Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты
Тоқтар Серіков кезінде Бейбіт Сейдуалиеваға көзі түскен белді тұлғалар жайында айтып берді. Оның Бейбітке үйленуінің бірінші себебі – оған деген сезімі болса, екінші себебі – оның тағдырына алаңдаушылығы.
Бұл туралы «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Тоқтар Серіков өнерде жүрген қыздардың тағдырына алаңдайды. Себебі жалт-жұлт етіп сахнада жүрген жұлдыздарға кім көрінгеннің көзі түседі дейді.
«Өнерде жүрген қыздардың көбінің тағдырына қарап жүрегім ауырады. Сондықтан қазақ қыздары өнерге келсе де, өзіне, өнеріне жаны ашитын азаматты жолықтырса деген ой. Бейбітке де ғашық болғаным, жасыратыны жоқ, өнерден басталған дүние. Осы қыздың тағдыры не болады екен деп ойлағанмын басында. Қасында жүрдім, аға болдым, қамқор болдым», – дейді Тоқтар Серіков.
Айтуынша, кезінде Бейбітке әкесімен жасты кісілер көз қырын салған. Тіпті, оның арам пиғылын жүзеге асыру үшін ол кісілер Бейбіттің телефон нөмірін Тоқтардың өзінен сұраған.
«Қарап отырсам Бейбіттің телефонын өзімнен келіп сұрайды біреулер. Сонда олардың ойларын біліп тұрмын. Мына қызды қайдан тауып алсақ болады екен деп… Үлкен жігіттер. Жоқ, менің жүріп жүрген қызым ғой деп бетін қайтарытынмын. Кейбіреулеріне «кейін тауып беремін» деп қылжақтаймын. Кәдімгідей артымнан жүретін олар. Сондайларға күлкім келеді. Сонда үлкен әкелерімен жасты кісілер. Аттарын атамай-ақ қояйын, белгілі адамдар.
Соны көріп тұрып, мен бұл қызды тастап кететін болсам, қолымнан келіп тұрып бір адамға көмегімді жасамасам, суға батырып не өртке тастай саламын ба? Махаббатымның одан сайын шынайыланғаны, жанданғаны соны көргендіктен… Жоқ, болмайды, дер кезінде мен жәрдем бермесем, кім көрінгенге қолды болып кетуі мүмкін дедім. Өзінің де санасы, ақылы бар, Құдайға шүкір. Бірақ дей тұрғанмен қоғам соған алып бара жатыр. Арсыз, намыссыз еркектер, арсыз қыздар оны істеймін десе, оп-оңай істейді», – деп түйіндеді сөзін Тоқтар.