Танымал отандық әнші Мәскеуге есірткімен барған кездерін еске алды (фото)

Танымал отандық әнші Мәскеуге есірткімен барған кездерін еске алды (фото)

"Үркер" тобының әншісі Айдос Сағат жас күнінде Мәскеуге есірткімен барған күндерін еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші 2013 жылы берген сұхбатынан қысқа үзінді жазып, көпшілікпен естелікке толы ескі суреттерін көрсетті. Айдос Сағат
"Үркер" тобының танымалдылыққа қол жеткізбей тұрып, өздерін ешкімнің елеп-ескермегенін де жасырмады.

Ол өзінің ең алғашқы тобы "Touch&Go" пен бірге өткізген қызықты уақыттарын баяндап, қүпиясын жайып салды.

"Біздің группаның негізгі мақсаты альбом жазып болып, "Арсенал" тобының негізін қалаушы саксофонист Алексей Козловтың алдынан өту еді. Оны өзіміздің продюсеріміз етпекпіз. Алайда біздің негізгі жоспарымыз ойламаған жерден өзгеріп кетті. Топтағы 10 жігіт есірткі қабылдайтын. Ақша табу мақсатында олар есірткі тасымалдап кетті. Біз есірткіні Мәскеуге алып баратынбыз. Содан соң бөліп-бөліп, жігіттер Арбатқа апарып сатты. Бұл істерін жігіттер жергілікті сатушылар қорқытқанша жалғастырды. Кейін сатпағанын өздері пайдаланды. Қазір ойласам, таңғаламын. Біз оны ұшақпен қалай алып бардық", - деп жазды Айдос Сағат.

Айта кетейік, осы оқиғадан соң Айдос Сағат бір аптадан соң елге қайтып кеткен. Ал "Touch&Go" тобының жігіттері Мәскеуде бір айға қалыпты. Осындай сәтсіздіктен соң, Айдос хитке айналған "Үркер" тобында өнер көрсеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста