Сахнада – «Терiскей таланттары»

Сахнада – «Терiскей таланттары»

Наурыздың 29-ы күнi Республика сарайында қарт Қаратау баурайындағы Созақ өңiрiнен шыққан өнерпаздардың концертi өтпек. Бүгiнде есiмдерi елге танымал әншi, күйшi, жалпы өнер адамдарының iшiнде Оңтүстiктiң өзгеше өңiрi – Созақ жерiнде туып-өскендерi көп.
Атап айтқанда, белгiлi сазгер әрi әншi Марат Омаров, «МузАрт»-тың қос бiрдей сырбаз серiлерi Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбiлов, жезтаңдай әншi Жұбаныш Жексенұлы, жастар арасында жақсы танымал «Домажор» тобы, әншi Ажар Түзелбекқызы, сонымен қатар Ахат Кенжебаев, Құндыз Қаламбаева секiлдi дәстүрлi әншiлер қатысатын бұл сазды-думан кешi «Терiскей таланттары» деп аталады.
Халық арасында «Шаянға барсаң, әншiмiн деме, Созаққа барсаң, күйшiмiн деме» дейтiн тiркес бар. Оның себебi, Қаратаудың арғы бетiнде сулары терiс ағатын осы бiр өңiрден Сүгiр Әлiмұлы, Төлеген Момбеков секiлдi дәулескер күйшiлер шыққан. Осы кешке де сол күйшiлердiң бүгiнгi жалғасы iспеттес қазақ күйлерiн шертiп қана қоймай, олардың әрбiрiнiң тарихын жатқа белетiн ағайынды Жанғали және Сәрсенғали Жүзбаевтар қатыспақ. Кештiң тағы бiр ерекшелiгi – тек танымал жұлдыздар ғана емес, ел iшiнде еленбей жүрген дарынды сазгерлер шығармаларын өнерпаздардың орындауында сахнаға алып шығу жоспарланыпты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста