Шәмші әнін шарықтатқан фестиваль

Шәмші әнін шарықтатқан фестиваль

Ән падишасының жүрегін жарып шыққан әуендер әуені тілгілеп, Шымкент аспанын әсем әнге бөледі. Толқынның үстінде әуенге тербеліп тұрған Шәмші ескерткіші, оның алдындағы «Жұлдыздар аллеясы» түнгі шамның жарығынан жарқырап көрінеді. Сәнді жасалған сахна көрінісі алыстан менмұндалап, көздің жауын алады. Шәмшінің рухымен сырласып, әндерін құмарта тыңдауға келген халықтың қарасы көп. Шәмші рухына бас иіп, өнерін құрметтеген игі жақсылар, оның ішінде есімдері елге таныс Қадыр Мырза Әлі, Сәбит Оразбаев, Мұхтар Шаханов, Нұрғали Нүсіпжанов, Қалдыбек Құрманәлі, Көпен Әмірбек, сенатор Орынбай Рахманбердиев, мәжілісмен Қуаныш Айтаханов тағы да басқа саңлақтар салтанатты жиынның бел ортасында жүр. Бұл – 15 тамыз, яғни сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған «Арыс жағасында» ретро фестивалінің ашылу салтанатындағы көріністің бір ғана кесіндісі.

Ән-ағаға арналған фестиваль облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Шәмші әлемі» көрме-экспозициясының ашылуымен басталды. Көрмеде ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақтың мақтанышына айналған Шәмші Қалдаяқұлының өмірі мен шығармашылығы көрініс алған. Сондай-ақ ұлы композитордың пайдаланған жеке заттары, портреттері, музыкалық аспаптары, туындылары, әнжинақтары және сазгердің құрметіне арналған фестивальдар мен байқаулардың фотосуреттері, суретшілердің шығармалары көрермендер назарына ұсынылды. Көрменің үлкен бір бөлімі Шәмшінің әкесі, темірден түйін түйген ұста, қолөнер шебері, ақын Қалдаяқ Домбыұлына арналған.
Фестиваль кешкі салқынның самалымен тербеліп, «Шәмші әлемі» гүлзарында жалғасты. Шәмші ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қоюмен басталған жиында алғаш сөз алған облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыс халқын қазақ ән өнерінің тұғырына туын тіккен дара тұлға ескерткішінің, оңтүстік өңірінен түлеп ұшқан өнер саңлақтарының есімі жазылған «Жұлдыздар аллеясының» ашылуымен құттықтады. «Шәмші Қалдаяқұлының өнері – өшпес мұра, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз», – деп атап өтті Асқар Исабекұлы.
Бұдан кейін кезегімен сөз алған Қазақстанның Халық жазушысы Қ.Мырза Әлі: «Шәмші – қазақтың маңдайына біткен сирек талант», – десе, ақын М.Шаханов Шәмші туралы: «Қазақ табиғатындағы ешкім қайталай алмайтын дара құбылыс, ол туралы әлі талай роман жазылады, талай кітап шығады», – дей келе, сөзін Шәмшіге ғашық болған қыздарды қорғауға арналған өлең шумақтарын оқумен аяқтады.
Сазгердің ұлы, Абай атындағы Опера және балет театрының дирижері Мұхтар Қалдаяқов бүгінгідей тамаша мерекені ұйымдастырып отырған облыс әкімдігіне алғысын білдіріп, Асқар Исабекұлына Шәмші ағаның 55 әні енгізілген жаңа кітапты табыс етті.
Келесі кезекте «Жұлдыздар аллеясында» есімдері жазылған жерлес өнер майталмандарына куәлік тапсыру рәсімі өтті. Олардың арасында өмірден өткен азаматтар да бар. Оңтүстік жұлдыздарының шеруін бастаған Сүгір Әліұлы, Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров секілді өмірден өзі кетсе де, өнері сақталған саңлақтардың куәліктерін ұл-қыздарына табыс етті. Еске сала кетейік, аллеяда есімдері елге танымал әртістер Нұржамал Үсенбаева, Лаки Кесоглу, Ақжол Мейірбеков, Нұрлан Өнербаев, Алтынай Жорабаева, Гүлнәр Сиқымбаева, Сакен Майғазиев, Медеу Арынбаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ержан Серікбаев, Айжан Тәженова, Бағдат Алтаев тағы басқа азаматтардың аттары жазылған.
Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, композитор, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының бас директоры, «Шәмші» журналының бас редакторы:
– Шәмші – қазақ халқының жүрегінде мәңгіге қалып қойған адам. Енді Қалдаяқов феномені ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделенуі тиіс. Бұл жолда «Шәмші» журналы да аянып қалмасы белгілі. Шәмші қандай құрметке болса да лайық тұлған. Күллі қазақты сазды әуендерімен тербеген атақты композиторымызға арнап керемет саябақ ашылып, ескерткішінің тұғырға қонуы – бұл қазақ өнеріне деген үлкен құрметтің белгісі деп білемін. Ең бастысы, бұл  әсіресе жас ұрпаққа үлгі-өнеге беретін үлкен іс болды.

Ресми жиыннан кейін танымал әртістер Азамат Сұрыпбаев пен Жанатбек Бәйтеков, сазгердің жастық шағына саяхат жасаған айтыскер ақын Ринат Зайытов, Ләйлә Сұлтанқызы мен Мәдина Садуақасованың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама көпшілік көңілінен шықты.
Фестивальдың екінші күні 23 үміткер бақ сынаған дәстүрлі «Менің Қазақстаным» атты байқаумен жалғасты. Нұрғали Нүсіпжанов төрағалық еткен қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде түркістандық жас әнші Нұржан Жүсіпбековке бұйырды. Ал бірінші орынды шымкенттік Мәдина Исламова, екінші орынды екі үміткер – Рысдәулетовтер отбасылық «Өркен» ансамблі мен Айжан Жолымбекова, ал үшінші орынды үш үміткер – Жанғали Әбішев, Назерке Маябасова және Нұрбек Қожатов қанжығаларына байлады. Бас жүлде иегеріне 1 миллион, бірінші орынға 750 мың және екінші орын алған екі жеңімпаздың әрқайсысына 500 мың теңгеден қаржылай қолдау жасалды. Үшінші орын алған үш жеңімпаздың да әрқайсысына 250 мың теңгеден тиесілі болды. Сондай-ақ бас жүлде иегері биылғы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық «Менің Қазақстаным» ән байқауына жолдама алды.
Әрине, кең көлемде өткізілген іс-шараның кемшін тұстары да болмай қалған жоқ. Соның ең негізгісі ретінде қарапайым халықтың гүлзар ішіне ене алмай, концерттік бағдарламаны сырттан ғана бақылап қайтқандығын айтуға болады. Ішке тек қолында шақыруы бар азаматтар ғана, басқаша айтқанда, «элита» мен олардың бала-шағасы кірді де, қалғаны құрсау сыртынан сығалап қалды.

Сейіткәрім ТІЛЕМІС, көрермен:
– Бұлай халықтың наразылығын тудыруға болмайды. Қарапайым халықты ішке кіргізбейтін болса, алдын ала хабарламайды ма, сонша жерден әуре болып келмей-ақ қояр едік. Әйтпесе осы Шәмші әндері үшін оның кіндік қаны тамған жері – Отырар ауданынан келіп тұрмыз. Мен өзім Қалдаяқовтың құдасы боламын, сөйте тұра кіре алмасам, масқара емес пе? Олай болса, бұл концерт кімдер үшін ұйымдастырылды?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста