«Титаник» туралы ақпарат қазақ жерінде 1912 жылы жарияланған

«Титаник» туралы ақпарат қазақ жерінде 1912 жылы жарияланған

Қазақ жерінде алғаш рет жарық көрген басылым ретінде «Қазақстан» газетінің тарихына ғалымдар ерекше қызығушылық танытып отыр. Әсіресе, сол кезде газет бетінде жарияланған ақпараттар көпшіліктің назарын өзіне аудартпай қоймайды.

Назарларыңызға аталған газетте 1912 жылдың 24 сәуіріндегі 11 нөмірінде жарияланған «Титаник» кемесі туралы «Деңізде болған уақиға» атты ақпаратты ұсынамыз.

«Үлкен деңіздерде жер-жерден ағыб бөлек-бөлек мұз келіб жиналыб бұлт бен таласыб бір үлкен тау болыб тұрады. Оны «Мұз тауы» деб атайды. Егер сол мұз тауна деңіздегі параходлар соғылса, параходты екі айрыб су түбіне жібереді. Осы сәуір басында Американың «Титаник» деген бір парахоты бір үлкен деңіздегі мұз тауына соғылыб, һәләк болды. Үстінде екі мыңнан артық кісі бар екен. Сонан тек сегіз жүзден аз ғана артығырақ кісі аман қалған. Басқасы су түбіне кеткен. Құтылған кісілер кемедегі запас қайықға мініп құтылған. Оған бәрі сыймайтын болғансын елу қатын баларды мінгізген. Сонсын сыйғанша еркектер мінген. Бір-бір қатындар еріменен не болсам да бірге боламын деб қайықға мінбей суға батқан шамасы ері қайықға міналмайтын болған», - деп жазылған (төте жазумен басылған ақпараттың ситилистикасы мен орфографиясы сақталды).

Айта өтейік, Саутгемптон портынан АҚШ-қа бет алған әйгілі «Титаник» кемесі 1912 жылғы сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні Солтүстік Атлантика аймағында мұзтаумен соғылып, апатқа ұшыраған болатын. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл оқиға туралы ақпарат қазақ жеріне газет арқылы он күннің ішінде таралған.
Газетте жарияланған осы тәріздес бірнеше ақпараттар тарихи маңызы әрі құндылығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, 1911-1913 жылдары Елеусін Бұйраұлының басшылығымен жарық көрген «Қазақстан» газеті шетелдік ақпараттарды жариялаған алғашқы қазақ газеті ретінде де белгілі болып отыр. Газет редакциясында белгілі қоғам қайраткерлері Бақытжан Қаратаев, Ғұмар Қараш, Шәңгерей Бөкейұлы тәрізді алаш арыстары еңбек етті. Газетті 2014 жылы «Орал өңірі» газетінің журналисі Қазбек Қабжанов жинастырып, кітап етіп жарыққа шығарды.

baq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста