«Тайжарыс» – таланттылар тартысы

«Тайжарыс» – таланттылар тартысы

«Шалқар» радиосы ұлттық рухты көтеретін мәдени, әдеби хабарларымен өз тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, түрлі жобаларды ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөліп келеді. Радио ұжымы әсіресе, балалар тақырыбын назардан тыс қалдырған емес.
 Соның бір айғағы, ұлттық арнаның әуе толқыны арқылы өткізілген балалар шы­ғармашылығына арналған «Тайжарыс» республикалық радиофестивалі. Жоба авторы Гүлбағыш Бостан, осы радио­фес­тиваль көптеген балғын өнерпаздардың жолын ашып берді дейді. Фестивальға іріктеу 2011 жылдың қазанында басталған болатын. Оған бес және 16 жас аралы­ғындағы балалар эстрадалық вокал, дәс­түрлі ән, аспапта ойнау, көркемсөз, хор, оркестр номинациялары бойынша бақ сынады. Қатысушылар жас шамасына қа­рай үш топқа бөлінген: төменгі, орта, жо­ғарғы. Өнерпаз балалардың аламаны әр бейсенбі сайын сағат 20.05-те және жек­сенбі күндері 16.05-те әуе толқыны арқылы таралған болатын. Байқаудың қоры­тындысы биыл алғаш рет телеүлгіде түсі­рілді. Алдағы уақытта «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Балапан» телеарналары арқылы көрермен назарына ұсынылмақ.
Махат Садық, Қазақ радиосының бас директоры:
– «Тайжарыс»– бұл нағыз талант­тылар ғана сынға түсе алатын жоба. Егер осы байқау дарынды өрендеріміздің өнерлерін одан әрі шыңдауға титтей де болса үлес қосып жатса, біздің мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз. Жалпы, ра­дио­ның қоржынында балалар әндері өте аз. Бұл байқау осы кемшіліктің орнын тол­тыруға септігін тигізеді деп сенеміз. Яғни жүзден жүйрік шыққан талантты бала­лардың сапалы әндері радиомыздан беріліп отырады. Біз бұл бағыттағы рухани жоба­ларымызды алдағы уақыттарда да жаң­ғыртып, жаңартып отырмақпыз.

«Алматы» концерт залында өткізілген гала-концертте елімізге белгілі өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасының сынынан өткен ең таңдаулы балалар ғана өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Байқауға қатысуға 800-ден астам жас өрен талап білдірген болса, соның 200-і ғана іріктеліп алынды. Ұл-қыз­дарымыз шеттерінен өнерлі болғандықтан, жеңімпаздарды анықтау оңайға түскен жоқ. Эстрада-вокал номина­циясы бойын­ша кіші топтар арасында бас жүлдеге семейлік Наргиз Ислямбек, І орынға алма­тылық Малика Байбекова мен өскемендік Анэль Руслан, орта топтар арасында бас жүлдеге Алматы облысынан қатысқан Ермек Балжігіт, І орынға оралдық Бейбарыс Қажымов пен алматылық Азиза Қылыш­мұхамед ие болды. Ал үлкен топтар ара­сында бас жүлдені Қостанай облысының өрені Мирас Әбдікәрім, І орынды семейлік өнерпаздар Аида Махмеджанова мен Әсел Әбдіхамитовалар бөлісті. Топтар арасында алматылық «Шабыт» тобы бас жүлдені, алматылық «Ғалым» тобы І орынды иемденді. Хор номинациясы бойынша І орынға астаналық «Айналайын» хоры; оркестр, ансамбль номинациясы бойынша бас жүлдеге Ұзынағаш ауылының «Жазира» ансамблі, І орынды алматылық «Арнау» фольклорлық ансамблі ие болды. Аспапта ойнаудан орта топтар арасында бас жүл­деге алматылық Шыңғыс Жарылқасын және І орынға алматылық Арыс Серікұлы мен Әнел Нұрлыбек ие болды. Ал жоғарғы топтан Өркен Қайрат І орынды иеленді. Дәстүрлі ән номинациясы бойынша орта топтан Жаншырай Тұрсынәлі бас жүлдеге, Байдәулет Қалел І орынға, ал жоғарғы топтан Балауса Ерғалина І орынды иеленді. Көркемсөз оқу номинациясы бойынша: кіші топтар арасында бас жүлдеге алма­тылық Ернат Қырқанбасов, І орынға ал­матылық Ғалымжан Ақмәди, үлкен топтар арасында бас жүлдеге алматылық Нұрбек Нұржанов, І орынға алматылық Сағдат Бостанов лайықты деп танылды. Байқау жеңімпаздары, сондай-ақ дипломанттары мен лауреаттары арнайы дипломдармен және арнайы сыйлықтармен мара­пат­талды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста