықтығының» астарында әйелдің күйеуін тыңдамауы, оған бағынбауы, оған зиян, жәбірлер көрсетуі, оның қисық мінезі т.с.с. жөнінде сөз болмақ.
Өкінішке орай, мұсылман қыз-келіншектердің арасында әйелдің күйеуіне қатысты қырсықтығы – Исламдағы ауыр әрі үлкен күнәлардың қатарынан екенін білетіндер немесе ұғынатындар кемде-кем. Осы себептен имам әз-Зәһаби Исламдағы ауыр күнәларға арнаған өзінің танымал кітабында бұл күнәні қырық екінші орынға қойды. Қз.: “әл-Кәбаир” 124.
Әрбір мұсылман әйел өз мойнындағы күйеуінің қақыларын білуі және Ұлы Аллаһ оны осымен міндеттегенін түсіне отырып, күйеуіне тиесіліні беруі міндетті:  «Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Аллаһ бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар мал-мүліктерінен де пайдаландырады» («ән-Ниса» сүресі, 4: 34).
Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) осы аятқа қатысты былай деді: “Яғни еркектер – әйелдердің билеушілері (әмірлері), әрі  әйелдер оларға Аллаһ бұйырған нәрселерде мойынсұнады. Әйелдің күйеуіне бағынуы оның отбасына жақсы қарым-қатынас жасауын және мал-мүлкіне құнтты қарауын да қамтиды”. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 6/287, “Тафсир Ибн Аби Хатим” 3/939.
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Әйелдердің міндеттері сияқты хақтары да бар. Деседе,әйелдерден көрі ерлердің дәрежесі артық» («әл-Бақара» сүресі, 2: 228).
Мужаһид (Аллаһ оған разы болсын) «…әйелдерден көрі ерлердің дәрежесі артық» сөздері туралы былай деді: «Артықшылық Аллаһ артықшылық еткен жиһад, әйелдердің мұрасынан асатын мұраның үлесі және Аллаһ ер адамға әйел кісіден артықшылық берген т.б. нәрселерде» Қз.: “Тафсир әд-Дурр әл-мәнсур” 2/660.
Му’аз ибн Жәбалдің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер мен Аллаһтан өзгеге сәжде жасауды бұйыра алғанымда, әйелге күйеуінің алдына сәжде жасауын бұйырар едім. Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен ант етемін! Әйел адам күйеуінің алдындағы міндеттерін орындамайынша өзінің Раббысының алдындағы міндеттерін орындамайды. Және күйеуі оны тіпті ол ертоқымның үстінде отырғанда қаласа да, әйелі күйеуіне бұл нәрседе қарсы келмеуі керек» Ахмад 4/381, Ибн Мәжаһ 1853. Хадис хасан (жақсы). Қз.: «Сахих әл-Жәми’» 5295.
Әнастің (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Адам өзге адамның алдында еңкеюіне рұқсат жоқ. Бірақ егер адамға өзге адамның алдында еңкеюіне рұқсат етілгенде, мен күйеудің әйелдегі ұлы қақысы себепті әйелге күйеуінің алдында сәжде жасауын бұйырар едім! Егер күйеуі табанынан бастап басының төбесіне дейін іріңдеп жатса, ал әйелі осының барлығын жалай бастайтын болса да, ол күйеуіне тиесіліні бере алмас еді!» Ахмад 20/65, әл-Бәззар 8634. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1936.
«Егер мен Аллаһтан өзгеге әлдебіреуге сәжде жасауды бұйыра алғанымда, әйелге күйеуінің алдына сәжде жасауын бұйырар едім» (әт-Тирмизи 1159)   деген хадис жөнінде Шейх әл-Мубаракфури былай деді: «Мұның себебі күйеуінің әйелдегі қақыларының көптігінен және әйелдің күйеуіне толығымен ризалығын білдіре алмайтынында. Осы (мысалда) әйелдің күйеуіне бағыну міндеті ең жоғарғы дәрежеде баса айтылып отыр, себебі сәждені Аллаһтан басқа ешкімге жасауға рұқсат етілмеген!» Қз. “Тухфатул-әхуази” 4/323.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдындағы қақыларын орындаудан кейін, әйел кісі үшін күйеуінің қақыларынан асқан міндетті болған қақылар жоқ!» Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 32/260.
Әйел жақтан көрініс табатын кейбір қырсықтықтықтар
Қырсықтықтың кең жайылған түрлерінің қатарынан келесілерді айырып көрсетуге болады:
Күйеуін ол тыйым салған нәрселерде тыңдамау, мысалы, оның рұқсатынсыз үйден шығу; ол тыйым салған жерлерге немесе ол тыйым салған адамдарға бару немесе оларды үйге шақыру.
Аллаһ Тағала былай деді: «Үйлеріңде отырыңдар, әрі надандық дәурінде жасанатындай жасанбаңдар» («әл-Әхзаб» сүресі, 33: 33).
Хафиз Ибн Кәсир былай деді: «Әйелдер өз үйлерінде отырулары қажет және қажеттіліксіз сыртқа шықпаулары керек» Қз.: “Тафсир Ибн Кәсир” 3/631.
Міне, осы – бұл мәселедегі негіз болып табылады. Алайда әйелді үйден шығуға мәжбүр ететін немесе бұған күйеуінің рұқсаты талап етілмейтін, өйткені бұл оның ашуын туғызбайтын жағдайлар бұған жатпайды. Әйел кісілердің үйлерінен қажеттіліктеріне бола шыға алатынына Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен мына хадис дәлел болып табылады: “Бірде, мұсылман әйелдерге жамылғы жамылу парыз болып жүктелгеннен кейін, Сауда (Аллаһ оған разы болсын) қажеттілікпен үйден шықты. Ол ірі денелі әйел болатын, әрі Сауданы білетін адамға оны тану үшін жаулық кедергі емес еді. Умар ибн әл-Хаттаб оны көріп: “Я, Сауда, Аллаһтың атымен ант етемін, біз сізді танып қойдық, өзіңізді таныттырмай шығудың амалын ойластырсаңызшы», – деді. Сауда Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) менің үйімде кешкі асын ішіп, қолына ет-сүйек ұстап отырғанда қайтып оралды. Ол кірді де: «Уа, Аллаһтың Елшісі, Умар маған осылай және осылай деп айтты», – деді. Осыдан кейін Аллаһ уахи түсіре бастады, уахидің түсуі аяқталғанда сүйек әлі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолында еді, өйткені ол оны қойып үлгермеген болатын. Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):«Сендерге өз қажеттіліктеріңмен сыртқа шығуларыңа рұқсат етілді», – деді”. Әл-Бухари 4795, 5237.
Имам Ибн Бәттал былай деді: «Бұл хадисте әйелдерге ата-ананы, туысқандарды зиярат ету секілді, тағы сондай қажетті болған хәлал нәрселер үшін үйден шығуларына рұқсат етілгеніне дәлел бар» Қз.: “Шарх «Сахих» әл-Бухари” 7/364.
Алайда мұның рұқсат етілгендігі әйел адамның күйеуінен рұқсат сұрамауына және оны хабардар етпеуіне болады дегенге нұсқамайды! Әйел кісі өз үйінен күйеуінің рұқсатынсыз шықпауы керек екендігін білу керек. Айшаға (Аллаһ оған разы болсын)  жала жабылған кездегі оқиға жайлы айтылатын хадисте оның Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әке-шешеме баруыма рұқсат бересіз бе?», – деп сұрағаны айтылған. Әл-Бухари 4141, Муслим 2770.
Хафиз әл-Ирақи былай деді: “Айшаның «Әке-шешеме баруыма рұқсат бересіз бе?» деген сөздері әйелі күйеуінің рұқсатынсыз ата-анасына бара алмайтынын көрсетіп тұр”. Қз.: “Тарх ат-тасриб” 8/58.
Ибн Умардың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер әйелдерің түнде мешітке (намазға) жіберуді сұрайтын болса, оларға рұқсат беріңдер». Әл-Бухари 865, 5238.
Имам ән-Нәуауи осы хадисті айтып өткеннен кейін былай деді: “Бұл хадис әйел адам күйеуінің келісімінсіз оның үйінен шықпайтынына дәлел болады, өйткені бұл (әйелдің үйден шығуы) күйеудің рұқсатымен байланыстырылды. Әрі күйеуі әйеліне, тек қажеттілік болмаса: ол мейлі ата-ананы зиярат ету, олардың жаназасына бару т.с.с. болсын – үйден шығуға тыйым салуы керек”. Қз.: «әл-Мәжму’» 4/199.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Әйелге күйеуінің рұқсатынсыз үйінен шығуына рұқсат етілмейді. Және ешкімге оны алып кетіп, күйеуіне жібермей ұстауға: бұл оның емізулі, босанудың қарсаңында болуы т.с.с себепті болса да – рұқсат жоқ. Ал егер ол күйеуінің үйінен оның келісімінсіз шықса, онда ол жазаға лайықты қырсық, Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыңдамайтын әйел болып табылады”. Қз.: “Мәжму’ул-фатауа” 32/281.
Шейхул-Ислам сондай-ақ былай деді: «Егер ол (әйел) күйеуінің келісімінсіз оның үйінен шықса, онда күйеуінің мойнынан оны асырау міндеті түседі». Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 32/281.
Имам Ибн Қудама былай деді: «Әйел үйінен күйеуінің рұқсатынсыз шықпайды, алайда күйеуі оған ата-анасына барып тұруға тыйым салмауы керек, себебі бұл нәрседе туыстық қарым-қатынасты үзу бар!»Қз.: “әл-Муғни” 7/242.
Имам Мухаммад әл-Хатыб әш-Шәрбини былай деді: «Қырсықтық әйелдің күйеуінің үйінен оның рұқсатсынсыз шығуы арқылы көрініс табады. Бірақ өзінің қақыларын күйеуінен талап ету мақсатында сотқа бару үшін, әрі күйеуі оған (ақша) жұмсауға қабілетсіз болса, күнкөріс табу үшін, және егер күйеуі оған шариғи жауап бере алатын фақиһ болмайтын болса, пәтуа алу үшін шығатын кездерде емес». Қз.: «әл-Иқна’» 2/282.
Имам Ахмад күйеуі мен ауру анасы бар әйелге қатысты былай деді: «Күйеуіне бағыну анасына бағынудан гөрі міндетті, тек егер ол күйеуінен (анасын қарауға) рұқсат алатын жағдайдан бөлек». Қз. “Шарх Мунтаха әл-Ирадат” 3/47.
Ол сондай-ақ былай деді: «Ол күйеуін қалдырып кетуде әке-шешесіне бойұсынуға міндетті емес, тіпті оларды зиярат ету т.с.с. мәселелерде де, өйткені күйеуінің  әйеліндегі қақысы,  оның ата-анасының  қақысынан көбірек». Қз.: “әл-Инсаф” 8/362.
Қоштасу қажылығы кезінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендер өз әйелдеріңе қатысты олар сендер жақтырмайтын адамдардан ешкімді үйлеріңе кіргізбеуіне құқылысыңдар. Егер олар мұны істесе, онда оларды ұрыңдар, бірақ зақым тигізбеңдер». Муслим 1218.
Шынайы бағыну – бұл адамның өзіне ұнайтын нәрседе де, ұнамайтын нәрседе де бағынуы екенін білу керек. Себебі адам онсыз да сүйсініп орындайтын немесе онсыз да істейтін нәрседе бағыну шынайы бағынуға жатпайды. Осы сөздерге көрнекі мысал ретінде белгілі хадисті келтіруге болады: «Туысқандық қатынасты (үзбей) ұстаушы – бұл (өзіне қандай қатынас жасалса,) тура солай қайыратын адам емес; оны шынымен (үзбей) ұстаушы – бұл (өзгелер) онымен туыстық байланысты үзсе де, оны жалғайтын адам». Әл-Бухари 5991.
Ескерту:
Алдынғы тарауды қорытындылай келе, әйел кісі еріне өзінің қақыларын бұзбайтын барлық игі амалдарда бағынуға міндетті екендігі айқын болды. Алайда күйеуге бағыну және адамдардан кімге болсын бағыну, мейлі ол мұсылмандардың әмірі немесе ата-ана болса да, тек күнә және Аллаһқа мойынсұнбау емес нәрселерде ғана болуы мүмкін екенін білу керек! Али ибн Аби Талибтың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, бағыну тек құпталатын нәрседе ғана болуы мүмкін». Әл-Бухари 7145,  Муслим 184.
Имран ибн Хусайн мен әл-Хакам ибн Амрдың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Жаратушыға мойысұнбаушылықта жаратылғанға бағыну жоқ!»Ахмад 1/131, 5/66, әт-Табарани “әл-Кәбир” 18/165 және “әс-Сағир” 4/321. Хадистің сахихтығын (сенімділігін) имам әд-Дарақутни, хафиз Ибн ‘Абдул-Барр, шейх Ибн әл-Қайим, имам әш-Шәукани, шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: “әл-Исти’аб” 3/26, “И’ләм әл-мууакқи’ин” 1/58, “әс-Сәйл әл-жәрар” 2/55, «Сахих әл-жәми’» 7520.
Хафиз Ибн Хәжар былай деді: «Егер күйеуі әйелін  әлдебір күнәлі іске шақырса, ол оған қарсылық көрсетуі керек. Егер ол оны бұған күштейтін болса, онда күнә тек оның (күйеуінің) өзіне ғана». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 9/304.
Еріне оның көрсетіп жүрген  жақсылықтары үшін шүкірсіздік таныту
Мұндай нәрсе Аллаһтың үлкен мейіріміне ие болған әйелдерден басқа бүткіл әйелдердің ортақ әрі ең жаман сипаттарының бірі болып табылады.
Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндайтын: “Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған Тозақ көрсетілді де, оның көпшілік тұрғындары күпірлік танытқан әйелдер болып шықты», – деді. Одан: «Олар Аллаһқа күпірлік еткен бе?», – деп сұрады. Ол: «Олар өздерінің күйеулеріне қатысты күпірлік көрсететін. Егер сен  (сондай әйелдердің) қайсыбіреуіне ұзақ уақыт бойы жақсылық жасайтын болсаң, ал содан кейін ол сенен өзіне ұнамайтын бірдеме көрсе, міндетті түрде: «Мен сенен ешқашан еш жақсылық көрмедім!», – дейді», – деп жауап берді”. Әл-Бухари 29, Муслим 907.
«Күпірлік таныту» сөзі иман мәселелерімен байланысты күпірлікті емес, шүкіршілік білдірумен байланысты осыған қарама-қарсы (антоним) болған күпірлікті білдіреді.
Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами «Тозақ тұрғындарының көбісі – әйелдер…» деген хадис жайлы былай деді:«Мұның себебі – олар Аллаһқа, Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі бослын) және өздерінің күйеулеріне аз мойынсұнады, сондай-ақ үйден шығарда жиі әрленіп-сәрленіп, адамдарды азғыруға салады»Қз.: “әз-Зәуажир” 2/339.
Абдуллаһ ибн Амрдың (Аллаһ ол кісіге разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Өзінің күйеуіне тәуелді бола тұра, оған рахметін білдірмейтін әйелге Аллаһ қарамайды». Ән-Нәсаи “әл-Кубра” 9086, әл-Хаким 2/190, әл-Бәззар 2349. Хадистің сенімділігін имам Ибн Хазм, хафиз әз-Зәһаби, шейх әл-Әлбани және басқалар растаған. Қз.: “Сахих әт-Тарғиб” 1944, “әс-Силсилә әс-сахиха” 289.
Абдур-Рахман ибн Шибл (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, пасықтар – олар Тозақ тұрғындары!»Одан: «Я, Аллаһтың Елшісі, ал олар кімдер?», – деп сұрады. Ол: «Әйелдер», - деп жауап берді. Одан: «Я, Аллаһтың Елшісі, біздің аналарымыз, апа-қарындастарымыз бен әйелдеріміз – әйел кісілер емес пе?», – деп сұрады. Ол: «Әрине, алайда, сөз егер оларға берсең – рахмет айтпайтын, бастарына сынақ түссе – сабыр танытпайтын әйелдер туралы болуда!», – деп жауап берді”. Ахмад 24/291, әл-Хаким 4/604. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 3058.
Субхан-Аллаһ, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыдан бір мың төрт жүз жылдан астам уақыт бұрын айтқан бұл сипаттамаға дәлме-дәл түсетін әйелдер нендей көп!
Қалайша мұсылман әйелге Тозақ тұрғындарының қатарынан орын алмас үшін осы хадистерге ой жүгіртіп, осы жиіркенішті сипаттардан алшақтамасқа!
Ерімен жыныстық қатынасқа түсуден бас тарту
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер еркек әйелін төсекке шақырса, ал әйелі келмесе, және ер кісі түнді сол бойы әйеліне ашуланып өткізсе, періштелер оны таңға дейін қарғап шығады!» Ал Муслимнің келтірген нұсқасында былай делінген: «Және Көктегі (Аллаһ) оның күйеуі оған разы болмайынша, оған ашуланатын болады». Әл-Бухари 5193, Муслим 1436.
Тәлқ ибн Али (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім: «Егер ер адам өзінің қажетін қанағаттандыру үшін әйелін шақыратын болса, ол пештің алдында тұрған болса да жауап берсін»”. Әт-Тирмизи 1160, әл-Байһақи 7/292. Хадис  сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 1202.
Яғни әйелі не нәрсемен айналысып жатқаны: ол ас әзірлеп жатыр ма, үй ішін тазалап жатыр ма,  басқа да сол сияқты істермен айналысып жатыр ма – маңызды емес, ол өз шаруаларын тастап, бірден күйеуінің шақыруына жауап беруі керек.
Зайд ибн Арқаманың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер еркек өзінің әйелін шақырса, әйелі сол мезетте тіпті ертоқымның үстінде отырған болса да, жауап беруі керек». Әл-Бәззар 155. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 1203.
Бұл хадис егер күйеуі әйелін қаласа, әйеліне оны қанағаттандыру міндетті екеніне қатаң түрде нұсқайды. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны тіпті осындай жағдайда да күйеуінің қалауына жауап берумен міндеттеген болса, демек басқа жағдайларда ол (әйелі) тіптен оған жауап қайыруға тиіс!
Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: “Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Кәзір!», – дейтіндерді лағынеттеді”. Осы хадистің жеткізушісі – Мухаммад ибн Хумайд былай деді: “Бұл – белгілі бір адам өз әйелін шақырғанда, ол (сылтауратып): «Кәзір, кәзір», – дегенге қатысты”.Әл-Хатыб 11/220. Иснады сенімді.
Шейхул-Ислам Ибн Таймиядан егер әйелі күйеуімен жақындықтан бас тартса, күйеуі әйеліне байланысты қандай міндеті бар болатыны жайлы сұрағанда, ол: «Оған (әйеліне) күйеуіне қатысты қырсықтық танытуына рұқсат жоқ, оған күйеуімен жыныстық қатынастан бұлтаруына тыйым салынған. Ал егер ол одан алшақтап (қашқақтап) осынысында қасарысуын жалғастырса, егер ол мойынсұнбауында табандылық көрсетсе, күйеуі оны ұра алады. Әрі күйеуі оны қалағанда, одан қашқақтауына болмайды. Оған қоса, ол мұнысымен Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнбаған болады!» Қз.: “Мәжму‘ул-фәтауа” 32/278.
Күйеуіне нашар қарым-қатынас жасау, оны қорлау және оған зәбір көрсету
Бұл жерде сөз әйел кісі күйеуінің ашуын келтіретіндей және оған ауыр тиетіндей қылықтар көрсететін немесе сондай мәнерде сөйлейтін кездер туралы болуда. Бұған сондай-ақ күйеуінің туысқандарына қақысыз жәбір көрсету де жатады.
Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй, мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың хәлал емес. Және бергендеріңнің бір бөлігін алып қалу үшін оларға бөгет жасамаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе – басқа» («ән-Ниса» сүресі, 4:19).
Сәлафтар «Бірақ олар ашық арсыздық істесе – басқа» сөздеріне қатысты келіспеушілікте болған. Олардың бір тобы (бұл аятта) әйелдің зина жасауы туралы сөз болып тұр деген, ал басқалары әңгіме әйел тыңдамайтын қатынға айналған кез туралы болуда деген. Имам Ибн Жарир әт-Табари осы турасындағы барлық пікірлерді келтіргеннен кейін былай деді: «Аяттың мағынасы: Әй, мүминдер, сендерге махрдың (бір) бөлігін өздеріңде қалдыру үшін әйелдерге қатысты  оларға ауыртпашылықтар артып, әдет-ғұрыпқа сай азық пен киім-кешек алуларына тыйым салу арқылы қиындықтар (кедергілер) тудыруларыңа болмайды. Бұған кірмейтін жағдай – олар зина түріндегі ашық арсыздық жасаса, немесе сендерге азаптар шектіріп, сендерге қатысты міндеттеріне қарсы келетін болса. Мұндай жағдайда, берген махрларыңның бір бөлігін алып қою үшін, оларға кедергілер келтіріп, қиындықтар жасауларыңа рұқсат етіледі». Қз.: “Тафсир әт-Табари” 6/533.
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Оларды үйлерінен қуып шығармаңдар, әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе, ол басқа» («әт-Таләқ» сүресі, 65: 1).
Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Ашық арсыздық – бұл әйелдің өз күйеуінің отбасы мүшелеріне зиян тигізуі. Әрі егер әйел оларға тілімен зиян тигізсе, онда оларға оны шығарып жіберуіне рұқсат етіледі». Қз.: “Тафсир ‘Абдур-Раззақ” 11021, “Тафсир әт-Табари” 23/34.
Ибн Аббас сондай-ақ былай деді: «Әйелдің мойынсұнуына сондай-ақ күйеуінің жанұясына жақсы қарым-қатынас жасауы және оның мал-мүлкіне құнтты қарау да жатады». Қз.: “Тафсир әт-Табари” 6/287, “Тафсир Ибн Аби Хатим” 3/939.
Са’ид ибн Абдул-’Азиз былай баяндайтын: «Бірде Абу әд-Дарда (Аллаһ оған разы болсын) ащы тілді әйелге: “Егер сен мылқау болғаныңда, бұл сен үшін жақсырақ болатын еді!», – деді”. Қз.: “әл-Ғая уә-ннихая” 174.
Күйеуінің жоқтығында оған опасыздық жасау
Аллаһ Тағала былай деді: «Ал енді ізгі әйелдер – бой ұсынушылар, күйеулері жоқ кездерде Аллаһтың қамқорлығының арқасында  қоруға бұйырылған нәрселерді (абыройын) қорғаушылар» («ән-Ниса» сүресі, 4: 34).
Имам әс-Судди бұл аят туралы былай деді: «Олар күйеулері жоқ кездерінде олардың дүние-мүлкіне бас-көз болады және Аллаһ бұйырғандай, ар-абыройын қорғайды». Қз.: “Тафсир әт-Табари” 6/692.
Муқатил былай деді: «Мұндай әйелдер күйеулері жоқта жыныстық мүшелерін сақтайды және олардың жоғында опасыздық етпейді». Қз.: “Тафсир Ибн Аби Хатим” 3/941.
Абдуллаһ ибн Сәлам (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндайтын: “Бірде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақсы әйелдер туралы сұрақ қойылған болатын, әрі ол: «Әйелдердің ең жақсысы – қараған кезіңде сені қуанышқа бөлейтін, бұйырғаныңда саған бағынатын, сенің жоқтығыңда өзін және мал-мүлкіңді күтіп-қорғайтын әйел», – деді”. Әт-Табарани “әл-Кәбир” 3/276, әд-Дыя “әл-Мухтара” 1/180. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 3299.
Фәдалә ибн Убайд (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Үшеу туралы тіпті сұрама! Бұлар – мұсылман жамағатын тастап, өзінің имамына құлақ салмай, мойынсұнбаған күйінде өлген адам. Өзінің қожайынынан қашып, сол күйі қайтыс болып кеткен күң немесе құл. Және күйеуі оған жетерліктей азық-түлік тастап, өзі (басқа жаққа) кеткен (кезде) сұлулығын паш етіп көрсететін әйел. Олар туралы тіпті сұрама!»Ахмад 6/19, әл-Хаким 1/119. Хадис сахих (сенімді). Қз. «Сахих әл-жәми’» 3058.
Имам әл-Мунауи «Үшеу туралы тіпті сұрама» сөздері туралы: «Яғни олар опат болғандар (құрығандар) қатарынан», – деді. Қз.: “Фәйдул-Қадир” 3521.
Абдуллаһ ибн Амр мен Фәдалә ибн Убайд деген сахабалар (Аллаһ оларға разы болсын) былай дейтін: «Үш нәрсе бақытсыздық (сор) болып табылады! Жақсылық жасасаң – алғыс білдірмейтін,  жаман етсең – кешірмейтін әділетсіз патша. Игілігіңді көрсе – оны жасыратын, ал жамандығыңды көрсе – оны жариялайтын жаман көрші. Және онымен бірге болған кезіңде ашуыңды келтіретін, әрі жоқ кезіңде саған опасыздық жасайтын нашар әйел». Ибн Аби Шәйба 5/347, Уақи’ “әз-Зуһд” 457.
Орынды себепсіз ажырасуды талап ету
Саубанның (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Қандай әйел орынды себепсіз күйеуінен талақ сұрамасын, ол үшін Жәннаттың иісі харам болады!» Ахмад 5/277, Абу Дауд 2226, әт-Тирмизи 1187, Ибн Мәжаһ 2055. Хадистің (сахихтығын) сенімділігін имам әт-Тирмизи, имам Ибн Хузайма, имам Ибн әл-Жәруд пен шейх әл-Әлбани растады. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 9/403, “Ируаул-ғалил” 2035.
Имам Ибн Қудама былай деді: «Бұл хадис қажетсіз талақ сұраудың тыйым салынғандығына нұсқайды, өйткені бұда әйелдің өзі үшін де, күйеуі үшін де зиян бар, сондай-ақ бұл некені қажеттіліксіз пайдасынан құр қалдырады». Қз.: “әл-Муғни” 8/177.
Имам әш-Шәукани былай деді: «Бұл хадисте әйелдің күйеуінен талақ сұрауына қатаң түрде тыйым салынғанына нұсқау бар! Өйткені кім Жәннаттың иісін сезбесе, сол , демек, Оған кірмейді емес пе!?». Қз.: “Нәйлюл-әутар” 12/371.
Уқба ибн Амир мен Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ажырасу мен айырылысуды талап ететін әйелдер екіжүзділер болып табылады». Ән-Нәсаи 3461, әт-Табарани “әл-Кәбир” 17/339. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1938.
Бұл хадисте «әл-хуль’» деп аталатын әйел тарапынан күйеуіне төлеммен ажырасудың түрі туралы сөз болуда.
Имам әл-Мунауи былай деді: «Мұндай әйелдердің екіжүзділікпен сипатталғандығының себебі – (әйелдерді) осындайды істеуден қорқыту және сақтандыру үшін. Әйел кісіге күйеумен қастасу,  күйеуінің діни немесе дүниелік нашар сипаты мен мінез-құлқы себебінен оны жек көру, оның кейбір қақыларын орындамау қауіпі сияқты себептер болмаса, одан  хуль’ сұрауы айыпталады». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 2/432.
Осылайша, әйел кісі орынды себепсіз күйеунен ажырасудың кез келген түрін: мейлі ол талақ, мейлі хуль` болсын – талап етуге құқықы жоқ. Алайда егер бұған орынды себеп болатын болса, онда бұда тыйым салынған еш нәрсе жоқ, бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Бірақ екеуі де Аллаһтыңшегін орындай алмаудан қорықса және сендер де екеуінің Аллаһтың шегін орындай алмауынанқауіптенсеңдер, онда әйелдің ерінен ажырасуды сатып алуында екеуіне де күнә жоқ» («әл-Бақара» сүресі 2: 229).
Қырсық-қыңыр әйелді түзетудің тәсілдері
Насихат айту
Қырсық-қыңыр әйелді қалай тәрбиелеу керек екендігі туралы Аллаһ Тағаланың Өзі былай деп нұсқаған: «Ал бағынбаушылық танытуларынан қауіптенетін әйелдерге насихат айтыңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға қарсы бір жол іздемеңдер» («ән-Ниса» сүресі, 4: 34).
Бұл аятта қырсық әйелді қалай тәрбиелеу керектігінің реті көрсетілген. Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) осы аяттың түсіндірмесіне былай деді: «Өзінің күйеуінің қақыларын елемей бастаған әйел туралы сөз болуда. Аллаһ (оның еріне) оған Аллаһты және өзінің әйеліндегі қақысын  еске салу арқылы оған насихат айтуды бұйырды. Әрі егер ол мұны қабылдамаса, онда оның төсегін бөлек етіп, сөйлеспей қою керек, себебі бұл ол (әйел) үшін салмақты сабақ болмақ. Ал егер бұл да көмектеспесе, онда оны ұру керек, бірақ (ұрғанда да) оған зақым тимейтіндей, оның еш жерін сындырмайтындай және денесінде із қалдырмайтындай (ұру керек)». Әт-Табари 6/986, Әл-Бәйһақи 7/303.
Егер әйел бәрін бір айтқаннан-ақ түсінетін болса, және оған жәй насихат айтудың өзі жеткілікті болатын болса, онда бірден оны төсектен ажырата салуға болмайды, ал ұру тіптен де!
Имам Мухаммад әл-Хатыб әш-Шәрбини Аллаһтың насихат жайлы айтқан Сөздері турасында былай деді:“Мысалы, оған: «Менің алдымдағы өз міндеттеріңе қатысты Аллаһтан қорық. Жазадан сақтан», – деп айту керек. Сонымен бірге оны бірден (төсекте жалғыз) тастап қоймау немесе ұрмау керек, қайта оған оның қырсықтығы (бойбермеушілігі) оны напәқадан және оны мен өзге әйелдердің арасында түндерді бөлісуден құр қалдыратынын түсіндіріп беру керек. Мүмкін, ол қайта ойланып, істеген ісіне тәубе етер”.Қз.: «әл-Иқна’» 2/281.
Көптеген мұсылман отбасылары жанұядағы ұрыс пен түсініспеушілікті реттеудің насихат айту, өзара сөйлесу т.с.с. мұндай әдісіне жүгінбейді. Себебі «насихат» және «әңгімелесу» тәсілдері – ең ұтымдысы, әсіресе, егер осыған қолайлы сәт таңдалса. Ал ерлі-зайыптылар өзара сөйлесуді және өзара түсінісуді тастаған кездерінде, проблемалар басталады. Күйеуіне әйелімен сөйлесіп, оның сабасына келуіне жетуге ұмтылу керектігінің мысалы ретінде Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен белгілі хадисті келтіруге болады, ол былай былай баяндайтын: “Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған: «Расында, мен сенің маған қашан разы болатыныңды  әрі қашан ренжитініңді білемін», – деді. Мен: «Сіз мұны қайдан білесіз?», – деп сұрадым. Ол: «Сен маған разы кезіңде: “Жоқ, Мухаммадтың Раббысымен ант етемін”, – дейсің, ал ренжігеніңде: “Жоқ, Ибраһимнің Раббысымен ант етемін”, – дейсің», – деп жауап берді. Мен былай дедім: «Иә, бірақ Аллаһтың атымен ант етемін, уа, Аллаһтың елшісі, мен сіздің есіміңізден басқа еш нәрсе өзгертпеймін»”.  Әл-Бухари 5228, Муслим 7/134.
Имам Ибн әл-Мунайр былай деді: «Айшаның сөзінің мағынасы ол (өкпелеген кезінде) өз антында тек оның атын ғана қалдыратынында, ал оның жүрегі ардақты және оны жақсы көретін Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) байланған болатын». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 10/324.
Ибн Хәжар «Мен сенің маған қашан разы болатыныңды әрі  қашан ренжитініңді білемін» сөздері туралы былай деді: «Бұдан ер кісіге әйелі қашан оған көңілі тартатынын, ал қашан олай болмайтынын көрсететін қылықтары мен сөздерін зерттеу керектігі келіп шығады». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 10/324.
Әйелдің отбасына, олар оған ықпал етіп, кикілжіңді реттеулері үшін жүгіну
Егер күйеуінің ешқандай насихаты жемісін бермесе, әрі олардың бірін-бірі түсінісуі төзгісіз бола бастаса, Аллаһ Тағаланың былай деп айтқан бұйырығына жүгіну керек:  «Егерде екеуінің арасындағы араздықтан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ оларға көмектеседі. Күдіксіз, Аллаһ толық Білуші, Хабардар»(«ән-Ниса» сүресі,  4: 35).
Имам әш-Шәфи’и былай деді: «Егер ерлі-зайыптылар араларындағы араздықтың себебінен әмірге дейін баратын болса, онда басшы ерінің жақындарынан және әйелінің жақындарынан төрешіге адам жіберуі керек». Қз.: “әл-Умм” 5/208.
Имам әл-Мәуарди былай деді: «Ерлі-зайыптылар арасындағы араздық әйелінің күйеуіне бойбермеуінен және оның қақыларын орындауды тастаудың себебінен болуы мүмкін. Сондай-ақ күйеуінің жағынан да, ол әйелін ойға қонымды шарттармен (ажыраспай) ұстап қалудан немесе оны жақсылықпен жіберуден бас тартуы себебінен болуы мүмкін». Қз. “әл-Хауи” 9/601.
Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) бұл аятқа қатысты былай деген: «Сөз қарым-қатынастары бұзылған ерлі-зайыптар туралы болуда. Бұл жағдайда Аллаһ олардың қайсысы кінәлі екеніне қараулары үшін, ерінің отбасынан салиқалы адамды және әйелдің отбасынан салиқалы адамды шақыруды бұйырды. Егер күйеуі кінәлі болса, онда оның әйелін одан ұстайтын болады және оның оған ақша жұмсауын кемітеді. Егер әйелі кінәлі болса, онда оны күйеуінен ұстап тұрады әрі ол оны асырамайды. Егер де олардың пікірлері оларды ажыратуға немесе татуластыруға түйісетін болса, онда (олардың қарауларына қарай) бұл  рұқсат етіледі». Қз.: “Тафсир әт-Табари” 8/325.
Шейх Ибн Усаймин былай деді: “(Қырсық әйелді) түзетүдің Аллаһ Тағала айтып өткен тағы бір жолы бар:«Егерде екеуінің арасындағы араздықтан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер», – яғни ерінің туысқаны және әйелінің туысқаны. Бұл өте маңызды жайт, себебі Аллаһтың үндеуі бүкіл үмметке қатысты айтылған, себебі бүкіл үммет өзара тартысуға түскен бұл ерлі-зайыптылар үшін жауапты. Ислам адамдар арасында жанжалдардың болуын құптамайды. Бұл төрешілер шариғаттың үкімдерін, (ерлі-зайыптының) жағдайын білетін болуы, оларда тәжірибе болуы, және олар сенімді болуы  шарт…
Бұл төрешілерге өз жағын және өз туысының жағын  қорғап, тіресуіне болмайды! Әрі егер олар осылай істейтін болса, онда ерлі-зайыптының  арасында татуласу болмайды…
Ал егер олар татуласуды қалайтын болса, Аллаһ олардың шешімдерін бірдей ету арқылы оларға  бағыт көрсетіп, көмектеседі, әрі жұбайлар да некелерін сақтап қалады, өйткені Аллаһ ерлі-зайыптыларды жауласудан кейін татуластырады”. Қз.: «Шарх әл-Мумти’» 12/446-447.
Ал егер ерлі-зайыптылардың туысқандары болмаса, немесе олар мұсылман емес немесе шариғи тұрғыдан жәһил (надан), білімсіз кісілер болатын болса, онда мұны кез-келген мұсылмандар: достары болсын, жергілікті білімді адамдар, т.с.с. атқара алады. Имам Ибн Қудама былай деді: “Дұрысырағы – бұл төрешілер ерлі-зайыптының жақындарынан болғаны, бұны Аллаһ Тағала айтып өткендей, өйкені олар өз туысқандарына жанашырлау және олардың жағдайын жақсырақ біледі. Бірақ егер бұл төрешілер олардың жақындарынан болмаса да рұқсат етілген, себебі туыстық байланыс шешім шығару мен өкілеттілікте шарт болып табылмайды”. Қз.: “әл-Муғни” 8/167.
Әйелімен (төсекте) жақындасуды қалдыру
Аллаһ Тағала былай деді: «Ал сондай-ақ әйелдердің бағынбауынан қауіптенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға қарсы жол іздемеңдер» («ән-Ниса» сүресі, 4: 34).
Егер әйелмен сөйлесулер және оған насихат айту ешқандай ықпал жасамаса, онда келесі тәсілге көшу керек, ол – оны төсекте тастап қою. Ибн Аббас «оларды төсектеріңде тастап қойыңдар» деген аят туралы былай деді: «Күйеуі әйелімен бір керуетте (жатады), бірақ ол онымен жыныстық қатынасқа түспейді».Қз.: “әт-Таудых” 25/37.
Ол сондай-ақ былай деді: «Одан төсекте алшақтап, сөйлеспеу керек, себебі бұл ол үшін салмақты сабақ». Әт-Табари 6/986, әл-Бәйһақи 7/303.
Шейх Ибн Усаймин былай деді: «Әйелімен төсекті тастау үш түрлі болады. Біріншісі: мүлде оның бөлмесінде ұйықтамау. Бұл ең қатаң түрі. Екіншісі: онымен бір керуетте ұйықтамау, бұл біріншісіне қарағанда жеңілірек. Және үшіншісі: онымен бір керуетте ұйықтау, бірақ оған теріс қарап бұрылып жатып алу. Бұл ең жеңіл түрі». Қз.: «Шарх әл-Мумти’» 12/442.
Алайда ғибрат болу үшін әйелмен жыныстық қатынасты тастау тәсілі оңды нәтиже бермейтін жағдайлар да болады, әсіресе, егер еркектің бір ғана әйелі болатын болса. Хафиз Ибн Хәжар «Егер еркек әйелін төсекке шақырса, ал әйелі келмесе, және ер кісі түнді сол бойы әйеліне ашуланып өткізсе, періштелер оны таңға дейін лағнеттейтін болады!» деген хадистен алынатын пайдаларға қатысты: «Еркектің жыныстық қатынастан өзін-өзі тыюдағы төзімділігі әйелдің төзімділіген гөрі әлсіз», - деді. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 11/625.
Бойкот жариялау
Әйелді тәрбелеу үшін оған бойкот жариялауға келер болсақ, бұл да – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірнеше рет қолданған күшті әдіс болып табылады. Әнас (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің әйелдеріне бір ай жоламауға ант етті, әрі ол өзінің бөлмесінде тұрып жатты». Әл-Бухари 1911, 5201.
Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Бірде күндіз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері жылап жатты да, олардың әрқайсысының қасында туыстары болды. Мен мешітке бардым да, онда адамдар лық толы екенін көрдім. Одан кейін Умар ибн әл-Хаттаб өзінің бөлмесінде болған Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көтерілді. Ол сәлем беріп еді, бірақ оған ешкім жауап бермеді, осылай бірнеше рет қайталанды. Одан соң Умар  шақырылды да, ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кірісімен: «Сіз әйелдеріңізбен ажырастыңыз ба?», – деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, бірақтан мен оларды бір айға тастап қойдым», – деп жауап берді”. Әл-Бухари 5203.
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай баян ететін: «Бірде Сафияның мініп келе жатқан түйесі әлсіреп қалды, ал Зәйнабта артық мініс жануары болатын. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Зәйнабқа: «Оған түйе бер», – деді. Ол: «Мен бұл яһуди әйелге берейін бе?!», – деп жауап берді. Осы үшін Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған ашуланып, онымен бүкіл зул-хижжа, мухаррам айлары мен сафар айының бір бөлігі бойы сөйлеспей қойды”. Абу Дауд 4602. Хадис хасан. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 2835.
Му’ауия ибн Хайда (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Бірде мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, біздің әрқайсымызда әйелдеріміздің қандай қақылары бар?», – деп сұрадым. Ол: «Егер өзің тамақтансаң, оны (да) тамақтандыруың керек, өзің киінсең, оны (да) киіндіруің керексің, және оны бетінен ұрмауың керек әрі жаман сөздер айтпауың керек. Әрі сен оны үйдің ішінде болмаса, тастап қоймауың керек», – деді”. Абу Дауд 2142, Ибн Мәжаһ 1850. Имам ән-Нәуауи және шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растаған.
Шейх Ибн Усаймин «сен оны үйдің ішінде болмаса, тастап қоймауың керек» деген хадис туралы былай деді: «Егер әйеліңнен бет бұруға себеп бар болса, онда әйеліңді бойкоттап жатқаныңды адамдарға көрсетіп, жария етіп жасамауың керек. Оны өз үйіңнің ішінде бойкот жаса, өйткені сен бүгін онымен араласпасаң да, ертең татуласасып кетуілерің мүмкін, сонда сендердің жағдайларың адамдардан жасырын күйі қалады. Алайда егер сен жағдайларыңды жая бастағанда және бұл туралы адамдарға айта бастағаныңда, бұл адамдар арасында тарап кетсе, қателік болады. Сондықтан, одан үйдің ішішде өзіңді шеттет» Қз.: “Шарх «Рияд әс-салихин»” 3/132.
Ғалымдар бойбермейтін қырсық әйелге бойкот жариялауға қатысты «оған барып-тұрмай толық тастап кетуге болады ма, әлде одан тек үйдің қабырғаларының ішінде ғана онымен сөйлеспеу т.с.с. түрде бет бұруға болады ма?» деген мәселеде келіспеушілікте болған. Қырсық әйелді, оған бармай тастап қоюды рұқсат ететіндер Әнастан жеткен хадиске сүйенген. Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің әйелдеріне бір ай бойы бармағаны және кіріп-шықпағаны айтылған. Сондықтан имам әл-Бухари өзінің Сахихында осы хадистерді келтірген тарауды келесідей атады: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін қалай тастап қойғандығы және олардың үйлерінде түнемегендігі туралы тарау»
Басқа ғалымдар болса, Му’ауиядан жеткен хадиске сүйенген; онда әйелді үйдің ішінде ғана тастап қоюға болатындығы туралы айтылған. Имам Ибн әл-Мунайр бұл пікірді теріске шығарып, үй ішінде де, үйден тыс та қалдыруға болады деп айтқан. Алайда бұл хадистерді біріктіруге, және келетін пайдаға әрі қырсық әйелді түзеуге қайсысы тиімді ықпал ететініне қарай олардың біреуіне сүйенуге болады. Хафиз Ибн Хәжар былай деді: «Ақиқат – (қырсық әйелге бойкот жариялау) жағдайға қарай өзгешеленетінінде. Мүмкін, үй ішінде жүріп бет бұру үйден кетіп қалудан әсерлірек болар, әрі мүлде керісінше де болуы мүмкін. Мұның үстіне, жиі жағдайда үйде жүріп тастап қою көбірек азап шектіреді, әсіресе, бұл әйелдерге қатысты, өйткені олардың жаны нәзік (әлсіз) болады. Ғалымдардың көпшілігі оларға кіріп-шығуды және қастарында болуды доғару туралы сөз болуда деп есептеген, бұған аяттың сыртқы мағынасы нұсқайтындай, себебі қашқақтау – бұл алшақтау. Сондай-ақ мұның сыртқы мағынасы онымен жыныстық қатынаста болмауда. Сондай-ақ «мұның мағынасы онымен бір керуетте жатып, бірақ одан теріс қарап ұйықтау» деп те айтылған. Сондай-ақ «ол әйелімен жыныстық қатынасқа түседі, бірақ онымен сөйлеспейді»  деп те айтылған». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 9/301.
Егер күйеуі қырсық әйелін тәрбиелеу мақсатында онымен сөйлеспей жүрсе де, бәрібір ол оның сәлеміне, т.с.с. маңызды сұрақтарына жауап беруі керек.
Оның қажеттіліктеріне (ақша) жұмсамау
Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың хәлал емес. Және бергендеріңнің бір бөлігін алып қалу үшін оларға бөгет жасамаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе – басқа» («ән-Ниса» сүресі, 4: 19).
Имам Ибн Жәрир әт-Табари былай деді: «Аяттың мағынасы: Әй, мүминдер, сендерге махрдың (бір) бөлігін өздеріңде қалдыру үшін әйелдерге қатысты  оларға ауыртпашылықтар артып, әдет-ғұрыпқа сай азық пен киім-кешек алуларына тыйым салу арқылы қиындықтар (кедергілер) тудыруларыңа болмайды. Бұған кірмейтін жағдай – олар зина түріндегі ашық арсыздық жасаса, немесе сендерге азаптар шектіріп, сендерге қатысты міндеттеріне қарсы келетін болса. Мұндай жағдайда, берген махрларыңның бір бөлігін алып қою үшін, оларға кедергілер келтіріп, қиындықтар жасауларыңа рұқсат етіледі». Қз.: “Тафсир әт-Табари” 6/533.
Имам әс-Сархаси: «Бой бермейтін қырсық әйелге ақша жұмсау жоқ», – деген. Қз.: “әл-Мәбсут” 5/186.
Имам Мухаммад әл-Хатыб әш-Шәрбини былай деді: «Оның қырсықтығы оны қамтамасыз етуден және оны мен басқа әйелдің арасында түндерді бөлісуден құр қалдыратынын айтып-түсіндіру керек. Мүмкін, ол қайта ойланып, істеген ісіне тәубе етер». Қз.: «әл-Иқна’» 2/281.
Ұру
Ал егер барлық аталған тәсілдер ойдағыдай нәтиже бермесе және әйелдің қырсықтығын (бірбеткейлігін) өзгертпесе, онда соңғы әдіске көшуге болады, ал бұл – әйелді ұру. Бұл тәсіл Құран мен Сүннетте рұқсат етілген. Бірақ осы жерде маңызды түсіндірмелер беру керек! Біріншіден, әйелді ұру оған зақым тигізбеуі керек, ол туралы хадисте айтылғандай: «Сендер өз әйелдеріңе қатысты олар сендер жақтырмайтын адамды үйлеріңе кіргізбеуіне құқылысыңдар. Егер олар мұны істесе, онда оларды, зақым тигізбей, ұрыңдар». Муслим 1218.
Бұған қоса, беттен ұруға тыйым салынады, себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):«Егер сендерден біреу ұратын болса, беттен ұрудан сақтансын!», – деген. Муслим 2612.
Хафиз Ибн Хәжар былай дейтін: “Беттен ұруға қатысты тыйымға кез-келген ұру жатады: ол мейлі жазалау (хадд), сабақ болу немесе тәрбиелеу себебінен болса да. Абу Дауд зина жасап қойған әйел туралы хадисті келтіреді, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны таспен атқылауды бұйырғанда: «Оны атқылаңдар, бірақ бетінен сақтаныңдар!», – деді. Және егер бұл үкім тіпті өлімге қиылған адамға жүрсе, онда басқасының барлығы бұған тіптен кіреді!” Қз.: “Фәтхул-Бәри” 5/216.
Екіншіден, ұру – соңғы тәсіл, әрі ол шариғи құқықпен рұқсат етілетін жағдайда ғана іске асырылатын ерекшелік! Имам Ибн Жәрир әт-Табари былай дейтін: “Дұрысы – заңды жағдай болмаса, адамдар арасында ешкімге әлдебіреуді ұруға немесе зиян тигізуге болмайды деген пікір! Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды» («әл-Ахзаб» сүресі, 33: 58). Әрі бұл жерде кімді ұрып жатыр: ол күйеуі ұратын әйел болсын; немесе иесі ұрып жатқан күң мен құл болсын; немесе ата-анасы ұрып жатқан бала болсын – мұның айырмашылығы жоқ”. Қз.: “Тахзиб әл-асар” 1/418.
Үшіншіден, әйелдерін ұратын ерлерден оларды ұрмайтындар жақсырақ. Ийяс ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Бірде Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:«Аллаһтың күңдерін ұрмаңдар!», – ал біраз уақыттан кейін Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Умар келді де: «Әйелдер тым есіріп кетті», – деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды ұруға қайтадан рұқсат берді. Осыдан соң көптеген әйелдер күйеулерінің үстінен шағым айтып, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерін қоршап алды, сонда ол былай деді: «Мухаммадтың үйінің  әйелдеріне көптеген әйелдер ерлерінің үстінен шағымданып келді, олар (ерлер) – сендердің араларыңдағы ең жақсыларыңа жатпайтындар!»” Абу Дауд 2146. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 5137.
Имам әш-Шәфи’и бұл хадис туралы былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кешірімді рұқсат еткендей, ұруды да рұқсат етті, ал содан соң ұруды қалдыру абзал екенін хабарлады». Қз.: “әл-Умм” 5/112.
Ал тәрбие ісінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кеңесіне құлақ салып, ұрудың орнына қорқытуды пайдалану абзалырақ болады. Ибн Аббастың сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Қамшыны отбасы мүшелері көре алатын жерге іліп қойыңдар, себебі бұл оларды тәртіпке үйретуде әсерлірек». Әт-Табарани 10/344-345. Хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани хадисті жақсы деп атады. Қз.: “Мәжма’у-ззауаид” 8/106, “әс-Силсилә әс-сахиха” № 1447.
Имам Ибн әл-Анбари былай деді: «Бұны (қамшыны) сабау үшін қолдану еш тұспалданбады, себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешкімге мұны істеуді бұйырмаған. Бірақ хадистің мән-мағынасы отбасын үнемі тәртіпке үйретіп отыруда». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 4/325.
Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім біреуді әділетсіздікпен қамшымен соққан болса, Қиямет Күні оған тура сондай жаза болмақ!» Әт-Табарани “әл-Аусат” 1445. Хадис хасан (жақсы). Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 2291.
Имам Ибн әл-Жәузи былай деді: “Адам біліп жүрсін, кімге қорқытып үркіту пайда әкелмесе, оны қамшы да ұстамайды. Мүмкін, ұруға қарағанда жұмсақтық үлкен пайда әкелер. Ақиқатында, ұру бірбеткей жүректің қырсықтығын одан сайын арттырады,  ал хадисте былай делінген: «Сендердің кейбіреулерің әйелдерін құлдарды ұрғандай ұрып-сабап, ал күн батқанда, сірә, олармен төсекке жатар». Әл-Бухари 4942, Муслим 2855. Осы себепті егер бұл көмектессе, жұмсақтық таныту бастапқырақ (амал)”. Қз.: “Әхкам ән-ниса” 82.
Қырсық әйелдің кесірінен Аллаһқа дұға ету
Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Аллаһ, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын»”. Әт-Табарани «әд-Ду’а» 3/1425. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 3137.
اللَّهُمَّ إنِّي أّعُوذُ بِكَ مِنْ جَارِ السُّوءِ، وَمِنْ زَوْجٍ تُشَيِّبُنِي قَبْلَ المَشِيبِ، وَمِنْ وَلَدٍ يَكُونُ عَليَّ رَبّاً، وَمِنْ مَالٍ يَكُونُ عَلَيَّ عَذَابَاً، وَمِنْ خَلِيْلٍ مَاكِرٍ عَيْنُهُ تَرَانِي، وَقَلْبُهُ يَرْعَانِي؛ إِنْ رَأَى حَسَنَةً دَفَنَهَا، وَإِذَا رَأَى سَيِّئَةً أَذَاعَهَا
/Аллахумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа/.
Әйелдерге күйеулеріне игі қатынас жасау туралы насихат
Аллаһ Тағала былай деді: «Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Аллаһ бірін- бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар малдарынан да пайдаландырады («ән-Ниса» сүресі, 4: 34).
Шейх Ибн әл-Жәузи былай деді: «Егер салиқалы ер әйеліне сөгіс білдіре бастаса, ақылды әйел оның разылығына жету үшін және оған зиян болып жатқан нәрседен алшақтау үшін ынта-жігер танытуы керек. Себебі егер әйел өзінің күйеуіне зиян ете бастаса немесе оған ұнамайтын әрекет істей бастаса, бұл оның жүрегіне абыржу салады, әрі ыңғайлы сәті түскенде ол оны тастап кетуі немесе оны басқамен алмастыруы мүмкін». Қз.: “Әхкам ән-ниса” 69.
Күмәнсіз, күйеу әйелін бағып-асырауға міндетті. Тіпті егер әйел оның жақындарымен бірге тұруды қаламаса, ол оны бөлек баспанамен қамтамасыз етуі керек. Имам әл-Касани былай деді: «Егер күйеуі әйелі онымен бірге оның отбасымен, мысалы, анасы, қызы әлде тағы біреумен тұруды қаласа, ал әйелі қарсы болса, онда ол оған бөлек баспана  беруі керек». Қз.: «Бадаи’у-ссанаи’» 4/32.
Алайда ақылды мұсылман әйел күйеуінің жағдайына кіріп, оның қаржылай мүмкіндіктерін ескеріп, оның мүмкіндігінен асатындай талаптар қоймауы керек, өйткені бұл көп жағдайда ұрыс пен отбасыдағы жанжалға әкеліп соқтырады. Тіпті Аллаһ Тағаланың Өзі де ақша жұмсау міндетін ауқатты мен жарлының арасында бөліп айырды:  «Кеңшілік иесі болған бай кісі өз әл-ауқатына сәйкес нәпақа берсін. Ал кім қаржы-қаражаттан қысылса, Аллаһтың оған бергенінен нәпақа берсін. Аллаһ біреуге оған бергенінен артық нәрсе жүктемейді. Аллаһ ауыршылықтан кейін жеңілдік береді» («әт-Таләқ» сүресі, 65: 7).
Бұған қоса, Абу Са’ид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен ұлы хадисте былай делінген: “Бірде Аллаһтың Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұзақ құтпа жасап, онда Ақырет пен осы дүниеге қатысты нәрселерді айтып, былай деді: «Ақиқатында, Исраил ұрпақтарын бірінші опат еткен (құртқан) нәрсе киім-кешек пен әшекей заттан бай әйелге қалай жұмсаса – кедей әйелге де тура солай жұмсайтыны болған»”. Ибн Хузәйма “әт-Таухид” 208. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 591.
Ендеше, осы хадисті естіген әйел осындай нәрсе опат өткен яһудилерге ұқсап-еліктемесін.
Шейхул-Ислам Ибн Таймиядан әйел жағдайы жоқ күйеуінен бөлек баспана сұрауына қақысы жоқ деп жеткізіледі. Қз.: «әл-Маталиб» 5/122.
Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Бірде Абу Бакр Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кіруге рұқсат сұрауға келді. Ол есік алдында біреусі де кіруге рұқсат алмай, отырған адамдарды көрді. Ал Абу Бакрге кіруге рұқсат етілді де, ол кіріп кетті. Одан кейін Умар келді де, кіруге рұқсат сұрап, ол да бұған рұқсат алды. Кірісімен, ол өзінің әйелдерінің қоршауында, көңілсіз отырған Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрді де, өз-өзіне: «Мен міндетті түрде Пайғамбарды күлдіретін бір нәрсе айтамын», – деді. Сосын ол: «Я, Аллаһтың Елшісі, мен әйелім – Бинт Харижжа менен нәпақаға ақша сұрағанда, жақындап келіп, мойнынан періп жібергенімді көрсеңіз еді», – деді. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күліп жіберіп: «Көріп тұрғаныңдай, менің әйелдерім де менің айналама отырып, менен нәпақа сұрап жатыр», – деді. Сонда Абу Бакр Айшаның мойнынан ұрмақ болып, жақындап келді, ал Умар ұрмақ болып, Хафсаға келді, екеуі де: «Сен Аллаһ Елшісінен ода жоқ нәрсені талап етіп отырсың ба?!», – деді. Осы жерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық әйелдері: «Аллаһтың атымен ант етеміз, біз ешқашан Аллаһ Елшісінен ода жоқ нәрсені талап етпейміз!», – дей бастады”. Муслим 1478.
Сондай-ақ мұсылман әйел өзінің дүниесін өз білгенінше жаратуға қақысы бар екендігі, әрі оның күйеуінің оның жеке мүлкіне ешқандай да қақысы жоқ екені белгілі. Десе де, парасатты әрі салиқалы мұсылман әйел дүниесін қалай жарататынына және не нәрсеге жарататынына қатысты күйеуімен ақылдасады. Себебі бұл ең жақсы әйелдердің сипаты екенін айтпағанның өзінде, мұндай әрекет күйеуінің жүрегін әйеліне қарай одан сайын бұрады! Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) (адамдар) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай әйел ең жақсы?», – деп сұрағанын баян ететін. Ол: «Күйеуі оған қарағанда, оны қуантатын; ол оған бір нәрсе бұйырғанда, мойынсұнатын; және оның өзінен бір нәрсе ұнамаса, немесе өзінің дүниесін қалай жарататыны ұнамаса, күйеуіне қарсы келмейтін әйел», – деп жауап берді. Ахмад 2/251, ән-Нәсаи 2/72. Бұл хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, хафиз әз-Зәһаби, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растады.
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «… оның өзінен бір нәрсе ұнамаса, немесе өзінің дүниесін қалай жарататыны ұнамаса, күйеуіне қарсы келмейтін әйел» деген сөздеріне назар бұрыңыздар!
Сондай-ақ Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Әйелге өзінің дүниесін күйеуінің рұқсатынсыз жаратуына рұқсат жоқ». Тамам “әл-Фәуаид” 10/182, әт-Табарани “әл-Кабир” 22/83, Ибн ‘Асакир “әт-Тарих” 4/13. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растады. Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” № 775, 825.
Шейх әл-Әлбани бұл хадис туралы былай деді: «Бұл хадис әйел өзінің жеке дүние-мүлкін күйеуінің рұқсатынсыз жаратпау керек екендігіне нұсқайды. Әрі Аллаһ Тағала бекіткендей, бұл еркектің әйел үстінен толыққанды басымдылығы болып табылады. Алайда күйеуі, егер ол салиқалы мұсылман болса, бұл өкілеттілігімен асыра пайдаланып, әйеліне өзінің дүниесін олар үшін зияны жоқ нәрсеге жаратуына тыйым салып, қысым көрсетуіне болмайды». Қз.: “әс-Сахиха” 2/406.
Әрі егер әйелдің жеке дүниесіне қатысты қағида осындай болса,  онда күйеуінің дүниесін оның рұқсатынсыз жаратуға тіптен болмайды. Иә, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін:«Егер әйел күйеуінің тапқанынан бір бөлігін оның бұйрығынсыз жаратса, онда оған (күйеуіне) жарты сый-сауап беріледі». Әл-Бухари 5360.
Алайда әйел күйеуінің бұйрығынсыз қандай да бір садақа беретіні күйеуінің бұл туралы білмейтініне немесе мұндайға жалпы рұқсатын бермегеніне нұсқамайды. Имам ән-Науаи былай деді: «Бұл күйеуінің осыдан бұрын берген рұқсатының болуын жоққа шығармайды!» Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 7/111.
Абу Умама әл-Бахили (Аллаһ  оған разы болсын) былай дейтін: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу Қажылығындағы хұтпасында былай деп айтқанын естідім: «Әйел күйеуінің рұқсаты болмаса, күйеуінің үйінен еш нәрсе жұмсамайды!» Одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі, тіпті тамақты да ма?», – деп сұрады. Ол: «Бұл біздің дүние-мүлкіміздің ең жақсысы», -деп жауап берді”. Абу Дауд 3565, әт-Тирмизи 2/354. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 935.
Осы себепті күйеуінен оның дүниесін жұмсауға, ол жеке бастың шығындары болсын, немесе садақа жасау ниеті немесе т.с.с. болсын, рұқсат сұрау керек. Алайда, егер күйеуі бай әрі солай бола тұра сараң болатын болса, әйелі оның рұқсатынсыз оның дүние-мүлкінен өзіне және балаларына қанша қажет болса – сонша ала алады. Айша (Аллаһ оған разы болсын): “Бірде Абу Суфиянның әйелі – Хинд Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Абу Суфиян – сараң адам, егер мен өзім оның рұқсатынсыз алмасам, ол маған және балама жетерліктей (ақша) бермейді», – деді. Бұған ол: «Әдет-ғұрыпқа сай, өзіңе және балаңа жететінін ала бер», – деді”. Әл-Бухари 5364, Муслим 1714.
Сондай-ақ ақылды әрі парасатты мұсылман әйел күйеуіне жаға отырып, үй шаруаларын атқаруға, барлық нәрсені тазалықта ұстауға ұмтылады. Әрі ол: «Кейбір ғалымдар күйеуін күтіп-қарауды және үй тірлігін әйелдің міндеті емес деп есептеген!», – демесін! Себебі бұл мәселе де көбіне отбасыдағы ұрыс-керістің себебіне айналады. Ибн Умардың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар және сендердің әрқайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші өзінің қол астындағыларға бақташы саналады, еркек өзінің жанұясының бақташысы, әйел де күйеуінің үйінде бақташы,  әрі өзінің бақташылығына және оның балаларына жауапты. Сонымен, әрқайсың бақташысыңдар және әрқайсың баққандарыңа жауапкершілік көтересіңдер». Әл-Бухари 5200, 7138.
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Адам баласынан әрбір адам мырза болып табылады. Еркек өз отбасының мырзасы, ал әйел үйінде ханым болып табылады». Ибн әс-Сунни «‘Амәл әл-яуми уә-лләйлә» 388. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 4546.
Асма бинт Абу Бакр (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Әз-Зубәйр өзінің жылқысы мен бір тілім жерінен басқа, не бір дүние-мүлкі, не құлы – ештеңесі болмай маған үйленді. Мен оның жылқысына пішен беріп, оны күтіп-қарайтынмын. Сондай-ақ мен қамыр жасау үшін сұлы дәндерін тартатынмын, су әкеліп, нанға қамыр илейтінмін. Мен нанды жақсы пісіре алмайтынмын, сондықтан бізге нанды ансарлардан болған көршілеріміз пісіріп беретін. Олар сенімге лайықты әйелдер болатын». Муслим 2182.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деді: ”Ғалымдар «әйелі күйеуіне үй тазалау, ас-сусын дайындау, нан пісіру, астық дақылдарын үгіту, күйеуіне бағынышты адамдардың барлығына азық дайындау, оның үй жануарларына, мысалы, мінетін жануарларына, т.б.  қызметтер көрсетуі керек пе?» деген мәселеде келіспеушілікте болған. Кейбір ғалымдар: «Әйел мұнымен айналысуға міндетті емес», – деп жатады. Бірақтан бұл көзқарас жалған! Сондай-ақ күйеуі әйелімен әңгімелесіп-құраласып, онымен жыныстық қатынасқа түсуге міндетті емес дейтіндердің де пікірі жалған! Күйеудің әйелімен араларындағы жыныстық қатынассыз бірге тұруы шариғаттың талаптарына сай келмейді. Себебі Аллаһтың Кітабы бойынша күйеуі оның мырзасы, ал әйелі Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сай «күйеуі үшін қызмет етеді». Кейбіреулер: «Әйелдің міндеттері жеңіл болуы керек», – деген, ал басқалары: «Оның міндеттерінің шамасы әдет-ғұрыптың талаптарына сәйкес болуы керек», – деді. Дәл осы – дұрыс пікір. Және бұл міндеттердің шеңбері әртүрлі болады әрі жағдайларға тәуелді болады. Көшпенді өмір салтындағы міндеттер отырықшы тұрмыс-тіршіліктегі міндеттерден өзгешеленеді, ал денесі мықты әйелдің атқаратын жұмысы денесі әлсіз әйелдің атқаратын жұмысымен бірдей емес”. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 2/234‑235.
Шейх әл-Әлбани былай деді: “Кейбіреулердің «Неке қию әйелді қанау үшін емес, онымен ләзаттану құқығын береді» деген сөздері кері қайтарылады! Себебі әйел де өзінің тән құмарлығын қандыру үшін күйеуінің көмегін пайдаланады, әрі осы тұрғыдан күйеу мен әйел бір-бірінің алдында толыққанды тең. Сонымен қоса, Аллаһ Тағала еркекке бірсыпыра басқа да, анағұрлым елеулі міндеттерді жүктеді: мысалы, әйелін асырауға, оны киіммен, баспанамен қамтамасыз етумен байланысты шығындар секілді. Және осының есесіне  әйел де күйеуінің алдында белгілі бір міндеттері болуы керек екендігін мойындау әділетті болады, ал бұл – оған қызмет ету. Оған қоса, бұл алдында айтылғандай, Құранның үкімі бойынша ер адам әйел адамнан жоғары тұрады. Ал егер әйел кісі өзінің үй тіршілігіне қатысты міндеттерін орындамаса әрі оларды күйеуі орындауға мәжбүр болса, онда, керісінше, әйел еркектен жоғары тұрған болады, ал бұл Құран аятының үкіміне түбірлі қарама-қайшы келеді. Осылайша, әйел адам өзінің еріне қызмет етуі керек екендігі дәлелденді”. Қз. “Адабу-ззифаф” 288.
Шейх әл-Әлбани сондай-ақ былай деді: “Әйелдің міндетіне қатысты айтылған сөздер ер адамның, егер оның бос уақытысы мен күш-қуаты болатын болса, әйелге үй тірлігіне көмектесуі дұрысырақ болатынына қайшы емес. Керісінше, еркектің бұл әрекеті ерлі-зайыптылар арасындағы жақсы қарым-қатынастың бір көрінісі болып табылады. Осы себепті Айша ханым (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің жанұясына үй шаруаларына көмектесетін. Бірақ намаз уақытысы кіргенде, намаз оқуға кететін». Бұл хадисті әл-Бухари (2/129, 9/418) мен хадисті сахих (сенімді) деген әт-Тирмизи (3/314) келтіреді. Ал «әш-Шәмәил» жинағында (келтірілген осы хадистің) басқа нұсқасында: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарапайым кісі болатын, ол киімін тазалап, ешкі сауып, өз-өзіне қарайтын», – делінген”. Қз.: “Адабу-ззифаф” 291.
Сондай-ақ салиқалы әрі дана мұсылман әйел күйеуінің бұйырықтарын ешбір себепсіз кейінге қалмастан, оларды орындауға асыға кірісуі керек. Шейх Ибн Усаймин «Шарх әл-мумти’» еңбегінде былай деді: “Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы бір-біріне қатысты міндетті нәрселеріне баяулатуларына тыйым салынған. Яғни мұны баяулатып кейінге қалдыру, созып алу, кешіктіру. Әрі Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бай кісінің қарызын төлеуді кейінге қалдырып ұзартуы әділетсіздік болып табылады», - деген сөздері осы туралы  (әл-Бухари 2287). Және егер бай-қуатты адам қарызын төлеуді кешіктіріп жатса, бұл әділетсіздік болып табылады. Сондықтан басқа адамның қақысына тиесіліні беруді созып алуға тыйым салынған.
Әрі егер, мысалы, әйелі күйеуіне киім керек деп айтса, ал ол: «Ин ша-Аллаһ», – деп жауап берсе, сосын күндер өтіп, ол әйеліне еш нәрсе әкелмесе, ал әйелі осы киімге мұқтаж болатын болса, онда мұндай әрекет харам болып табылады, әрі оның мойнына күнә артылады. Ол оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға міндетті. Әрине, ол базарға кірген сайын оған киім алып беруі міндетті емес, тіпті егер ол одан осыны талап ететін болса да. Ол оның барлық талаптарын орындауға міндетті емес, себебі әйелдердің тілектерінің шегі жоқ. Алайда оның расында да қажетсінген затын ол оған алып беруге асығуы керек және кейінге қалдырмауы керек. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі басқасының алдындағы міндеттерін орындаудан мүлде бас тартатын болса, бұл одан бетер күнәлі әрі харам болып табылады, себебі кейінге қалдырудың өзі тыйым салынған болса, толық бас тарту мүлде тыйым салынған.
Сондай-ақ бір нәрсені жекіріп, міндетсініп беруге де тыйым салынған, мысалы, егер ол әйелінің қажетсініп сұраған нәрсесін алып келсе, бірақ оны оған дөрекілікпен, міндетсініп берсе, бұл да тыйым салынған болып табылады. Абу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ Қиямет Күні сөйлемей қоятын және қарамай қоятын, ақтамайтын үш санаттағы адамдар (бар). Бұлар – киімін сүйретіп жүретін, басқаларға істеген жақсылығын міндетсінетін және тауарын өтірік ант ішіп сататын адам». Муслим 106.
Тура сол нәрсе әйелге де қатысты. Ол күйеуіне міндетті нәрсені орындауды кешіктіруіне болмайды. Әрі егер ол оған оның міндетіндегі нәрсені бұйырса, әйелдің мұны кейінге созуына рұқсат жоқ. Сахих хадистердің бірінде Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:«Егер күйеуі әйелін (жыныстық қатынасқа) шақырса, ал ол оны кері қайтарса, онда оны таңға дейін періштелер қарғап шығатын болады». Әл-Бухари 3237, Муслим 1436. Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын. Күйеуіне тыйым салынған секілді, оған да күйеуіне беруге міндетті нәрсені бергенде жақтырмаушылығын көрсетіп беруіне болмайды, мысалы, егер ол оған әлдебір нәрсені түнеріңкі түрмен, қабағы түйіліп және наразылық көрсетіп беретіні секілді. Әрі егер адам осындай әйелінің болуымен сыналатын болса, ол оны насихаттайды, егер оған насихат көмектеспесе, одан төсекте бөлектенеді, егер бұл да көмектеспесе, ол (әйелі) жөнделгенше ұрады, Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «Ал сондай-ақ әйелдердің мойынсынбауынан қауіптенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында, Аллаһ өте Жоғары, тым Ірі» («ән-Ниса» сүресі, 4: 34). Сондықтан ол әйелін насихаттауы, оған ақыл айтып, түзеп отыруы керек. Себебі жақсы ниеттің барында Аллаһ істерді жеңілдетеді”.
Имам Ибн әл-Жәузи былай деді: «Әйел кісі мынаны біліп жүруі керек: ол күйеуінің жанында күң секілді, ендеше, ол өзіне қатысты және күйеуінің дүние-мүлкіне қатысты иелік етпесін. Оның қақысына өзінің алдында және өзінің туысқандарының алдында артықшылық берсін.  Ол тазалық үшін барлық себептерді жасай отырып, күйеуі онымен ләзаттануды қалайтынына дайын болсын. Оның алдында сұлулығы үшін менменсінбесін, және егер ода қандай да бір кемістік болатын болса, осы үшін оны кемсітіп-жазғырмасын». Қз.: “Әхкам ән-ниса” 73.
Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами былай деді: “Кейбір ғалымдар: «Әйел адам үшін күйеуінен үнемі ұялу; оның алдында көзін түсіру; оның бұйрықтарына бағыну; ол сөйлегенде үндемеу; ол үйге қайтып келе жатқанда оған түрегелу; оны ашуландыратын барлық нәрседен қашу міндетті болып табылады», – деген”. Қз.: “әз-Зәуажир” 2/340.
Ерлерге әйелдерге жақсы қарым-қатынас жасау туралы насихат
Аллаһ Тағала былай деді: «Сондай-ақ олармен жақсы тұрыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Аллаһ көптеген қайыр жасап қойған болуы мүмкін» («ән-Ниса» сүресі, 4: 19).
Хафиз Ибн Кәсир «олармен жақсы тұрыңдар» деген сөздер туралы былай деді: «Яғни әйелдерге әдемі сөздер айтыңдар, олармен жақсы шығысыңдар және, өздерің де олардан осыны қалайтындарыңдай, олар үшін әдеміленіңдер, әрі мұның бәрін шамаларың жеткенше орындаңдар». Қз.: “Тафсир Ибн Кәсир” 1/477.
Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа құлшылық етіңдер. Оған еш нәрсені серік қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жаныңдағы жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен, Аллаһ тәкаппарды, мақтаншақты жақсы көрмейді» («ән-Ниса» сүресі, 4: 36).
Ибн Аби Ләйлә «жаныңдағы жолдасқа» сөзі туралы: «Бұл әйелің», – деді. Ибн Аби әд-Дуния “Китаб әл-‘Иял” 477.
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі «Әйелдерге жақсы қарым-қатынас жасаңдар, өйткені, расында, әйел қабырғадан жаралған, ал оның ең қисық жері жоғарғы жағында, әрі егер сен қабырғаны түзетуге тырыссаң, онда оны сындырасың, ал егер оны өз жөніне қойсаң, онда ол сол қисайған күйінде қала береді, сондықтан әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар». Әл-Бухари 3331, Муслим 1468.
Имам ән-Нәуауи былай деді: «Бұл хадис әйелдерге жұмсақтық таныту мен жақсы қатынас жасауға, олардың мінездерінің қисықтығына және олардың ақылдарының әлсіздеу екеніне сабыр танытуға, сондай-ақ олармен себепсізден себепсіз ажырасудың құпталмайтынына нұсқайды». Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 10/57.
Самура ибн Жундубтың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жекізіледі: «Ақиқатында, әйел қабырғадан жаратылған, әрі егер сен оны түзетуге тырыссаң, оны сындырасың. Ендеше, оған жұмсақ бол, сонда онымен бірге өмір сүресің». Ахмад 5/8, әл-Хаким 4/174. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1944.
Имам әл-Мунауи «Ендеше, оған жұмсақ бол, сонда онымен бірге өмір сүресің» сөзі туралы: «Яғни әйеліңе жұмсақтық танытып, оны еркелет, сонда сен одан қалаған  ләззат пен игі өмір сүруге қол жеткізесің, ал бұл (отбасылық) өмірде өте маңызды болып табылады. Бұл хадисте сондай-ақ шариғи себепсіз ажырасудың құпталмайтынына нұсқау бар». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 2112.
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әйел қабырға іспетті, әрі егер сен оны түзеймін десең, оны сындырып аласың. Ендеше, оның бойындағы қисықтыққа қарамастан, одан ләззат ал». Ибн Хиббан 9/487. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын (сенімділігін) растады.
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл хадистері әйелдің кемелдікке қол жеткізуі мүмкін еместігіне айқын түрде нұсқайды, өйткені Аллаһ оларды осындай етіп жаратты, сондықтан күйеулері олардың кейбір қылықтарын кешіре отырып және оларға қатысты сабырлық танытып, мейірімділік көрсетуі керек. Себебі әйелмен және онымен бірге тіршілік етуден ләззат алу оның «қисықтығына» төзімділік танытусыз мүмкін болмайды.
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Уа, Аллаһ, мен екі әлсіздің: жетім мен әйелдің – қақысын бұзуға  тыйым саламын!» Ахмад 2/439, Ибн Мәжаһ 3678. Хафиз әл-Бусайри, шейх әл-Әлбани және Шу’айб әл-Арнаут хадистің сахихтығын (сенімділігін) растады..
Миқдад ибн Мә’дикарибтің (Аллаһ оған разы болсын) сөзімен жеткізіледі: “Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың ортасына тұрып, Аллаһқа мақтау-мадақтар айтып, үш мәрте:«Ақиқатында, Аллаһ сендерге әйелдеріңе жақсы қарауларыңды өсиет етеді! Ақиқатында, олар – сендердің аналарың, сендердің қыздарың, сендердің әпке-қарындастарың, сендердің (әке-шешелерің тарапынан) апаларың. Ақиқатында, Кітап иелерінің қатарынан болған бір кісі бір әйелге үйленді, оған сабыр етті [және ешқашан оны денесіне із қалдырып ұрмады]. Осылайша олар бір-біріне деген сүйіспеншілікпен қартайып қайтыс болды», – деді”. Осы хадистің жеткізушісі Абу Сәләма осы хадис туралы әл-Алә әл-Ғасаниге айтып бергенде, соңғысы былай деді: «Маған Аллаһ тыйым салған, бірақ ол туралы Құранда хабар етпеген жаман іс-әрекеттің қатарында – еркек әйелге үйленіп, олар ұзақ уақыт бойы бірге тұрып, ол (әйел) оған бала туып бергенде, ол онымен ешқандай себепсіз ажырасып кететіні жетті». Әт-Табарани “әл-Кәбир” 20/374, әл-Харис “әл-Муснад” 495. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 2871.
Бұл ұлы хадистің мағынасы мұсылмандарды әйелдеріне жақсы қарым-қатынаста болуға, оларға сабырлық танытуға ынталандыруда, себебі кәпірлердің және адасқан Кітап иелерінің өздері де осылай істейді, ал мұсылмандар осындай (игі) өзара қарым-қатынасқа әбден лайықты.
Шейх әл-Әлбани бұл хадис туралы былай деді: «Бұл Кітап иелерінің арасында оларда әлі әдептілік болған уақытта, және олар бұрмаланған дінді ұстанса да, діндар болған кездерінде болатын. Ал біздің кезіміге келсек, олар Аллаһтың хәлал еткенін, мысалы, ажырасуды харамға шығарады, әрі зинаны, тіпті гомосексуализмді ашық түрде рұқсат етеді». Қз.: “әс-Сахиха” 6/874.
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былайша баян етеді: “Бірде маған Усман ибн Маз’унның әйелі – Хаулә бинт Хаким кіріп келді. Оның жүдеген әрі салақтау түрін көріп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Айша, Хауләға не болған?», – деп сұрады. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі, күйеуі ұдайы ораза ұстайтын, түні бойы намаз оқитын әйел күйеуі жоқ әйелдей, сондықтан өзіне қарамай қойған ғой», – деп жауап бердім. Сонда Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Усманға адам жіберіп, ол келгенде, оған: «Я, Усман, сен менің Сүннетімнен бас тартамысың?!», – деді. Ол: «Аллаһтың  атымен ант етемін, жоқ, уа, Аллаһтың Елшісі, керісінше, мен сіздің Сүннетіңізге қарай ұмтыламын!», – деп жауап берді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, мен ұйықтаймын және намаз оқимын, ораза ұстаймын әрі ішіп-жеймін және әйелдермен некелесемін. Аллаһтан қорық, я, Усман! Ақиқатында, сенің әйеліңнің сенде қақысы бар, сенің қонақтарыңның сенде қақысы бар, және сенің нәпсіңнің сенде қақысы бар. Сондықтан аузыңды бекіт әрі тамақтан, түндерде намаз оқы және ұйықта», - деді”. Ахмад 6/268, Ибн Хиббан 1288. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растады. Қз.: “Ируа әл-ғалил” 7/79.
Са’ид ибн Аби Уаққас (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай дегенін баяндайтын: «Ақиқатында, сен Аллаһтың Дидары үшін жұмсаған бүкіл нәрсең үшін міндетті түрде сый-сауап аласың, тіпті әйеліңнің аузына салатын бір үзім (тамақ) үшін де». Әл-Бухари 56, 1295, Муслим 1628.
Шейх Ибн Усаймин былай деген: “Ақиқатында, дінге қызғаныш танытатын кейбір адамдардың халіне қарасаң, олардан көптеген салғырттықты табуға болады. Қаншама әйелдер қазіргі таңда дін «ұстанушыларға» тұрмысқа шыққандарына өкініп, жылап жатыр. Себебі олар адамдардың арасында әйелдерімен қарым-қатынаста ең жаман адамдар. Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – әйелдеріңе жақсыларың, ал мен сендердің араларыңда өз әйелдеріне қарым-қатынаста ең жақсысымын», – дегеніне қарамастан. Бірақ бұл сорлы дәлел ретінде басқа хадис келтіреді де: ”Ал Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, әйелдер сендерде тұтқын іспетті», - деп айтқан жоқ па?»”, – дейді. Иә, алайда Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға деген жұмсақ болуды түрткі сала отырып оны тұтқынмен теңеді, әрі мұны оларды билеп-төстеу үшін айтпады! Бауырларым менің, біз шағымдарымызды Аллаһқа айтамыз”. Тз.: “Лиқа Баб әл-мафтух” № 227.
Нендей жиі жағдайда мұсылмандардың үстінен әйелдері олар әлдеріне мінезінің ең жаман тұстарын көрсететініне қатысты арызданып жатады, ал олар болса достарының арасында немесе интернет бірлестіктерде өздерін ең тақуа адамдар ретінде көрсетуге тырысады. Алайда бұндай ер адамдар мұнысымен шынайы тақуа бола алмайды, себебі олар шынайы тақуа болғандарында, олар тақуалықтарын бірінші кезекте өздерінің әйелдеріне қатысты көрсететін еді. Өйткені Абдуллаһ ибн Амрдың (Аллаһ оған разы болсын) сөзімен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі ғой: «Сендердің ең жақсыларың – өз әйелдеріне ең жақсы қарайтындарың». Ибн Мәжаһ 1978. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 3265.
Сондай-ақ Ибн Умардың (Аллаһ оған разы болсын) сөзімен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһтың алдында жолдастардың (достардың) ең жақсысы – ол досы үшін ең жақсы болғаны. Және Аллаһтың алдында көршілердің ең жақсысы – көршісіне жақсы болғаны». Ахмад 2/168, әд-Дарими 2/215, әл-Хаким 4/164. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 103.
Сондай-ақ Ибн Мас’уд пен Кулсум әл-Хуза’иден (Аллаһ оларға разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: “Егер сен көршілеріңнің: «Сен жақсысың», – дегенін естісең, демек сен расында да жақсысың. Ал егер сен көршілеріңнің: «Сен жамансың», – деп жатқанын естісең, демек сен расында да нашарсың”. Ән-Нәсаи 5/22, әт-Табарани 3/77. Хадис сахих (сенімді). «Сахих әл-жәми’» 277, 610.
Имам әл-Мунауаи «көрші» сөзінің астарында кәпірлердің, пасықтардың немесе солардың қатарындағы бидғатшылардың сөздері туралы емес, салиқалы көршілер жайлы сөз болуда деген. Қз.: “Фәйдул-Қадир” 2/514.
Өйткені бұл хадистердің мән-мағынасы егер адам туралы оны басқаларға қарағанда жақсырақ білетін адамдар жақсы деп айтып жатса, онда ол шынымен де жақсы әрі салиқалы дегенге сайып келеді. Себебі көршілер мен жақын-туысқандар, ал әйелі тіптен де, (ол) адам туралы басқалардан артық біледі. Және егер олар саған жақсысың және салиқалысың десе, демек сен шынымен  де сондайсың. Cебебі танымайтын әрі білмейтін адамдардың алдында өзіңді кім болса сол етіп көрсетуге болады!
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөзімен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мүмін ер адам мүмін әйелді жек көрмеуі керек, себебі егер оған оның мінезінің әлдебір тұстары ұнамаса, ол оның басқа жерімен разы болған күйінде қалады». Муслим 1469.
Имам Абул-Аббас әл-Қуртуби бұл хадис туралы былай деді: «Яғни мүмін ер кісі оны (әйелін) олардың айырылысуына әкеп соқтыратын толықтай жек көрушілікпен жек көрмеуі керек. Ол бұлай істемеуі керек! Керісінше, өзіне ұнамайтын нәрсені көңіліне алмастан, жақсы көретін жерлерді еске ала отырып, оның (әйелдің) жақсы істері себепті оның оқыс қылықтарын кешіреді». Қз.: “әл-Муфхим” 4/222.
Имам ән-Нәуауи былай деді: «Күйеуі әйеліне жек көрушілік танытпауы тиіс, себебі ол әйелде оған жек көрінішті қандай да бір сипат болса, оның сондай-ақ ол разы болатын сипаты да бар ғой. Мысалы, егер ол әйел ашулы болса, сол мезетте ол діндар, немесе сұлу, немесе арлы, немесе ашық мінезді, т.с.с. болуы мүмкін». Қз. “Шарх «Сахих» Муслим” 10/58.
Бір кісі Хасан әл-Басриден: «Менің қызыма көп адамдар құда түсті, сонымен оны кімге ұзату керек?», – деп сұрағанда, ол: «Аллаһтан қорқатын адамға бер! Себебі мұндай адам қызыңды сүйіп қалса, құрметтейтін болады, ал егер сүймесе, тым болмағанда оған қысым көрсетпейтін болады», – деп жауап берді. Қз.: “әл-Ихья” 2/41.
Уа, мұсылман, сіз әпке-қарындасыңыздың немесе қызыңыздың күйеуі оны сыйлағанын қалайтыныңыздай, өзіңіз де әйеліңізбен сондай қарым-қатынаста болыңыз!
Әрбір мұсылман әйел, егер, мысалы, күйеуі оның кейбір құқықтарын орындамай жатса, оған бұл өз алдына оның құқықтарын орындамауына ерік бермейді. Күйеуі Аллаһтың алдында өзінің міндеттерін тастағаны үшін сұралады, солай әйелі де оның алдындағы өзінің міндеттерін орындамағандығы үшін сұралады.
Әйел тарапынан қырсықтық танытуға қатаң тыйым салынғандығы және мұның қауіптілігі туралы
Қырсықтық таныту – үлкен күнә
Басында имам әз-Зәһаби Исламдағы ауыр күнәларға арнаған танымал кітабында осы күнәні ауыр күнәлардың (кәбаир) қатарына жатқызғаны айтылып өтті. Қз.: “әл-Кәбаир” 124.0
Сондай-ақ имам Мухаммад ибн Абдул-Уаһһаб үлкен күнәларға арнаған өзінің кітабында «Күйеуінің ашуын туғызу» күнәсін ауыр күнәлардың қатарына жатқызды. Қз.: “әл-Кәбаир” 97.
Ал имам Ибн Хәжар әл-Хәйтами: «Ғалымдар тобы әйелдің қырсықтығын (ән-нушуз) ауыр күнә деп тапты!», – деді. Қз.: “әз-Зәуажир” 2/343.
Қырсықтық – күйеуге әйелін асырамауға және оған (ақша) жұмсамауына рұқсат беретін себеп
Имам әс-Сархаси: «Қырсық әйелге (ақша) жұмсау жоқ», – деді. Қз.: “әл-Мәбсут” 5/186.
Имам Ибн Қудама былай деді: «Қырсық әйелді қамтамасыз ету деген жоқ, алайда егер одан бала бар болса, ол баланы қамтамасыз етеді. Әйелдің бойбермеуінің мәні ол күйеуін некенің шартына сәйкес оған міндетті нәрсесінде тыңдамауында. Әрі әйел жыныстық қатынастан теріс бұрылғанда немесе күйеуінің рұқсатынсыз үйден шыққанда, немесе онымен бірге бұрын тұрған деріне ұқсайтын басқа жерге көшуден бас тартқанда, немесе онымен бірге жолға шығудан бас тартқанда қырсық болып саналады. Осындай жағдайларда ол асырау, сондай-ақ баспана тауып беру хұқысынан айырылады. Әрі бұл көпшілік білім иелерінің пікірі, олардың қатарында: әш-Шә’би, Хаммад, Мәлик, әл-Әуза’и, әш-Шәфи’и, Абу Саур, сондай-ақ ханафиттер бар. Әл-Хакимнен оның: «Ол асырау хұқысына ие», – деп айтқаны жеткізіледі. Бірақ бұған Ибн әл-Мунзир былай деді: «Мен білім иелерінен ғалымдарға жоғарыда аталған мәселеге қарсы шығатын ешкімді білмеймін, тек әл-Хакимнен басқа». Қз.: “әл-Муғни” 8/236.
Шейхул-Ислам Ибн Таймиядан әйелі сегіз ай бойы әкесінің үйінде отырып алып, оған қатысты қырсықтық танытып жүрген, әрі күйеуі одан әйел ретінде пайда алмай жүрген еркек туралы сұрағанда, ол: «Егер ол оған қатысты қырсыққа айналса, ол үшін оны асырау жоқ. Әрі сондай-ақ егер ол оған бағынбайтын әйелге айналса, немесе оған зәбір көрсетсе, немесе оған қатысты шеттен шықса, ол оны ұра алады». Қз.: “Мәжму‘ул-фәтауа” 32/279.
Сондай-ақ шейхул-Ислам күйеуінен ажырасуды сұраған, есесіне ол өзінің барлық қақыларынан бас тартып, әрі қызын толықтай өзі асырайтынын білдірген әйел туралы да сұралған. Бұған ол: «Егер күйеуі оған ол әйел одан өзіне қатысты оның міндеттерінен босатқанының және баланы қамтамасыз етуді мойнына алғанының, әрі одан қамтамасыз етуді талап етпейтінінің есесіне сұраған талағын берген болса, көптеген ғалымдар мұның күші бар дейді. Олардың арасында имам Мәлик, Ахмад және басқалар». Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 32/353.
Қырсық әйелді Жәннатың хор қыздары лағынеттейді
Со слов Му’аза (да будет доволен им Аллах) сообщается, что посланник Аллаха (мир ему и благословение Аллаха) сказал: «Какая бы женщина не причинила вред своему мужу в мире этом, то обязательно жена его из числа райских гурий, скажет: “Не причиняй ему страданий, да погубит тебя Аллах! Поистине, он у тебя временно, и скоро расстанется с тобой и перейдет к нам!”» Ахмад 5/242, ат-Тирмизи 1174. Хадис достоверный. См. “әс-Силсилә ас-сахиха” 173.
М’уаздың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: “Қандай әйел күйеуіне бұл дүниеде зиян тигізбесін, оның Жәннаттағы хор қыздардан болған әйелі міндетті түрде: «Оған зәбір көрсетпе, Аллаһ көзіңді құртсын! Ақиқатында, ол сенде уақытша ғана, және жақында ол сенімен қоштасады да, бізге келеді!», – дейді”. Ахмад 5/242, әт-Тирмизи 1174. Хадис сахих (сенімді). Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 173.
Шейх әл-Мубәракфури ғалымдардың былай дегенін айтты: «Бұл егер күйеуінің әйеліне деген ашуы оның жаман мінезіне бола, немесе оның (әйелдің) жаман қарым-қатынасы себепті, немесе күйеуіне бағынбаушылығы себепті болатын жағдайда. Бірақ егер күйеуінің ашуының себебі әйелінің қылығы болмаса, онда оған (әйелге) күнә жоқ». Қз.: “Тухфәтул-әхуази” 2/344.
Аллаһ қырсық әйелдің намазын қабыл етпейді
Ибн Умардың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Екі адамның намазы бастарынан жоғары көтерілмейді! Қожайындарынан қашқан құлдың, ол иелеріне қайтып оралмайынша, және күйеуін тыңдамай қойған әйелдің, ол күйеуіне бойұсынуға қайтпайынша». Әл-Хаким 4/173. Хадис хасан (жақсы). Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1948.
Қырсық әйел Тозаққа түсуі мүмкін
Хусайн ибн Михсан (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Менің әпкем маған мынаны айтып берді: «Бірде мен Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір қажетіммен келген болатынмын. Ол менен: «Сенің күйеуің бар ма?», – деп сұрады. Мен: «Иә», – деп жауап берді. Ол тағы да: «Онымен қарым-қатынасың қандай?», – деп сұрады. Мен: «Оған қолымнан келгенінше бәрін істеймін», – деп жауап бердім. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұған: «Мұқият бол, саған оған жету қайда? Шынында, ол сен үшін Жәннат пен Тозақ», – деді”. Ахмад 4/341, әл-Хаким 2/189, әт-Табарани “әл-Әусат” 1/170. Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растады.
Имам әл-Мунауи бұл хадис туралы былай деді: «Яғни күйеуің – оның саған разы болуына бола, сенің Жәннатқа, ал оның саған разы болмауына бола сенің Тозаққа кіруіңнің себебі. Сондықтан да оған жақсы қатынас жаса және күнәсі жоқ мәселеге қатысты оның бұйрығына қарсы шықпа». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 2744.
Умар ибн әл-Харис әл-Мусталиқ (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: “«Адамдардан барлығынан қатты азапқа ұшырайтындары екеулері: өзінің күйеуін тыңдамаған әйел және халқына қамқорлық көрсетпеген әмір!», – делінген болатын”. Ибн Аби Шәйба 4/305.
Әйелдің қырсықтығы Аллаһ күйеуінің дұғасына жауап бермеуінің бір себебі
Абу Муса (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: “Үш адам Аллаһқа дұға етіп жалбарынады, бірақ олардың дұғаларына жауап жоқ! Ол – жаман мінезді әйелі болған, ал ол (сондай жаман мінезді әйелі бола тұра) онымен ажыраспаған адам. Қарызға беріп, қарызын куәландырмаған адам. Және ақыл-есі жоқ адамға ақшасын  берген адам, ал Аллаһ Тағала былай деді: «Және Аллаһ сендер үшін тіршілік етудің құралы еткен мал-мүліктеріңді ақылсыздарға бермеңдер. Оларды қоректендіріп, киіндіріңдер де, оларға сыпайы сөз сөйлеңдер» («ән-Ниса» сүресі, 4: 5)“. Әл-Хаким 2/302, әд-Дайләми 2/58. Хадистің сенімділігін имам әз-Зәһаби, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани растады.
Имам әл-Мунауи «жаман мінезді әйелі болған, ал ол ( сондай жаман мінезді әйелі бола тұра) онымен ажыраспаған адам» деген сөздер туралы былай деді: «Бұл – егер шақырсаң, жауап бермейтін әйел. Осындай әйелмен ажырасу мүмкіндігі бола тұра, онымен бірге тұрып, өзін-өзі қинап жүрген адам туралы сөз болуда». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 3/441.
Шейх Мәшһүр ибн Хасаннан осы хадис туралы сұрағанда, ол: “Жаман мінезді әйел туралы айтар болсақ болсақ, онымен ажырасу керек. «Жаман мінез» түсінігінің көптеген мағынасы бар. Ол: ұрысу, қарғыс айту, материалдық жағдайға наразылық білдіріп шағымдану, қанағатсыздық, ашық түрде арсыздық пен күнәлар көрсетуі, іс-әрекеттерді кешірмеу, т.с.с… Ибраһим пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) баласы – Исма’илдің әйелімен болған оқиғасы жайлы хадисте, ол оның әйелінен тұрмыс-тіршіліктері туралы сұрағанда, оның: «Біз ең нашар халде тұрып жатырмыз», – деп, оған наразылық айта бастағаны баяндалады.  Жаман мінез таныту дегеніміз осы. Және Ибраһим (оған Аллаһтың сәлемі болсын) оған: «Исма’ил келген кезде, оған сәлем айт және әкең сенің, есігіңнің табалдырығын ауыстыруды бұйырып жатыр де», – дейді. Ол келген уақытта, әйелі осы туралы айтып бергенде, ол әйеліне: «Ақиқатында, менің әкем маған сенімен ажырасуды бұйырып жатыр», – дейді де, оған талақ береді”. Әл-Бухари 3364.
Ал «Әйелінің жаман мінезіне қатысты сабырлық танытқан адамға Аллаһ сынағында сабыр еткен Аюб пайғамбардың сауабындай сауап береді» деген хадиске келер болсақ, бұл хадис ешқандай негізі жоқ ойдан тоқылған болып табылады. Қз.: “әс-Силсилә әд-да’ифа” 627, “Тахриж әл-Ихья” 2/39, “әт-Табақат әш-шәфи’ия” 4/154.
Аталғандардың барлығы әйелдің күйеуіне деген қырсықтығы – үлкен күнә екеніне айқын түрде нұсқайды, яғни мұндай қылықтар лағынетке ілінудің, намаздың қабыл болмауы мен Ақырет Күні жазаға ұшыраудың себебі екенін айтпағанның өзінде, осы өмірдің өзінде ұрыс, жанжал, әйелін қамтамасыз етпеу, ажырасу т.с.с. қайғылы зардаптары бар. Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын!
Күйеуіне мойынсұнатын салиқалы әйел болудың және оған қатысты мінез-құлықтың ең жақсы тұстарын танытудың ұлы артықшылықтары туралы
Салиқалы әйел – осы дүниеде бар нәрселердің ең жақсысы
Абдуллаһ ибн Амрдың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүние уақытша пайдалануға берілген, ал осы дүниедегі бар  нәрселердің ең жақсысы салиқалы әйел болып табылады». Муслим 1467.
Имам Абул-Аббас әл-Қуртуби осы хадис туралы былай деді: «Осындай әйел өзінің дінінде, әрі өзіне қатысты да салиқалы болып табылады, ол сондай-ақ күйеуінің жағдайының да түзелуіне алып келеді».Қз.: “әл-Муфхим” 4/221.
Салиқалы әйел – байлықтан жақсырақ
Абу Умаманың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Шүкір етуші жүрек, Аллаһты еске алатын тіл және саған дүниелік істерің мен дініңде көмектесетін салиқалы әйел адамдар жинап жүрген нәрселерден жақсырақ!»Әл-Бәйһақи  «Шу’абул-Иман». Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 4409.
Салиқалы әйел – бақыттың себепкері
Са’д ибн Аби Уақастың (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Үш нәрсе бақытты болудың себебі және үш нәрсе бақытсыздықтың себебі! Бақытты болудың себептеріне келсек, олар: оған қарағаныңда сені қуанышқа бөлейтін, және оған өзіңнің жоқтығыңда оның өзі мен мал-мүлкіңді сеніп тапсыра алатын әйелің. Жолдастарыңнан артта қалып кетпейтін жақсы, жүйрік мініс жануар. Және көп бөлмелі кең там. Ал бақытсыздықтың қатарында: қарағаныңда көңілің түсетін, саған тілімен зиян тигізетін, әрі өзіңнің жоқтығыңда оған оның өзін де, дүние-мүлкіңді де сеніп тапсыра алмайтын әйелің. Шаба бастағаныңда, ол сені шаршатып, жолдастарыңнан артта қалдыратын жайбасар мініс жануар. Және бөлмелері аз тар үй». Әл-Хаким 2/162. Хадис хасан (жақсы). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 3056.
Имам әл-Мунауи: «Оған қарағаныңда сені қуанышқа бөлейтін, және оған өзіңнің жоқтығыңда оның өзі мен мал-мүлкіңді сеніп тапсыра алатын әйелің» деген сөздер туралы былай деді: «Ол (сенің жоқтығыңда) саған не зинамен, не бір жынысты қатынаспен, не өзін-өзі сыртқа көрсетумен, т.с.с. опасыздық жасамайды». Ал «Қарағаныңда көңілің түсетін әйел» деген сөздер туралы, ол: «Оның сырт келбеті немесе іс-әрекеттері себепті», – деді. Қз.: “Фәйдул-Қадир” 3508.
Сүйетін, сыпайы мінезді және күйеулеріне бойұсынушы әйелдер – ең жақсы әйелдер
Абу Узайна әс-Садфидің (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Сендердің әйелдеріңнің ең жақсылары – ол сүйюші, жиі бала табатын, бойұсынушы әрі күйеулерін мақұлдайтын әйелдер. Ал әйелдеріңнің ең жамандары – олар өздерінің сұлулықтарын сыртқа жайып көрсететіндері және тәкаппарлары. Олар – ақ дақтары бар қарғаларға ұқсайтындарынан басқа, Жәннатқа кірмейтін екіжүзділер». Әл-Бәйһақи 7/82. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 3330.
Имам әл-Мунауи: «Олар – екіжүзділер» сөзі туралы былай деді: «Яғни соларға ұқсап-еліктейді. Олар ақ дақтары бар қарғаға теңестірілген себебі – олардан Жәннатқа кіретіндері кемде-кем, себебі мұндай қарғалар өте сирек кездеседі». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 4092.
Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай әйел ең жақсы болып табылады?», – деп сұрағанын баяндайтын. Ол: «Күйеуі оған қарағанда, ол оны қуантатын; ол оған әлдебір нәрсе бұйырса, оған мойынсұнатын; және оның өзінен немесе оның мүлкін жаратуында күйеуіне бір нәрсе ұнамаса, оған қарсы келмейтін әйел», – деп жауап берді. Ахмад 2/251, ән-Нәсаи 2/72. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, хафиз әз-Зәһаби, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растады.
Умар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Ер кісі Аллаһқа иман келтіргеннен кейін сүйетін және бала табатын игі мінезді әйелден артық еш нәрсе иеленбеді! Әрі ер кісі Аллаһқа күпірліктен кейін жаман мінезді және ащы тілді әйелден жаман еш нәрсеге қол жеткізбеді!» Ибн Аби Шәйба 4/308, әл-Бәйһақи 7/82. Иснады сахих (сенімді).
Күйеуімен бірінші болып татуласатын әйел Жәннатта болады, ин ша Аллаһ
Әнастың, Ибн Аббас пен Қа’б ибн Ужраның (Аллаһ оларға разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: “Сендердің Жәннат тұрғындарының қатарындағы еркектерің жайлы хабар етейін бе? Пайғамбар Жәннатта, Абу Бакр әс-Сыддық Жәннатта, шәһид Жәнннатта, сәби күйінде өлген Жәннатта, елді-мекеннің шетіндегі бауырын тек Аллаһ үшін зиярат ететін адам Жәннатта. Және сендердің Жәннаттағы әйелдерің туралы айтайын ба? Ол – әрбір сүйетін, бала табатын әрі егер күйеуі оған нашар қарым-қатынас көрсеткен болса, немесе оның өзі оны ашуландырған болса, оның қолын алып: «Сен разы болмайынша, мен ұйықтамаймын!», – дейтін әйел”. Әт-Табарани “әл-Кәбир” 14/307, Тамам “әл-Фәуаид” 1/202, Абу Ну’айм “әл-Хилья” 4/303. Хадистің сахихтығын (сенімділігін) хафиз Абдул-Хақ әл-Ишбили, хафиз әд-Думьяты, шейх әл-Әлбани растады. Қз.: “әл-Әхкам әс-суғра” 633, “әл-Матжуру-ррабих” 314, “әс-Силсилә әс-сахиха” 287, 3380.
Имам әл-Мунауи: «Егер күйеуі оған нашар қарым-қатынас көрсеткен болса» сөзіне қатысты: «Яғни оған (ақша) жұмсауда немесе күндерді бөлуде әділетсіздік көрсеткен болса, т.с.с.». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 2867.
Субхан-Аллаһ, бұл қандай ұлы хадис! Біздің кезімізде оның маңызын ұғынып, амалға асыратын әйелдер бар ма?! Әлде біздің заманымызда өмір бойы сен оған жақсылық жасайтын, ал бір нәрсені дұрыс емес істеп қойғанда, ол саған: «Мен ешқашан сенен еш жақсылық көрген жоқпын!», – деп айтатын мұсылман әйелдер ғана қалды ма екен?!  Өзі кінәлі бола тұра, түсініп: «Сен разы болмайынша, мен ұйықтамаймын!», – дейтін  әйел бар ма? Күйеуі білместен немесе байқамай ренжітіп қойғанда, осылай айтатын әйелді айтпағанның өзінде, а? Имам әл-Мунауи осы хадис турасында былай деді: «Кім әйелдер арасынан осы айтылған сипаттармен ерекшеленетін болса, ол Жәннат тұрғындарының қатарынан болады. Алайда әйелдер арасында бұл қасиеттермен ерекшеленетіндер өте аз. Себебі салиқалы әйел – ақ дақтары бар қарға секілді сиректік». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 2867.
Ендеше, әрбір салиқалы әрі тақуа мұсылман әйел Жәннат тұрғыны болу үшін осы ұлы қасиетке талпынсын. Себебі осы сипаттағы әйел бұл ұлы хадисте Жәннатта болатын Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Абу Бакрмен және шәһидпен бір қатарда айтылып өтті.
Бойұсынушы әйел Жәннатқа оның сегіз қақпасының кез-келгені арқылы кіреді
Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөзінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: “Егер әйел бес уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза ұстаса, ар-намысын қорғайтын болса және күйеуін тыңдайтын болса, оған: «Жәннатқа қалаған қақпаң арқылы кір», – деп айтылады”. Ибн Хиббан 1296. Хадис сахих (сенімді). Қз.: «Сахих әл-жәми’» 660.
Бұл хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күйеуге бағынуды үлкен маңыздылығына қарай бұны Исламның намаз және ораза секілді ұлы рүкіндерімен бір қатарға орналастырды. Және осыған сәйкес, егер әйел күйеуіне бағынбайтын болса, демек, ол бұл үлкен игіліктен мақрұм қалады. Ал салиқалы мұсылман әйелге Аллаһтың ризалығы мен сегіз қақпа арқылы Оның Жәннатына кіруден басқа тағы не керек?!
Күйеуіне мойынсұнушы әйел мужаһидтің сауабына ие болады
Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “Бірде біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырғанымызда, оған бір әйел келді де: «Ассаләму аләйка, уа, Аллаһтың Елшісі. Мен саған әйелдерден жіберілдім. Аллаһ – ерлердің де, әйелдердің де Раббысы, Адам – еркектердің де, әйелдердің де әкесі, әрі Аллаһ сені еркектерге де, әйелдерге де жіберді. Енді, еркектер Аллаһ жолында шайқасқа шығып, өлгенде, «олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөліндіріледі. Олар Аллаһтың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселеріне мәз-мейрам болады»(«Әли-Имран» сүресі, 3: 169-170). Сондықтан олар жорыққа шыққан уақытта, өздеріне әзірленген сый туралы біледі. Бізге, яғни әйелдерге келер болсақ, біз күйеулерімізге қызмет етеміз және үйде отырамыз, ендеше, біздің сыйымыз қандай?», – деді. Бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол әйелге: «Әйелдерге менен сәлем жеткіз, және олар үшін күйеулеріне бағыну осымен тең екен екенін айт, бірақ сендерден мұны істейтіндер кемде-кем!», – деді”. Ибн Аби әд-Дуния “Китаб әл-‘Иял” 528. Бұл кітаптың зерттеушісі доктор Нәжм Хәлаф пен шейх Махир әл-Қахтани осы хадистің иснадын жақсы деп атады.
Осы жерде мұндай хадис сондай-ақ Асма бинт Язидтің сөзінен де жеткізілетінін айтып ескерту керек, алайда шейх әл-Әлбани Абу Са’ид әс-Сахили атты белгісіз жеткізуші себепті оны «әс-Силсилә әд-да’ифада» әлсіз деп атады. Осы хадиске келер болсақ, бұл басқа иснады бар басқа хадис, оның иснады жақсы, әрі жеткізушілері де сенімге лайықты. Осы себепті шейх Махир егер шейх әл-Әлбани бұл хадис туралы білгенде, оны хасан (жақсы) деп есептер еді деп айтқан.
Сонымен, бұл – күйеулеріне бойұсынғыш салиқалы әйелдер егер шын ықыластарымен, Аллаһ ризалығы үшін, осы үшін үлкен сый-cауапқа ие болу ниетімен күйеулеріне бағынатын болса, мужаһидтердің сый-сауабына ие болатынына нұсқайтын ұлы хадис!
Оған қоса, бұл сәлафтардан жеткендей, әйел кісі тіпті өзінің қызғанышын тежеудегі сабырлығы үшін де үлкен сый алады. Мужаһид (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Жиһад еркектерге бұйырылды, ал қызғану әйелдерге бұйырылды, әрі сабырлық танытатын әйел мужәһид алатын сауаптың жартысына ие болады». Ибн Аби әд-Дунья “Китаб әл-‘Иял” 551.
Осылайша, бұл тараудың хадистері мен асарлары әйелдің салиқалылығы мен бағынушылығы оның күйеуі үшін иманнан кейін дүниенің ең жақсы игілігіне, әйелдердің ең абзалына айналуының әрі Жәннаттық болатынының, оған қоса Жәннатқа кез-келген қақпа арқылы кіретініне себеп болып табылатынына айқын түрде нұсқайды.
Уа, мұсылман әпке-қарындастарымыз, Аллаһ Тағала Өзінің салиқалы құлдарына қандай игілік көрсетіп отырғанына назар аударыңыздар, себебі Ол әйелдің күйеуге бағынуы мен оның оған деген жақсы қарым-қатынасын есесіне үлкен сый-сауаптар әзірлеген құлшылық етіп бекітті. Аталған хадистерді ұғынып, мұсылман әйел күйеуіне қатысты қырсықтықтан алшақтауымен және оның разылығына ұмтылуымен жазадан құтылады әрі ұлы сауапқа ие болады, ал бұл нағыз жетістік!
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Салиқалы әйел деп күйеуіне әрқашан бағынатын әйелді айтады. Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдындағы міндеттерінен кейін әйел адам үшін күйеуінің алдындағы міндеттерін орындаудан асқан маңызды іс жоқ». Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 32/275.
Шейх Ибн әл-Жәузи: «Қыздың ата-анасы, әсіресе, анасы, қыздарына күйеуінің оған қандай маңызды қақысы бар екеніне үйретулері керек. Әрі осыны өте жиі істеу керек», - деген. Қз.: “Әхкам ән-ниса” 70.
Абдуллаһ ибн Рауаха (Аллаһ оған разы болсын) жылап жібергенде, оның әйелі де онымен қоса жылағаны жеткізіледі. Ол әйелінен: «Сені жылатқан не нәрсе?», – сұрағанда, ол: «Сенің жылағаның» , – деп жауап берді. Сонда ол: «Ақиқатында, мен Тозақтың алдына келтірілетінімді білемін, бірақ оған кіремін ба, жоқ па білмеймін», – деген екен. Абу Ну’айм “әл-Хилья” 1/178, Ибн Са’д “әт-Табақат” 2/80.
Атаның сөзінен Са’ид ибн әл-Мусайибтің (Аллаһ оған разы болсын) қызының былай дегені жеткізіледі:«Сендер әмірлеріңмен өздеріңді қалай ұстасаңдар, біз де  күйеулеріміздің алдында өзіміді тура солай ұстайтынбыз!» Ибн Аби әд-Дунья  “Китаб әл-‘Иял” 546.
Уа, мұсылман қыз-келіншектер! Біздің салиқалы алдынғы буын өкілдеріміздің әйелдері мен қыздары бұл бұйырықтарды қалай іске асырғанына көңіл бұрыңыздар.
Қорытынды
Қорытындылай келе, мен Аллаһ Тағаладан бізді Құран аяттары мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін оқып отырып немесе тыңдағанда тек таң қалып, тәнті болумен ғана шектелмейтін мұсылмандардан етуін сұраймын! Суфиян ибн Уяйна былай деген: «Жақсы мен жаманды білетіннің әрбірі ақыл иесі болып табылмайды. Ақиқатында, ақылы бар адам – ол жақсыны көріп, соған ілесетін, жаманды көріп, одан қашатын адам!» Қз.: “әл-Хилия” 8/339.
Себебі Аллаһ Тағала біздің уақытымызда мұсылмандарға сәлафтар сол үшін бір ай жол жүріп өтетін ілім-білімге қол жеткізуді жеңілдетті. Бірақ, өкінішке орай, бұл көптеген мұсылмандардың осы білімді бағалауды қойғанына әкеп соқтырды. Ендеше, Аллаһқа мақтаулар айтып, Ол бізге осылай жай әрі жеңіл түрде нәсіп еткен білімді қадірлеп, жүзеге асырып отырайық. Бірде Хорасаннан бір адам имам әш-Шә’биден бір хадис туралы сұрағаны хабар етіледі. Әш-Шә’би оған сұраған хадисін айтып берді де, былай деді: «Бұл хадисті ала ғой, адамдар Мәдинаға бұдан да аз нәрсе үшін келген кездері де болған, мен оны саған әшейінге жеткізіп отырмын!» Муслим 154.
Егер Басраның адамдары өз замандарында Мәдинаға немесе Шамға бір хадис үшін баратын болғанда, онда біздің кезімізде біз оңайлықпен белгілі бір тақырып бойынша жүздеген хадис туралы, тіпті олардың сахихтығы (сенімділігін) жайлы деректі қоса біле аламыз.
Имам әл-Хатыб әл-Бағдади былай деді: «Амалдар құтылуға жету үшін істелетініндей, білім де оған амал ету үшін игеріледі. Егер білім  амалдарға асырылмайтын болса, онда ол иесі үшін ауыр жүкке айналады».Қз.: “Тахзибу иқтида әл-‘илм” 6.
Бірақ күйеулер өздерінің ұлы қақылары туралы айтылған хадистерді асыра пайдаланып, сол мезетте өздері әйелдеріне беруге тиісті қақыларын орындамайтыны қандай жиі? Әрі мұсылман әйелдер де өздеріне ұнамды, әйелдерге жақсы қатынас жасауға және оларға сабырлық танытуға ынталандыратын хадистерді ғана іздейтіні, әрі сол мезетте күйеулеріне қатысты өздерінің беруге тиісті болған ұлы қақыларын беруден бұл олар үшін қиын болмаса да қашқақтайтыны  нендей жиі кездеседі!
Аллаһ бізді бұндайдан сақтасын, және ақиқатты естісімен, оған ілесетін әрі мұны іске асырау үшін өзінің жаны мен нәпсісімен күресетіндерден етсін!
Харам мен хәлал туралы ең жақсы білетін сахаба – Му’аз ибн Жәбәл (Аллаһ оған разы болсын) былай деген:«Қалағандарыңша білім үйреніңдер, бірақ сол білімге амал ете бастамағандарыңша, Аллаһ сендерге ол білімнен пайда бермейді!» Ибн әл-Мубарак “әз-Зухд” 21, Абу Дауд “әз-Зухд” 196. Хафиз әл-‘Ирақи сахихтығын (сенімділігін) растады.
Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!
Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оның соңынан ықыласты түрде ергендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Қолданылған әдебиеттер:
1.    «Фәтхул-Бәри би шарх «Сахих» әл-Бухари» Ибн Хәжар әл-‘Асқаләни.
2.    «Шарх «Сахих» Муслим» Яхъя ибн Шараф ән-Нәуауи.
3.    «Фәйдул-Қадир шарх «әл-Жәми’ әс-сағир»» ‘Абдур-Рауф әл-Мунауи.
4.    «Китаб әл-‘Иял» Ибн Аби әд-Дунья.
5.    «Адаб ән-ниса» ‘Абдул-Мәлик Ибн Хабиб.
6.    «Әхкам ән-ниса» ‘Абдур-Рахман ибн ‘Али ибн әл-Жәузи.
7.    «Әл-Кәбаир» Мухаммад ибн Ахмад әз-Зәһаби.
8.    «Силсилә әл-ахадис әс-сахиха» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
9.    «Сахих «әт-Тарғиб уә-ттархиб»» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
10.    «Сахих «әл-Жәми’ әс-сағир»» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
11.    «Ируа әл-ғалил фи тахриж ахадис Манар әс-сәбил» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
12.    «Адаб әз-зифаф фи-с-Сунна мутаххара» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
13.    «Әхкам ән-ниса ‘ан әл-имам Ахмад» ‘Амр ‘Абдул-Мун’им Салим.
14.    «Шарх әл-мумти’ ‘алә Зад әл-мустақни’» Мухаммад ибн Салих әл-‘Усаймин.
15.    «Ән-Нушуз, дауабитух, халятух, асбабух» Салих әс-Садлән.

Дайындаған: А’маш
Мақаланы қазақ тіліне аударып, орыс тіліндегі мәтінмен салыстырып редакциялаған
«Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы
kz.islamic.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста