«Жанартауда» жыр оқылды

«Жанартауда» жыр оқылды

Ел тарихында ереуіл туғызған Жаңаөзен оқиғасының 20 жылдығына орай Маңғыстау өңірінің талантты жастарының басын біріктірген «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігі Ақтау қаласында жас ақындардың жыр кешін ұйымдастырды.
1989 жылдың шілдесінде орын алған осынау оқиға жергілікті тұрғындар мен кавказдық ұлт өкілдерімен қақтығыстан туын­­даған еді. «Сұрағандарың сөз бол­са...» деп аталатын әдеби кешке маң­­­ғыс­таулық жас ақындар қатысып, қазақы рух­ты өр­­шіл өлеңдерімен өрнектеуге ты­­рыс­ты. «Бұл шараның мақсаты – жастар­дың бойындағы патриоттық рухты шың­дап, әр­түр­лі ұлт­тар арасындағы толерант­ты қарым-қатынастарды дамыту болып табылады», – дейді бірлестік төрайымы, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар ода­ғының мү­шесі Анар Шамшадинова.
Жалпы, мұндай шараларды «жанар­тау­лықтар» жиі өткізіп тұрады. Бұған дейін «Жанартаудың» көмегімен бірнеше да­рын­ды қыз-жігіттің шығармашылық кеш­тері ұйымдастырылып, бірқатарының тұң­ғыш жыр жинақтары да жарық көрген. Бұл жолы да жергілікті әкімдік басшылары жас­тар шығармашылық бірлестігіне қол­дау көрсетіп, алдағы уақытта қанаттасып жұ­мыс атқаратынын атап айтты.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста