Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады

 Жақсылыққа жаны құмар әнші Заттыбек Көпбосынұлы зәулім үйінің қасындағы дүкенін ауылдастарына намазхана ретінде сыйға берді. Енді ауылдастары бұл дүкенге тауар алу үшін емес, намаз оқу үшін келетін болады.

Жұмыс істеп, саудасы қызып тұрған дүкенді намазханаға айналдырғанын Заттыбек Көпбосынұлы: «Алла маған өнер берді, сол өнер арқылы ризығымды молайтты. Екі қабатты зәулім үй салдым. Бұл намазхана менің Аллаға деген шүкірлігім. Біздің мөлтек ауданға мешіт сәл алыстау. Жаяу жүріп бір сағатта барасың. Осындағы ақсақалдар, балалар қиналып қалмасыншы, жиналып намаз оқитын, рухани әңгіме айтатын жері болсыншы деген ниет еді. Арнайы ұстаз бекітілді. Енді балалар осы намазханадан бабалар ұстанған асыл діннің негіздерін үйреніп, иманды болып өссе мен үшін сол үлкен бақыт. Осы уақытқа дейін де дүкенсіз өмір сүрдім ғой, бұдан кейін де Алла өзі жеткізеді» — дейді.

Ақсақалдар ақ батасын беріп, көршілер: «Жаны жайсаң, қолы ашық Заттыбек Көпбосынұлының бұл ісі нағыз азаматтық, тұлғалық. Аман жүрсін, өмірілі берекелі болсын» — деп ақ тілегін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ел болашағының баяндылығына сөзбен емес іспен атсалысып жүрген Заттыбек Көпбосынұлыдай азаматтар көп болсын!

oishogyr.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста