Сұлулық құпиялығымен құнды...

Сұлулық құпиялығымен құнды...

...Ұзақ та ұлы жорыққа аттанған Ақсақ Темірдің нақсүйері Бибі ханым әміршісінің жолын сарыла күтеді. Ханды жалғыз иемденуге Алладан жәр­дем тілейді. «Аллаға ісім жақсын» деп, хан келгенше жер жүзінде жоқ сұлу мешіт салдырмақ болады. Жұрттан асқан шеберді іздегенде ханның бір бегі тұтқын арабты тауып бере­ді. Бибі ханым шеберге: «Өнеріңді көрсетіп, көңілім­нен шығатындай мешіт сала алсаң, басыңды азат етемін» деген шарт қояды.

Бұл ретте, бәрі адам­ның өз санасына, тәрбиесіне бай­ла­нысты. Бірақ өмір — жалған, өлім — хақ. Және әркім фәнидегі іс-амал­дары үшін бақи дүниеде жауапты болмақ. Бұл – менің шығар­ға­ным емес, қасиетті Құран сөзі, ұлық Пайғамбар өсиеті...

Содан бастап-ақ бейнеусіз тас пен балшық заматта дуал болып өсіп, көркем мешіт бой көтеріп келе жатады. Бірақ ойламаған жерден ханымға ғашық болып қалған жас жігіт бітуге сәл-ақ қалған мешіт жұмысын кенеттен күрт тоқтатады. Мәнісін сұраған ханымға: «Cүйгенімнің сүйгеніне бола мешіт соққым келмейді» деп шынын айтады. «Сонда менен не тілейсің?» дегенде, «Ерніңнен бір сүйгізсең, болды» дейді. Ұзақ айлар бойы аңсап, шөліркеп, Ақсақ Темірді ғана күтіп жүрген ханымға бұл қорлық болып көрінеді. Дегенмен қанша дүре соққызып, таяққа жыққызса да, жігіт бастапқы сөзінен танбайды. Содан «мешіт бітпей қалса, ханның махаббатынан айырыламын ғой» деп қауіптенген ханымның ойы сан-саққа жүгіреді. Дегеніне көнбесе, жігіттің мешіт құрылысын аяқтайтын түрі жоқ. Ханым «мешіт бітпесе, ханның махаббатынан айырыламын» деп қорқады. Сондай-ақ «шебердің көңілін тапқанымды хан біліп қойса, не болады?» деп те ойлайды. Онда, әрине, хан әйелдің басын алады. Бірақ Бибі ханым ажалдан бәлендей қорықпайды. Өйткені, оның ойынша, «махаббат қуанышымен салыстырғанда өмір соншама қымбат нәрсе емес». Сөйтіп, шебердің шартына көнеді. Шебер де сөзінде тұрып, хан келерден бір күн бұрын көздің жауын алардай керемет сұлу мешітті дайын етеді. Риза болған ханым жігіттің басына азаттық беріп, сый-сияпатымен ырғап-жырғап жөнелтеді. Бірақ артынша айнаға қараған ханым үлбіреген ұртында жігіт ернінің ізі қалғанын көреді. Содан ары ойланып, бері ойланып, қылмысын жасыру үшін бір айла табады. Әміршісінің болат білегімен бауырына қысқанын аңсаған әйел тым болмаса бір түнге бетімді көрсетпеуім керек» деп ұйғарады да, бүкіл шаһарға: «Әйел біткен бетіне перде тағып жүрсін. Жүзін көрсетіп, еркекті қызықтырып, аздырмасын. Өйткені еркектің ойы әрдайым қасиетті, зор жұмыста болуы керек» деген жарлық шашады. Бибі ханым дегеніне жетеді. Сүйгенін құшып, құмарынан шығады. Қылмысын біліп қойған Ақсақ Темір артынша мешіт мұнарасынан құлатуға әмір еткенде де жымиысын еш жоғалтпайды...
...Жүсіпбек Аймауытовтың «Пәренжі ертегісі» атты әдеби мұрасының қыс­қаша мазмұны осылай өрілетін-ді. Бұл – әрине, жай тәмсіл. Дегенмен жүрегі қаламай тұрса да, ерінің махаббатын, сүйіспеншілігін иелену ниетімен ғана күнәға барған әйелдің осы қылығы қылмыс па? Бірақ ол мешіттің өзін аса бір діндарлықтан емес, «Ісіме Алла жақ болсын, сүйгенімді жеке дара иеленуге жәрдем етсін» деген мақсатпен салғызды. Яғни нәпсіге құл болды. Шайтанның азғыруына ерді. Ал қасиетті ислам нәп­сіқұмарлықтың қай түрін, қандай көрінісін болса да құптамайды. Иманы әлсіз пенденің жолдан тез таятынын тәпсірлей отырып, соған себепкер бола­тын кез келген көріністің алдын алуды міндеттейді. Және бұл орайдағы көп мәселенің әйел затына келіп тірелетінін ұқтырады. Дінтанушыларға жүгінсек, «сол себепті де Құранда еркектерге арналған арнайы сүре жоқ, ал «Әйелдер» деген сүре бар».
Қарапайым түсінікке салып қарасақ, адам жақсыны да, жаманды да ең әуелі көзбен көреді. Күнәға ең бірінші итермелейтін де – көз. Сондықтан әйелдердің сырт көзді еліктіріп, жолдан таюға итермелейтіндей қылықтардан аулақ болуын ескерткен дініміз оларға бүркенуді бұйырды. Яғни Аймауытов кейіпкері айтпақшы, әйел ашық-шашық жүріп, еркекті қызықтырмауы, көңіліне құрт түсірмеуі тиіс. Сайып келгенде, әйел затының пәренжі жамылу, хиджаб кию үрдісі тап осы мақсаттан туындағаны бүгінде екінің біріне аян. Және мұндай киім үлгісіне көшкен әпке-сіңлілеріміздің көбейе бастағаны да шындық. Діни үгіт-насихаттың құлағымызға сіңіп, көңі­лімізге қона бастағанынан болар, қазір мейлі көшеде, мейлі кеңседе болсын, омырауын, арқасын ашып, санын жал­тыратып жүретін қыз-қырқынға жұрт­шылық шай­тан көргендей шошына қарайтын болды. Жалпы, әйел затының жартылай жалаңаштануының көзге соншалықты ерсі көрінетіндігі – дінімізге қайшы екендігі өз алдына, бұл әдеттің қазақ мәдениетіне мүлде тән еместігінен де. «Қызға – қырық үйден, қала берді, қара күңнен тыйым» деген қағиданы берік ұстанған халқымыз қашаннан-ақ әйел затының тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз бала бөріксіз, тақиясыз, ал әйел адам кимешексіз жүрмеген. Жағасы жинақы, етек-жеңі ұзын көйлек киген. Сол дәстүрге адалдықтан болар, «Қыз Жібек» фильміндегі бір эпизод кезінде қатты сынға ұшыраған жоқ па? Яғни Төлеген мен Бекежанның жекпе-жекке бел байлағанын естіген Жібектің киініп те үлгерместен, жанұшырып жеткен сәтіндегі ішкөйлекпен тұратын тұрысы көп адамның жағасын ұстатқан. Теледидардан қазіргі беріліп жүрген кинолардағы әдепсіз көріністерді, кейбір бағдарламалардың жүргізушілері мен қонақтарының келеңсіз киім киісін көрген адам Қыз Жібектің сол тұрысымен жылап көрісері күмәнсіз.

Ойтамызық
Ұлттық киім үлгісі дегеннен шығатын бір ой – бізде әлі де мұсылман қазақ әйелінің бейнесі қалыптаспай отыр. Мысалы, хиджабты көп адам қабылдай бермейді. Ата дәстүрін қастерлейтін жандар үшін мұның тіпті «арабтарға еліктеу», «жат мәдениетке бас ұру» іспетті болып көрінетіні рас. Сондықтан хиджабтың орнына кимешек кию үрдісін қалыптастырсақ, қандай ғанибет болар еді! Әрі қазақы, әрі шариғатпен де үндес. Себебі әйел затына бүркенуді бұйырған ислам дінге қайшы келмеген жағдайда ұлттық киім үлгісінен бас тартуға міндеттемейді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста