Тұлға арқылы ұрпақты тәрбиелеу

Тұлға арқылы ұрпақты тәрбиелеу

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Олжас Сүлейменов тұлғасының үлгісі арқылы жастарды тәрбиелеу моделі» атты студенттік ұйымдардың республикалық Жастар форумы табысты өтті.
Аталған форумға Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы мен Медеу ауданы әкімдіктері өкілдері, республика­дағы жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, жастар саясаты комитеттерінің төрағалары мен студент жастар қатысты. Біліктілердің басын қосқан ауқымды шараның басты мақсаты – белсенді студент жастарды біріктіру, олардың өзекті проблемаларын талқылау, жастар ұйымдарының қарым-қатынасын нығайту және тың идеялар мен бастамаларға қол­дау көрсету. Сондай-ақ Олжас Сүлей­ме­нов­тің тұлғасы арқылы Қазақ ұлттық аг­рар­лық университетінің студенттерді тәр­биелеу моделінің тәжірибесін насихаттау.
Елуге тарта ЖОО-дан 100-ден астам студент қатысқан форумда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі уақытта жастар саясаты мен тәрбие­сіне мемлекет тарапынан барынша көңіл бөлініп отырғандығын тілге тиек етті.
Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик:
– Мемлекет басшысы республика білім қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Бі­лім беру ісін реформалаудағы страте­гия­лық міндеттердің бірі – шығарма­шылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу» деп атап көрсеткен болатын. Бұл мақ­сат­тың жүзеге асуы тек тұлғаның қалып­тасуына ғана емес, жалпы қоғамның дамуына үлкен әсерін тигізеді. Осы ретте оқу орнында жастарды қазақстандық патриотизм және толерантты этника­ара­лық рухта тәрбиелеу жұмысы мақ­сатты әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Қай уақытта да ел болашағы – жас ұрпаққа сол дәуірдің бірегей көрнекті тұлғалары үлгі болған. Міне, сондай тұлғаның бірі – халық ақы­ны, ойшыл-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омар­ұлы Сү­лейменов. Оның тұлғалық кеңіс­тігін қазіргі замандастары әлі толық түсіне алған жоқпыз. Бірақ бір нәр­се анық – Олжас Омарұлы – қазақ хал­қының тарихында өз парағын жазып қал­дырған айтулы тұлға.

Олжас Омарұлы жыл сайын 18 мамыр – өзінің туған күні қарсаңында Алматыда­ғы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне арнайы келіп, мәдени шаралар мен волейбол турниріне қатысуды дәстүрге айнал­дыр­ған.
Өйткені аталған оқу орнында бірнеше жылдан бері ақынның атымен аталатын Әлеуметтік-гуманитарлық білім және тәр­бие институты жұмыс істейді. Сондай-ақ аг­рарлық университеттің үлкен спорт ке­шенінде жыл сайын волейбол спорты ар­да­герлері арасында дәстүрлі «Олжас Сү­лейменов жүлдесі» сарапқа салынады. Бұл шаралар университет ректоры, академик Тілектес Есполовтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылып келеді.
Бұл жолы да білім қуған жастардың ор­та­сынан көрінген ақын форум жұмысына қаты­сушыларға алғыс айтып, руханият пен білім турасында келелі ойларымен бө­лісті.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Халық жазушысы:
– Бүгінгі форум тақырыбы менің өз­ім­ді ойлануға мәжбүрлеп отыр. Иә, мен қалай тәрбиелендім? Бізді анамыз да, уақыт та, комсомол да, студенттік орта, мек­тептегі достық, көшедегі қарым-қаты­нас та тәрбиелеп, соның бәрін өзі­міз­ден өткіздік. Ал менің тәрбием бүгінгі тәрбиеден несімен ерекшеленеді? Әри­не, уақыт өзгерді. Бірақ бізді «алдымен хал­қың, Отаның жайлы, сосын ұжымың, адам­зат туралы, сонан кейін уақыт қалса өзің жайлы ойла» деп тәрбиеледі. Мені анам «Еңкейгенге еңкей – ол әкеңнің құ­лы емес, шалқайғанға шалқай – ол Құ­дай­дың ұлы емес» деп өсірді. Ал Тәуел­сіз­дік алғаннан кейін экономиканы, мә­де­ниет пен білім жүйесін қайта құру ке­зінде «Қалай болған жағдайда да өзіңді ойла, саған жақсы болса, елге де жақсы, сондықтан уақыт қалса, елді сонан соң ойла» деді. Міне, сіздер осындай уақытта туып, осындай уақытқа тап болдыңыздар. Біз өзіміздің ХХ ғасырымызды қиын­дықпен өткізсек те, адамгершілік, ар-на­мы­сымызды, ақыл-ой, сана-түсінігіміз­ді сақ­тап қалдық. Ал сіздер әлі жассыздар. Бәрі алда. Кезінде Америка президенті Джон Кен­неди: «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деп ойлау керек» деген. Мәселе, кіммен бірге болу­да емес, кім болып шығуда дұрыс таңдау жасау керек. Міне, осы сөз бәрі­мізге қатыс­ты деп ойлаймын.

Форум бағдарламасы аясында ҚазҰАУ-дың студенттік орталықтары мен ҚазҰАУ ғалым жастары альянсының тұсаукесері, О.Сүлейменов шығармашылығы бойынша әдеби-сазды композиция, дебат, шеберлік сыныбы, жастар аллеясын отырғызу т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұ­дан соң аграрлық университеттің спорт ке­ше­нінде Олжас Сүлейменовтің қатысуы­мен волейболдан ардагерлер арасында VІ ха­лық­аралық турнир басталды. Осы күні түс ауа Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ол­жас кітапханасы» баспа үйінен жарық көр­ген «Қазақ әдебиетінің классиктері, қазақ про­засының және поэзиясының шеберлері» атты кітап сериясының арнайы таныс­тырылымы ұйымдастырылды. Жаңа әдеби кітаптардың тұсаукесеріне белгілі ақын-жазушылар, әдебиеттанушы ғалым­дар мен кітапхана қызметкерлері қатыс­ты.
Бұдан соң шаралар Әл-Фараби атын­да­ғы ҚазҰУ-да жалғасып, онда Олжас Омар­ұлы Сүлейменов студент жастармен кездесу өткізіп, «Сөзді сүю» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Форум мате­риалдары алдағы уақытта арнайы жинақ­қа топтастырылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста