Роза Рымбаева бұрын әнші емес, аңшы болған немесе Бұрынғы өміріңізде кім болдыңыз?

Роза Рымбаева бұрын әнші емес, аңшы болған немесе Бұрынғы өміріңізде кім болдыңыз?

Археолог, мысыртанушы Хауард Картер кезінде адамның бұрынғы өмірі туралы ықтималдықты анықтайтын кестелер жүйесін жасап шығарған. Бұл кестелерді ғылыми қауым тегіс мойындаған жоқ, сонымен бірге, ешкім күмән келтіре де қоймады. Ғалымның еңбегі белгілі тұлғалардың өміріне қатысты заңдылықтарды негізге ала отырып жасалған.
Сонымен, бұрынғы өмірде кім болғаныңызды білгіңіз келе ме? Мұны анықтау үшін ғалым жеті кестені толтыруды ұсынады. Сіздер өз мәліметтеріңізді пайдаланып көріңіздер, ал біз Картердің әдісін Қазақстанның халық әртісі, талантты әнші Роза Рымбаеваға қатысты қолданып көрмекпіз.

Кестенің сол бағанынан сіз дүниеге келген онжылдықты, ал жоғарғы жолақтан туған жылыңызды тауып алыңыз. Екеуінің тоғысатын тұсындағы латын әрпі туған жылыңыздың таңбасы болып есептеледі. Мысалы, халық әртісі Роза Рымбаева 1957 жылы туған, демек, оның жылының әрпі – Y.

Сол жақтан туған айыңызды тауып алыңыз. Ай жазылған қатардан 1-кестеде анықталған туған жылыңыздың таңбасын, яғни өз әрпіңізді табуыңыз керек. Ескеретін жайт, әрпіңізді ерлерге арналған кестеден де, әйелдерге арналған кестеден де қараңыз, әрпіңіз жоғарғы кестеден табылса, бұрынғы өмірде ер адам, төменгі кестеден табылса, бұрын әйел адам болғаныңыз. Әрпіңіз табылғаннан кейін сол қатар бойынша жүріп, кестенің оң жағындағы грек әрпін табасыз. Ол кейін сіздің бұрын өмір сүрген кезеңіңізді табуға көмектеседі (6-кесте). Ал грек әрпінің бергі жағында орыс әрпі бар, ол – бұрынғы өміріңіздегі кәсібіңіздің коды. Туған айыңыз бен әрпіңіз тоғысатын жердің жоғарғы жағында Рим цифрін көресіз, бұл санның көмегімен кейін бұрынғы өміріңіздегі мінез-құлқыңыздың типін айқындай аласыз (4-кесте). Біз мысалға алған Роза Рымбаева қазан айында туған, оның әрпі – Y ерлер кестесінде жоқ, әйелдер кестесінде бар, яғни әртіс бұрынғы өмірінде де әйел адам болған. Y әрпінің жоғарғы жағында VI коды көрсетілген, бұл – әншінің мінез-құлық типінің коды. Әншінің датасына сәйкес грек әрпі – φ. Ал оның бер жағында К әрпі (К-VI) Рымбаеваның бұрынғы өміріндегі кәсібінің кодын білдіреді.

Кестенің оң жағынан 2-кестеде анықталған мінез-құлық типінің кодын табыңыз. Ортаңғы бөліктерден туған күніңіздің цифрін тауып, сол қатармен жүріп отырып, сол жақтан бұрынғы өміріңіздегі туған жеріңіздің нөмірін анықтаңыз. Бұрынғы өміріңіздегі жынысыңызды естен шығармаңыз. Айталық, Роза Рымбаеваның мінез-құлық типінің коды – VI, туған күні – 28 (қазан), әйелдер бағанынан оның бұрынғы өмірдегі туған жерінің нөмірін табамыз, ол – 62.

Сол жақта мінез-құлық типінің коды көрсетілген, ал келесі бағанда қандай адам болғаныңыз жазылған. Оны білу үшін алдыңғы кестеде анықталған туған жеріңіздің нөмірін еске түсіресіз. Роза Рымбаеваның мінез-құлық типінің коды VI болатын, ал туған жерінің нөмірі – 62, яғни жұп сан. Демек, Картердің жүйесі бойынша, Роза Қуанышқызы «Жаңашылдыққа жаны құштар, өнерде, музыкада, аспаздық пен үй шаруасында өзгерістерді қалайды. Адам айтқысыз құбылыстарды тануға әуес».

Жоғарыда, 2-кестеде бұрынғы өміріңіздегі кәсібіңіздің коды анықталған болатын. Мына кестеде соның көмегімен баяғы дәуреніңізде немен шұғылданғаныңызды білесіз. Біз мысалға алған Роза Рымбаеваның бұрынғы өмірдегі кәсібінің коды К-VI болған еді. Демек, әншінің аңшы болғаны.

Кестеден бұрынғы өміріңізде дүниеге келген жылыңызды дәл болмаса да, шамамен білуге болады. Ол үшін 1-кестеде анықталған латын әрпі мен 2-кестедегі грек әрпінің тоғысатын тұсын қараңыз. Роза Рымбаеваның әріптері – Y және φ, яғни әнші бұрынғы өмірінде 225 жылы дүниеге келген.

7-кесте.
1. Аляска
2. Ирландия
3. Канада
4. Венеция
5. Месопотамия
6. Солтүстік Америка
7. Персия
8. Оңтүстік Америка
9. Австралия
10. Тынық мұхитының орталық және батыс жағалауы
11. Орта Азия
12. Мысырдың солтүстігі
13. Қытай
14. Германияның орталығы
15. Германияның оңтүстігі
16. Шотландия
17. Италияның солтүстігі
18. Англияның орталығы
19. Англияның оңтүстігі
20. Уэльс
21. Рим
22. Скандинавия
23. Францияның солтүстігі
24. Францияның оңтүстігі
25. Мальта
26. Францияның орталығы
27. Испанияның солтүстігі
28. Испанияның оңтүстігі
29. Испанияның орталығы
30. Түркия
31. Киев аймағы
32. Карелия
33. Мәскеу аймағы
34. Ресейдің оңтүстігі
35. Сібір
36. Ресейдің солтүстігі
37. Армения
38. Финляндия
39. Англияның солтүстігі
40. Италияның оңтүстігі
41. Италияның орталығы
42. Сицилия
43. Крит
44. Грекияның солтүстігі
45. Жапония
46. Қара теңіздің солтүстік жағалауы
47. Американың орталығы
48. Балтық жағалауы
49. Грекияның оңтүстігі
50. Грекияның орталығы
51. Солтүстік Қытай
52. Оңтүстік Қытай
53. Моңғолия
54. Орал
55. Араб түбегі
56. Мысырдың оңтүстігі
57. Орталық Мысыр
58. Палестина
59. Израиль
60. Орталық Африка
61. Солтүстік Африка
62. Оңтүстік Африка
63. Шығыс Еуропа
64. Солтүстік Еуропа
65. Оңтүстік-Шығыс Азия
66. Германияның солтүстігі
67. Тибет
68. Цейлон
69. Үндістанның солтүстігі
70. Үндістанның орталығы
71. Үндістанның оңтүстігі
72. Афины
73. Еділ бойы
74. Ресейдің батысы.

3-кестеде бұрынғы өміріңізде туған жеріңіздің нөмірі анықталған болатын. Соның көмегімен енді қай елде өмір сүргеніңізді біле аласыз. Роза Рымбаеваның туған жерінің нөмірі – 62, демек, ол бұрынғы өмірінде Оңтүстік Африкада тұрған.

• Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда туған. Картердің кестелер жүйесі бойынша елорда басшысы бұрынғы өмірінде біздің дәуірімізге дейінгі 1075 жылы Германияның солтүстігінде дүниеге келген. Мінезге бай, кемеліне жеткен тұлға, ортасына талапшыл, әрдайым салмақты шешім қабылдай білетін адам болған. Айналысқан кәсібі – өсіммен қарыз беру.
• Қазақстанның тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, ауыр атлетикадан Азия рекордшысы Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында туған. Демек, ол бұрынғы өмірінде біздің заманымыздың 600 жылы Мысырдың оңтүстігінде дүниеге келгенге ұқсайды. Бұрынғы өмірінде ол әйел адам болған. Картердің жүйесі бойынша, оның сол кездегі мамандығы – биші, өзі ұялшақ, сабырлы, ішкі дүниесі бай адам болған, кейде оның әрекеттері ерсі көрінген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста