Журналист: Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” арнасын отбасылық бизнеске айналдырып алған

Журналист: Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” арнасын отбасылық бизнеске айналдырып алған

Отандық БАҚ «Балапан» арнасының басшылығынан кеткен Ләйлә Сұлтанқызының бес жылдық қызметіне талдау жасады. Журналист Берік Мыңжасар Ләйлә Сұлтанқызын бес жыл ішінде «Балапан» арнасын отбасылық бизнесіне айналдырып алған деп айыптады.
Мақала «Серке» басылымында «Балапан»: Ләйлә Сұлтанқызының өзі кетсе де, көзі кеткен жоқ» деген тақырыппен жарияланды.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Балапан» телеарнасын бақандай бес жыл басқарған Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен кетті. Оның орнына «Балапанды» құрып, оған алғашқы жылдары басшылық еткен Жанар Шәмел келді. Телерадиокорпорацияның Стратегиялық маркетинг департаментінің мәліметі бойынша, Жанар Шамел бала күтімінен кейін қызметіне қайта оралды. Үстірт айтыла салған бұл мәлімдеменің астарында ұзаққа созылған интрига бар. 2012 жылы бала күтіміне байланысты еңбек демалысына кеткен Жанар Шәмел екі-үш жылдан бері өзіне заң бойынша тиесілі қызметіне келе алмай жүрген. «Балапанның» директорлық қызметі ұнап қалған Ләйлә Сұлтанқызы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бұған дейінгі басшысы Нұржан Жалауқызымен өте жақсы қарым-қатынас құрып, сеніміне кіріп алды. Өзара мүдде тоғыстырып бірігіп алған екі әйелмен ол кезде қарсыласу мүмкін емес еді. Сол себепті де Жанар Шәмел өзіне тиесілі қызметке келе алмай мысы құрып жүрген», – деп жазады автор.

Журналистің айтуынша, «Балапан» арнасынан Ләйлә Сұлтанқызы кетті» деуге әлі ерте. Себебі «Балапанның» бағдарламаларының басым бөлігін даярлайтын «KazMedia Mobile» фирмасы Сұлтанқызының інісіне тиесілі.

«2000-шы жылдардың басында «Шаһар» және «ХитТВ» телеарналарында продюсер болып қызмет атқарған ол 2008 жылы телеарналардан тендер ұтып, сол ақшаға телевизиялық бағдарламалар дайындайтын «KazMedia Mobile» ЖШС құрған. Отбасылық бизнеске айналған бұл фирманың күреп мол қаржы тауып, дәуірлеген кезі де Ләйлә Сұлтанқызының «Балапан» телеарнасына басшы болып келуімен байланысты. Ол «өзінің жекеменшік фирмасына тендер беретін басшы» атанбас үшін жылдамдатып «KazMedia Mobile» фирмасын інісі Бейбіт Долмахаевтің атына ауыстырып жіберді. Медиа саласына монополия ауықымының кең етек жайғаны соншалықты, соңғы бес-алты жылдан бері «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін бағдарламалардың бәрін «KazMedia Mobile» ЖШС жасап келеді», – деп жалғады сөзін автор.

Мақалада Ләйлә Сұлтанқызының әсіре туысшылдығының «Балапанға» кері әсерін тигізгені айтылған.

«Шымкенттің тумасы Ләйлә Сұлтанқызы туысшыл, бауырмал, кішіпейіл, ақкөңіл болып көрінеді. Шындығында да сондай шығар. Бірақ оның бұл қаситеті де «Балапанға» кері әсерін тигізіп жүр. Мысалы, телеарнаның тапсырысы бойынша мультфильмдер дайындау ылғи шымкенттік фирмаларға беріліп келді. Қазір де телеарнада «KazMedia Mobile» фирмасы билеп-төстеп тұрғандықтан бұл үрдістің жалғаса беретіні анық», – дейді автор.

Сөз соңында журналист «Балапан» арнасында Сұлтанқызының ұлының тележүргізуші болып жүргенін сынады. Автордың айтуынша, ол бағдарламаның сапасы сын көтермейді.

«Себебі, бағдарлама жүргізушісіне кастинг арқылы іріктеу жасалмағаны көрініп тұр. Егер ондай іріктеу жасалса, еліміздегі ең үздік бала блогер құқығын Англияда оқып келген журналист Әуесбайдың Қанатының ұлы немесе Мұрат Есжанның баласы жеңіп алған болар еді. Бұл екі жас талант ағылшын тіліне жетік, нанотехнологиялар жөніндегі түсінігі жоғары әрі интернетте біраздан бері жеке бологын жүргізіп келеді. Екеуінің де жасаған хабарларын балалар қызыға тамашалап жүр. Бірақ, еліміздің балаларға арналған бас телеарнасының эфирінен олар емес, Ләйлә Сұлтанқызының ұлы сөйлеп тұр», – деп жазады БАҚ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста