Жұлдыздар елді алдауға көшті ме, әлде тағы да алдана ма?

Жұлдыздар елді алдауға көшті ме, әлде тағы да алдана ма?

Бүгінгі уақыт  әлеуметтік желіге тәуелді. Сол әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, ақша тауып жүргендер де жетерлік. Кітабын, көлігін, пәтерін, тіпті үстіндегі киімін де ұтысқа тігіп жатыр. Пандемия кезінде лотереяның онлайн ойыны пайда болды. Әуелі  2-3 мың салып тіркеледі де, сосын 50 мың мен 70 мыңға дейін бонус алады. Бұл ұтыстан бөлек берілетін сыйақы. Бұған сеніп, алданып отырған да қарапайым халық.  Ал оны жарнамалаушы топ &ndash елге танымал блогерлер мен әншілер.

Мұндай ұтыс түрін біраз блогердің парақшасынан көруге болады. Олар бұрынғыдай «ойын ойнатамын, ұтыс ұтып алыңыз» деп жарнамаламайды. Бірақ стористері арқылы «ойын ойнап, ақша табамыз. Ол үшін тек интернет пен телефон болса болды. Алғашқы бонус қалтаға түседі» деп сендіреді.   Сөйтіп @etyzz satt дейтін аккаунты сторисіне қалдырып кетеді. Сол аккаунтқа кірген кезде, басты бетте ойынның сайтына сілтеме тұрады. Елді сол сілтемеге кіруге шақырады. Ал оған кіру үшін  алдымен 3 мың теңге салып, тіркелуіңіз қажет. Осыдан соң онлайн казино «Вулкан» шыға келеді.

Қазір бізде осылай жарнамалайтындар саңырауқұлақша көбейген. Олар ақшаның көзін қалай табуға болатынын көрсетеді. Аз уақытта ақша табудың  жеңіл әрі оңай жолын меңзейді. Мәселен, Ахон Бержан деген блогер қажетті киім-кешегіне дейін осы жерден ақша тапқанын айтқан. «Сүйіктім өзіне гауһар таспен әсемделген етік сатып алған, ал маған ештеңе жоқ. Бірақ бүгін 73 мың ұтып алдым, сол ақшаға ертең аяқкиім сатып аламын. Оның үстіне, ең бірінші 3 мың теңгеге  есепшот ашқандарға 50 мың теңгеге бонус беріп жатыр» деп сілтемеге сілтейді. Бастапқыда бонусы 50 мың теңге болса, кейін 70 мыңға, одан соң 7777-ке өскен. Беріліп жатқан бонустың ұлғайғанын жайдарманшы Жандос Самалбековтің парақшасынан көруге болады.

Ол аккаунттардың жазбаларының орналасуы да бірдей. Оған қоса, стористе түрлі аккаунттар көрсетілгенімен, олардың апаратыны &ndash бір сайт. Ол &ndash казино «Вулкан». Ресейде тыйым салынған сайт. Сол үшін онда ойнағандар заң жүзінде жазаланып, айыппұл салынған. Олар үлкен бонус беру арқылы адамдарды казиноға жинап, тақырға отырғызған. Елде кедейшілік көбейе түскен. Ойыншылардың ақшасы түспей, елді дүрліктірген. Сол кезде заңға сәйкес, енген өзгерістерге байланысты Ресейдегі «Вулкан» жабылады. Өкінішке қарай, ол өзінің жұмысын тоқтатпады, тек интернет кеңістігіне көшті. Ал бұл онлайн-казино танымалдығының артуына әкелді. Содан бастап онлайн-казиноға тыйым салынды. Әсіресе, заңсыз құмар ойындарға қатысы бар адамдардың тізімі жасалып, Федералдық салық қызметіне тіркеліп отырады. Қазір олар орыстілді ортадан кетіп, қазақтілді ортаға енді. Алданғандар тағы шығар. Әзірге бәрі табыс тауып жатқандай.

Мұны насихаттар жүргендердің арасында әнші Ерке Есмахан да бар. «Менің директор-сіңлім Ақмарал банан ойнын ойнап, ұтыс ұтып алды. Сіздер де ойнап көріңіздерші. Үлкен бонус беріледі» деп үгіт-насихат жүргізеді. Ертеңінде сол ойыннан ұтқан ұтысының чегін де дәлел ретінде көрсеткен. Жалпы, Ерке Есмаханның 5 млн 600 мың оқырманы бар екен. Оқырмандардың 74 %-ы &ndash әйелдер. Қыз-келіншектер арбауға тез түседі. Осылайша елге танымал жандар өз пайдасы үшін жазылушыларын орға жығып жатқан секілді.

Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтқындалғандардың кейбірінде әлеуметтік желіде ұтысқа тіккен пәтер де, төрт қымбат көлік те, тұрмыстық техника да болмаған. Қатысушыларды алдап, сендіру үшін жеке тұлғалардан 4 көлікті жалға алған. Парақшасында жарнамалау арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000-нан астам ұтыс билеті сатылған еді.  Бұл еліміздегі ойын ойнатып ақша табуды көздеген бірінші жағдай емес. Бәйгеге көлік, үй, басқа да қымбат заттар тіккендердің қатарында жалғыз Ернар Айдар болған  жоқ. Әуелі Нұрлан Еспанов 20 көлік тігетінін айтып жарияға жар салған. Дегенмен әнші «Біздің түріміз танымал болғандықтан, компания тарапынан осы өнімді жарнамалап беріңізші деп ұсыныс айтады. Бұл жекеменшік лотерея емес. Үлкен автоорталықтың құзырындағы жұмыс» деген ол лотерея ойнатып, түскен ақшаны Арыс халқына қайырымдылық жасағанын айтқан.

Сосын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева 7 мың теңгеге кітап сатып, құны 100 миллионға бағаланған Астанадағы пентхаусын ұтысқа тікті. Одан кейін Бүркіт пен Аиша екі пәтер, бес көлік ұсынды. Әнші Алмас Кішкенбаев та елордадағы екі бөлмелі пәтерін ойынға салды. Айта берсек, тізбек әрі қарай жалғасып кете береді. Мәселе ушығып бара жатқан соң осыдан біраз бұрын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Ұлттық лотерея операторынан лицензия алмай, Instagram-да үйін, көлігін ұтысқа тіккен азаматтар енді жазаланады. Жеке тұлғалар үшін бұл 200 АЕК, шағын бизнес субьектілері мен коммерциялық емес бірлестіктер үшін 700 АЕК, орта бизнес үшін 1 000 АЕК, ірі бизнес үшін 2 000 АЕК» деген болатын.

«Актер, әншілердің Instagram-дағы парақшаларын бұғаттап тастау керек» деген еді депутат Светлана Романовская. Өйткені кейінгі кезде әлеуметтік желілерде жұлдыздар жарнама жасаумен жиі айналысады. Оның үстіне депутат миллионнан аса жазылушысы бар актер, әнші, вайнерлердің не жарнамалап жатқаны тексерілмейтінін, соның кесірінен көбіне синтетикалық есірткілер мен қаржы пирамидаларының жарнамасы көбейгенін айтқан еді. Сондықтан лотерея болсын, карта болсын, ешкім ұтыламын деп ойнамайды. Бәрі қызығып, үміттеніп қатысады. Бәрі бірдей ұтысқа ие бола алмайтыны тағы анық. Сол үшін сақ болған жөн.

Алданатын да, арбалатын да қарапайым халық. Қалтасындағы барын салып, қымбат қазынаға жолыққысы келеді. Алайда, «желмен келген дүние желмен кететінін» ұмытып кете береміз. «Алмақтың да алмағы  бар, ат көтере алмас салмағы бар екенін» ұмытқанымыз ба?

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста