«Сарыарқа әндері» жинағы жарық көрді

«Сарыарқа әндері» жинағы жарық көрді

Жуырда Арқа өңірінің ең таңдаулы дәстүрлі әндері жинақталған «Сарыарқа әндері» атты кітап жарық көрді. Қазақ даласының орталық, солтүстік, шығыс аймағын ен жайлаған Арқа әндері Сарыарқаның даласындай кең тынысты, биік әрі күрделі. Халық әндері, халық композиторлары мен дәстүрдің ізінде шыққан қазіргі сазгерлердің әндері топтастырылған антологияға барлығы 250 шығарма еніп отыр.

Антологияны осы уақытқа де­й­ін күй өнерін зерттеп, бірнеше жинақ шығарған өнер зерттеушіcі, мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарымен бірігіп құрастырған. Әндерді нотаға түсіруге атсалысқан ҚР Еңбек сіңірген әртісі Қошқарбек Тасбергенов бол­са, бас кеңесші ҚР Халық әртісі, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов.
«Сарыарқа әндеріне» Арқа өңі­рінде қалыптасқан сал-серілік дәс­түрдің Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды көрнекті өкілдерінің туындыларымен қатар авторлары ұмытылып, халықтікі деп есеп­теле­тін әндер енген. Қазақ­тың бұлбұл қыздары Жамал Омарова, Рабиға Есімжанова, Рахия Қойшыбаева, Ләззәт Сүйіндіковадай әнші апала­рымыздың орындауындағы «Алтын қорға» жазып кеткен халық әндері топтастырылды. Бұған қоса, дәс­түр ізімен шыққан жаңа заман ком­позиторларының әндері бар.
Құрастырушылар Қазақ радио­сының «Алтын қорындағы», респуб­ликалық мұрағаттардағы ән­дердің бас-аяғын жинай отырып, өте сәт­ті шыққан, ең озық, ең көркем нұс­қаларды сараптан өткізген.
«Сарыарқа әндері» жинағын жарыққа шығаруға қаржылай көмек көрсеткен – белгілі меценат Амангелді Ермегияев. Бұл кітап музыкалық оқу орындарына, кітапханаларға тегін та­ратылады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста