Жырау мұрасы дәріптелді

Жырау мұрасы дәріптелді

Астанада «Жыраулық дәстүр жауһарлары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция Мұрын жыраудың 150 жылдығына арналды.

Озық өнерімен алдына жан салмаған дара жыршы – бұдан 500 жыл бұрын өмір сүрген Сыпыра жыраудан бастау алатын әйгілі мектептің өкілі. Мұрын жыраудың «Қырымның қырық батыры» атты дастаны – қазақ руханиятына қосылған теңдессіз дүние. Халқымыздың бірнеше ғасырлық тарихын қамтыған аталмыш дастанды толық жырлау үшін 45 күндей уақыт не мыңнан аса сағат керек. Бірегей жырды стенографияға түсіріп алу мақсатында 1942 жылы сол кездегі Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасынов пен академик Қаныш Сәтбаев Мұрын жырауды елден арнайы алдырады. Содан 81 жастағы жырау Алматыда алты айдай жатып, «Қырымның қырық батырының» таспаға түсуіне себепкер болады. Бүгінде дастан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кітап болып басылып шықты.

Жыраудың мерейтойына орай, оның туған жері Маңғыстау өңірінде де игі істер қолға алынуда. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жауынбай Қараевтың сөзіне жүгінсек, Мұрын жыраудың Форт-Шевченко қаласындағы кезінде өзі тұрған үйі мұражайға айналдырылып, сондағы өнер мектебіне жыраудың атын беру туралы ұйғарым жасалды. Алдағы уақытта Мұрын жыраудың құрметіне облыстық жыршы-термешілер сайысын өткізетін болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста