Қорылдаудың денсаулыққа зияны және онымен қалай күресуге болады

Қорылдаудың денсаулыққа зияны және онымен қалай күресуге болады

Алматы қаласы №2 ҚП жалпы тәжірибелік дәрігері Жазира Байхан адам қорылдағанда ұйқыға кедергі келтіріп қана қоймай, денсаулықтың нашар екенін де білдіретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Медицина қызметкерінің сөзінше, қорылдау – жұтқыншақтың артқы жағындағы жұмсақ, босаңсыған тіндердің, әсіресе жұмсақ таңдай мен тілдің арасынан өтетін ауа тербелісінен туындайды. Жазира Байханның айтуынша, жас, туа біткен анатомиялық ауытқулар немесе тыныштандыратын дәрілерді қолдану жұмсақ тіндердің босаңсуына әкеледі. Артық салмақ та қорылдауға әкеп соқтыруы мүмкін: май шөгінділері тыныс алу жолдарының тарылуына әкеледі. Тар жұтқыншақта мойындағы артық майдың немесе басқа кедергілердің салдарынан ауа ағыны ұлғаяды. "Ұйқының бұзылуы денсаулыққа қатысты қиындықтарға әкелуі мүмкін. Көбіне адам неғұрлым қатты қорылдаса, соғұрлым ол елеулі ықтимал проблемаларды көрсетеді. Сонымен қатар, қорылдау ұйқының обструктивті апноэсы деп аталатын тыныс алудың тоқтап қалу қаупімен бірге жүруі мүмкін. Әдетте бұл жүрек-қан тамырлары ауруларымен (инфаркт қаупіне дейін), қант диабетімен, Альцгеймер синдромына және басқа да аурулармен тығыз байланысты", – деп атап өтті сарапшы. Қорылдаумен күресу үшін дәрігер мынадай әрекеттерді ұсынады: Қорылдайтын адам жиі ауызбен тыныс алады. Иегіңізді байлап, мұрныңызбен дем алуға тырысыңыз. Мұрынмен тыныс алуда қиындықтар туындаса, дәрігермен кеңескеннен кейін тамшылар мен спрейлерді қолданыңыз. Дәріханаларда мұрынға арналған пластырь сатып алуға болады – олар мұрын қанаттарын созып, танауды кеңейтеді және тыныс алуды жеңілдетеді. Мұрын арқылы ауа кіргенде жұтқыншақтағы қысым азайып, жұмсақ тіндердің дірілі бәсеңдейді. Артық салмақтан арылыңыз. Кейде қорылдауды қою үшін аздап салмақ жоғалту жеткілікті. Артық салмағы бар адамда диафрагмалық (қарынмен) тыныс алудың тиімділігі де төмендейді. Темекі шегуді тастаңыз және алкогольден бас тартыңыз. Қандағы алкоголь мөлшері дененің барлық бұлшықеттерін, соның ішінде жоғарғы тыныс алу жолдарының бұлшықеттерін босаңсытады. Сонымен қатар, алкоголь тәуір ұйықыны бұзады. Тыныштандыру дәрілері де ағзаға алкоголь мен темекі сияқты кері әсерін тигізуі мүмкін. Ұйықтар алдын төрт сағат ішінде ауыр тамақ пен кофе ішпеген дұрыс. Тамақ жеп, оны қорытуға тырысу диафрагманың қалыпты жұмысын қиындатады, яғни адам тойып тамақ ішіп жатса, ұйықтаған кезде ағза көбірек ауа қажет етеді, осылайша тыныс алуға да көп күш жұмсалады. Ауа ағынының артуы дірілдің жоғарылауына әкеп соқтырады, сәйкесінше қорылды туындатады. Ұйықтағанда дұрыс жатқан жөн. Адам ұйқыға жатқанда басын сәл көтеріп қойып жатуы керек. Бастың сырғанауына жол бермейтін ортопедиялық жастықтар бар. Шалқасынан жатып ұйықтамауға тырысыңыз, одан да бүйірге жатқан дұрыс. Қорылдауға қарсы мундштук сатып алыңыз. Ауыз қуысының жұмсақ тіндерін нығайтуға және ауаның өтуі үшін иекті алға тарту немесе тілді ауыздың алдында ұстау арқылы тыныс алу жолдарын ашық ұстауға мүмкіндік береді. "Егер сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын дәрі-дәрмексіз жақсарта алмасаңыз және қорылдау шешілмейтін мәселеге айналса, отоларинголог немесе сомнологқа жүгінген жөн", – деп қосты Жазира Байхан. Бұған дейін жалпы тәжірибелік дәрігер Гүлназа Юсупова ұйқыны қандырып, сергек жүрудің жолдарын айтқан болатын. 

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста