Қарулы Күштер спортта да қарымды

Қарулы Күштер спортта да қарымды

7 Мамыр мерекесін бірінші кезекте Отан қорғау­шы­лар­мен байланыстырамыз. Демек, ЦСКА-Әскерилердің орталық спорттық клубының да бұл мерекеге қатысы бар. Ендеше аталмыш мейрамның қарсаңында ЦСКА-ның еліміз­дегі бүгінгі халіне тағы бір рет тоқталып өткеніміз артық болмас.
Жалпы ЦСКА-ның басшылығы, негізгі штабы елордамыз Астанада орна­лас­қа­ны­мен, оның жаттығу орталықтары ай­мақ­тар­да жұмыс жасауда. Атап айтсақ, Щучинск қаласында шаңғы базасы орын тепкен, Алматыда спорттың 12 түрі жұмыс жасап тұр. Ал Алматы облысына қарасты Пан­фи­лов­ка елді мекенінде орналасқан тағы бір жаттығу орталығында ЦСКА-шылар соңғы дайындықтарын пысықтайды. Сондай-ақ былтыр ЦСКА-ның Алматы қаласындағы орта­лығында төрт ашық тен­нис корты салынып, футбол алаңы то­лы­ғымен қайта күрделі жөндеуден өткен. Жаңа жасанды алаң төселген бұл стадион бүгін­де Алма­ты­ның алдыңғы қатарлы футбол кешен­де­рі­нің қатарына кіреді. Тіпті әскерилерге қа­тысты Алматының «ЦСКА» футбол клубы да өз алаңындағы ойын­дарын осы ста­дион­да қабылдауда.
Жалпы, ЦСКА-ның спорттық жетістіктері де аз емес. Спортшылары да қарымды. Мә­селен, боксшылардан Серік Сәпиев, Біржан Жақыпов, Ғани Жайлауов сынды саң­лақтар да әскерилердің құрамына кіреді. Сондай-ақ Ольга Рыпакова, Елена Шалыгина сынды арулары бар. Жалпы бүгінде ЦСКА құра­мын­да ел намысын халық­аралық аренада абыроймен қорғап жүрген 120-дан астам спортшы бар.
Сондай-ақ тағы бір айта кетерлігі, Олим­­пиада ойындары сияқты төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода Қарулы Күштер арасында да ұйымдастырылып тұратынын айтпай кетуге болмас. Былтыр сол дода шілде айында Бразилияда ұйым­дас­ты­рыл­ған. Қазақстан Қарулы Күштері бір алтын, екі күміс және он қола, барлығы 13 медаль иеленген болатын.
– Бүгінде бізде спорттың 17 түрі бар. Бұл спорт түрлерінің барлығы да Қарулы Күштер арасындағы дүниежүзілік ойын­дар­дың бағдарламасына кіреді. Алма­ты­дағы оқу-жаттығу орталығында 12 спорт түрі, яғни футбол, волейбол, баскетбол, бокс, еркін күрес, дзюдо, жүзу, жеңіл атле­тика, спорттық бағдарлау, таэквондо, қоян-қолтық ұрыс және классикалық күрес бар. Щучинскіде филиалымызда бес спорт түрін, яғни шаңғы жарысынан, биатлон, триат­лон, қазіргі заманғы бессайыс және әскери көпсайысты дамы­тып отырмыз, – деді ҚР Қорғаныс ми­нистр­лігі ЦСКА бас­шы­сы, Спорт комитеті төрағасының орын­ба­сары полковник Бекболат Иханбаев.
Дегенмен бұрындары ЦСКА-да спорт­тың 40 түрі болатын. Бірақ көптеген спорт түрлерінің Қарулы Күштерге еш қатысы болмағандықтан, оларды ЦСКА спорттық бағдарламасынан алып тастаған екен.
Басқа спорттық қоғамдастықтары секіл­ді бүгінде ЦСКА-да да Лондон Олим­пиадасына дайындық қызу жүруде. Бүгінде ЦСКА-ның 15 спортшысы Лондон Олим­пиа­дасының лицензиясын иеленген екен. Атап айтсақ, Серік Сәпиев, Ғани Жайлауов, Біржан Жақыпов, Ілияс Сүлейменов (бәрі де – боксшылар), Ақжүрек Таңатаров, Дәу­лет Ниязбеков (екеуі де – еркін күрес), Евгений Алексеев (ескек есу), Анна Куль­кина (синхронды жүзу), Ольга Рыпакова, Мар­гарита Мацко, Евгений Эктов, Екате­ри­на Эктова, Ольга Терешкова, Виктория Ялов­цева. Дегенмен  жүктіліктеріне бай­ла­ныс­ты Терешкова мен Яловцева Лондон додасына қатыспауы мүмкін.

Бекболат Иханбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі ЦСКА басшысы-Спорт ко­ми­теті төрағасының орынбасары, пол­ков­ник:
– Бізде бұрын спорттың 40 түрі бо­ла­тын. Әрқандай сұрыптаулар жүргізілгеннен кейін олардың бірқатары қысқартылды. Себебі ол жердегі спорт түрлерінің Қарулы Күштерге еш қажеті болмады. Мысалға гимнастиканың Қарулы Күштерге қатысы жоқ. Ол жеке үйірме ретінде Алматыда істеп тұр. Бірақ команда ретінде спорттың бұл түрі ЦСКА-ға керек емес. Сондай-ақ ЦСКА-да гольф спорты да болатын. Бірақ өз­деріңіз ойлаңыздаршы, гольфтың әс­кер­­ге не қажеті, не қатысы бар? Біз Қарулы Күш­­­терге қажетті деген спорттың 17 түрін ғана қалдырып отырмыз. Алайда жаттық­ты­­­рушылардың 90 пайызын алып қал­дық.
– Бұрындары ЦСКА-ны Астанаға то­лықтай көшіріп, Алматыдағы орта­лы­ғы жабылады деген сынды сы­быс­тар көп болушы еді...
– Өткен жылы Астанада осы мәселеге бай­­ланысты алқалы жиын өтіп, ЦСКА-ның қала­тыны туралы, жұмысын әрі қарай жал­ғас­тыратыны жөнінде айтылған. Теннис корт­тары салынды, футбол алаңы жаңар­тыл­ды, көптеген басқа кешендер де салы­ну­да. Сондықтан ЦСКА Алматыда мәңгі қала­ды деп айтуға толық негіз бар.
– Лондон Олимпиадасынан қанша медаль күтесіздер?
– Басты үмітіміз – Серік Сәпиев пен Ольга Рыпакова. Сонымен қатар өзге спорт­­шыларымыз да жүлделі орындарға ілігіп қалатын шығар. Әзірге екі медаль деп отырмыз.
– ЦСКА жыл сайын бокстан Сағадат Нұр­­мағамбетовтің атында халық­ара­лық турнир өткізуші еді. Биыл бұл дода қай уақытта ұйым­дас­ты­ры­ла­ды?
– Осыған дейін қаржы мәселесі шеші­мін таппай келген. Соған байланысты тур­нирді өзіміздің спорттық кешенде өткізе салатын шығармыз деп ойлап едік. Жа­қын­­да бюджеті белгіленіп, қомақты қар­жы бөлінді. Енді Алматының орталығынан үлкен спорт сарайын жалдаймыз. «Дос­тық­­та» өткізетін шығармыз. Күнін де бел­гілеп қойдық. 25-30 мамыр аралы­ғын­да өте­тін бұл додаға Қазақстаннан бөлек то­ғыз елдің 200-ден астам боксшылары ке­леді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста