NIS оқушысы әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауында жүлделі орынға ие болды

NIS оқушысы әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауында жүлделі орынға ие болды

Бүгін Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауының бірі – International Science and Engineering Fair-дан жүлделі II орынмен оралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ол «Математика» секциясы бойынша «L-тромино-плиткалары» жобасын ұсынды, сондай-ақ 1000$ көлемінде сыйақы еншіледі.

 

– Бір жыл бұрын олимпиадада L-тромино фигурасының көмегімен плиткаларды жанастыру бойынша тапсырма орындадым. Осы тақырыпқа қызығушылық туындап, оны жоба ретінде жасауды қолға алдым. Әлі дәлелденбеген теоремалар бар, соны шешу арқылы келесі жылы да ISEF-ке қатысу жоспарда тұр, – дейді жас математик.

 

Сонымен қатар байқауға Көкшетаудағы Зияткерлік мектептің оқушысы Асылхан Қали де қатысып, «Aq Zhol» жобасын таныстырды. Бұл –жүргізушінің халі мен мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік беретін бейнетіркегіш және жол-көлік оқиғаларынының санын азайтуға бағытталған.

 

– Қазақстанның туын әлемдік аренада көтеріп, еліміздің атынан өнер көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Болашақта одан да жақсы нәтижеге жету үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деп Асылхан өз әсерімен бөлісті.

 

NIS ұжымы, ата-аналары мен достары Сағын мен Алиханды елорданың әуежайында қарсы алды.

 

International Science and Engineering Fair – 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған STEM жобалардың дүниежүзілік байқауы. Халықаралық шара жыл сайын өтеді және әлемнің 100 елінен келген 2000 оқушының арасынан үздіктерді анықтайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста