Журфакта – жаңа басшы

Журфакта – жаңа басшы

Белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, халықаралық Айтматов академиясының академигі Өмірхан Әбдиманұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне декан болып тағайындалды.
Өмірхан Әбдиманұлы 1953 жылы Жам­был облысының Құлан өңірінде дү­ние­ге келген. 1982 жылы М.В. Ломоносов атын­дағы Москва мемлекеттік универ­си­те­тінің журналистика факультетін әдеби қызметкер мамандығы бойынша бітірген. 1982-1983 жылдары Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінде қызмет істеген. 1983-1988 жылдары Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлттық университетінің жур­на­лис­тика факультетінде теле-радио журна­лис­тика кафедрасының оқытушысы, ал 1988-1991жылдары ҚазҰУ-дің фи­ло­ло­гия факультетінің аспи­ран­ту­ра­сын­да оқы­ған. 1992 жылы Ахмет Байтұр­сын­ұлының шығармашылығы бойынша «А.Бай­тұр­сы­нов­тың әдеби-публицистикалық мұрасы» атты кандидаттық диссертация қор­ғаған. 1991 жылдан ҚазҰУ-дің филология фа­куль­тетінде аға оқытушы, доцент, про­фес­сор, кафедра меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. 1993-1995 жылдары сырттан оқы­татын филология факультетінің, 2002-2005 оқу жылдарында филология фа­куль­теті деканының орынбасары қызметтерін атқарған. 2007 жылы «Ұлт-азаттық идея­ның ХХ ғасыр басындағы қазақ әде­бие­тін­дегі көркемдік мәні мен жаңашылдық сипаты» атты тақырыпта докторлық дис­сер­тация қорғаған. 2009 жылдан қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафед­ра­сының меңгерушісі.
Өмірхан Әбдиманұлы – қазақ әдебиеті тарихының «ақтаңдақтарын» ашуға елеулі үлес қосып, Алаш тарихын, Алаш арыстары шығармашылығын терең зерттеп, бірнеше іргелі еңбектер жазған әдебиет зерттеушісі. Ғалымның қаламынан шыққан «Қазақ газе­ті» ( Алматы: Қазақстан, 1993. – 198 б.), «Ахмет Байтұрсынұлы» (Алматы: Арда, 2007. – 296 б.), «Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азат­тық идея» (Алматы: Қазақ универ­си­теті, 2007. – 325 б.) «Ахмет Байтұрсынұлы» (Ал­маты: «Арда», 2007. – 296 бет), «Қазақ әде­биетіндегі ұлттық рух (Алматы: Қазақ университеті. – 192 б.) монографиялары – уақыт үдерісіндегі әдебиеттану ғылы­мы­ның алдына қойыл­ған талап­та­рына сай жа­зылған, замана сұранысына то­лық жауап бе­ре­тін жаңашыл си­патымен әде­­­би-ғы­лы­ми ор­тада лайықты бағасын алған ғы­лыми ең­бек­тер. Ұлағатты ұс­таз­дың жо­ға­­ры оқу орын­да­ры­ның филология, жур­налистика фа­куль­тет­теріне арналған «Қазақ әдебиеті» (Алматы: Изд-во «Мек­теп», 2007. – 288 б.) оқу­лығы, «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 б. ), «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900-1940)» (Алматы: Қазақ уни­вер­ситеті, 2010. – 156 б.) оқу құралдары қазақ әдебиеті тарихын жаңаша оқытуды шарт тұтқан, Алаш әдебиетін негізге ала отырып жазылған алғашқы ұлттық жаңа буын оқулықтары болып табылады. Ғалым Алаш тарихына, Алаш әдебиетіне, Алаш қай­раткерлерінің өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғына арнап 100-ден астам ғылыми ма­қалалар жазды.
Өмірхан Әбдиманұлы республиканың білім жүйесіндегі шығармашылығы және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім ми­нистр­лігінің Құрмет грамотасымен (1996) және «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1997) мара­пат­тал­ған. Қазақстан Журналистер одағының Мұхамеджан Сералин атындағы сый­лы­ғы­ның иегері.
Қазақ журналистикасының қара шаңы­ра­ғы болып саналатын факультеттің тізгінін қолға алған Өмірхан Әбдиманұлының жа­ңа жұмысына табыс тілейміз.
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста