Жұлдыз Әбдікәрімова: Қазақстандық журналистер байқаудың ұйымдастырушыларына "Қаншаға сатып алды?" деп хат жолдапты

Жұлдыз Әбдікәрімова: Қазақстандық журналистер байқаудың ұйымдастырушыларына "Қаншаға сатып алды?" деп хат жолдапты

Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы 2020" байқауындағы жеңісін қарсыластарына емес, отандастарына дәлелдей алмай қиналғанын айтты. Жұлдыз ханым сенімсіздік білдіргендерге ренішін айтты.

"Байқауды толық қайдан көруге болады, тәж таққан сәттер неге жоқ?!
Пандемия салдарынан 44 жылдық тарихы бар &ldquoMrs Universe&rdquo байқауы алғаш рет онлайн өтті. Қатысушылар бір сахнада бас қосып, сайысқа түспеді. Сондықтан байқау туралы видеолар жоқ.

Байқау тек дауыс беру қортындысымен аяқталды ма?

Байқауға қатысушы өзін, елін таныстыратын 1 минуттық ролик түсіріп, түрлі образдағы суреттері мен биографиясын, анкетасын жібереді. Содан кейін ғана дауыс беріп, жеңімпаз анықталады.

Күйеуіңіз Қайраттың үлесі бар ма?

Иә, әрине. Байқаудың ең негізгі шарттары - тұрмыстағы, балалы-шағалы әйел болу. 4 баланың анасы болуыма әрине Қайраттың үлесі бар.

Банк карточкасымен төледі ме?

Ақшамен құр атақ сатып алғанша, білім-оқу сатып алғаным 100 есе пайдалы әрі қайтымды емес пе?! Жеңістің шын дәмін - алғашқы күннен-ақ дауыс берген халық біледі. Ал қалғаны - өзі дауыс бермеген және ештеңені көрмеген адамның сөзі. Ондай адам сыртта жүріп іштегіні, шындықты қайдан білер дейсіз?!

Фейк жеңіс екен, Ресей жеңіпті, сіздікі өтірік екен.

Ресми сайтына кірсеңіз, әр жылдың жеңімпаздары көрсетілген. 2020 жыл жеңімпазы деп Ресей емес, Қазақстан деп жазылған.

Ең бір өкініштісі - өз жеңісімізге өзге емес өзіміз күмән келтіріп, мойындай алмай жатқанымыз. Байқауға қатысқан қарсыластарыма емес, өз еліме дәлелдеу қиындық тудырады деп мүлде ойламаппын. Тіпті, шетелдегі ұйымдастырушыларға Қазақстан журналистері &ldquo Қаншаға сатып алды?&rdquo деп хат жолдапты. Ал ұйымдастырушылар байқау тарихында өз елінің жеңісіне күмән келтірген, негатив тудырған мұндай жағдайды бірінші рет көруіміз дегенде, жеңісімнен бұрын қатысқаныма ұялып кеттім...

Осыдан кейін де Қазақстанның жеңісіне күмән келтірушілерді - ішінде ұлттық комплексі көп адамдар санатына жатқызуға болатын шығар... Ал мені қолдаған ақжүрек халқыма рақмет", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары Жұлдыздың сөзін қолдап, өз пікірін жазып жатыр.

"Қазақтың көре алмайтын мінезін "әлем" көріп қалғаны ұят болған екен... Қайран Қазағым-ай, қайтем-ай... Неге біздер басқа біреу жеңіп жатса, дәл сенің жеңісіңді ұрлап қойғандай, тура сенің жетістігіңді тартып алғандай, дәл сенің басыңдағы бағыңды алып алғандай күй кешеді екенбіз".

"Иә, өте ұят тірлік жасап отыр біздікілер... Қазақ десең өзіңе тиеді... Біреудің қуанышына қуана алмағанға бақ қонбайды дейтін бе еді?! Қазақтың атағын шығарып,қазақтың әйелі, қызы деген қандай болатынын әлемге паш еткен Жұлдыз ханымның қуанышына ортақтаса білуіміз керек!!! Қазір қазақтың өзіне де,қыздарына атағына дақ түсіп тұрған заманда бұл үлкен ерлік деп білер едім! Жеңісіңіз құтты болсын!".

"Сенің жолыңды маған да нәсіп етсінші көп балалалы ана болғым келеді", - деді олар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста