Қостанайлықтар қазақ тілін құрметтейді

Қостанайлықтар қазақ тілін құрметтейді

Қазақ тілі қағажу көріп келе жатқан өңірлердің бірі Қостанай облысы екендігі белгілі. Орыстілді қауым қара ормандай өлкеде мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету үшін қаншама жұмыс атқарылып, қыруар қаржы жұмсалып жатқандығын көзі қарақты жұрт өзі сезіп отырған шығар, сірә. Бұл орайда қазақ тілінің қадірін арттыру міндетіне жауапты облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Жанболат Үмбетов соңғы уақытта Қостанайда тілге қатысты оң үрдіс қалыптаса бастағанын қуана жеткізді.
Ұлты бөлек болса да, қазақ тілін наси­хаттап, қазақтілді оқу ордаларында дәріс беріп жүрген жерлестеріміздің де қатары өсуде. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілінен дәріс беріп жүр­ген Елена Шоковец пен Динара Лоб­цова – ана тілімізді ғылыми тұрғыда зерт­теген жандар. Рудныйда техникалық сала бойынша қазақша дәріс оқитын Евгений Дадаров орыс ұлтты жастар арасында өткен республикалық тіл сайысында бірінші орынға ие болған еді. Ал Заң институтының оқытушысы Александр Сметановский қазақша мақалдап сөйлегенде, қасын­дағылар бір сәтке есеңгіреп те қалады екен. Шекара қызметінде жүрген Анна Носкованың ақиық ақын Мұқағали Мақа­таев­тың шығармашылығына байланысты қазақ тілінде кандидаттық диссертация қорғағанын мақтанышпен айтуға бола­ды.
Мемлекеттік тілді меңгерсе, мәртебесі де жоғары болатынын ұғынған өзге ұлт жастарының бірі Ольга Диденко қаймағы бұзылмаған қазақы орта іздеп, Амангелді ауданының әкіміне өтініш хат жазған да болатын. Аталмыш ауданға барып, қазақ отбасында бір жыл өмір сүріп келген Ольга қазір Қостанай қалалық әлеуметтік қорғау саласында білдей бір маман болып қызмет етуде. «Ең үздік мемлекеттік қызметкер» атты облыстық байқауда оза шауып, қазақ тілін ұлты қазақ бәсекелестерінен де артық білетінін дәлелдеген Василий Смирновтің де қазір даңқы асқақтап барады.
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызмет­те» республикалық байқауының жүлдегер­лері Алефтина Дементьева мен Денис Скороходов та аталмыш жеңістерінің жемісі ретінде беделді қызметке орналасты. Бірі төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың маманы болса, енді бірі – Арқалық қаласы әкімдігінің беделді қызметкері. 2007 жылы республикалық Абай оқуларында бас жүлдені жеңіп алған Эльвира Иванованың да қызметте тасы өрге домалады.
Әулиекөл ауданындағы әскери қызмет­кер Александр Шалыгин, Қостанай облыстық ҰҚКД баспасөз қызметіндегі Анто­нина Георгиевская, жеке кәсіпкер Вадим Ли, Ұзынкөл ауданындағы мемле­кет­тік қызметкер Екатерина Резникова, Федоров ауданында ішкі саясат бөлімінің бастығы Рамиль Валиев, қасиетті домбы­раның құлағында ойнап, күй тартуды жаны сүйетін Сергей Гейн сынды жастардың да шоқтығы биік. Арқалық педагогикалық институтын бітірген Марина Ткаченко қазақ тілі кенде қалған Денисов ауданына өзі сұранып барып, бастауыш сынып бүлдір­шіндеріне қазақша үйретуде. Марина сол жақта ана тілінен қол үзген қазақ отбасына келін болып түсіп, енді қазір енесіне қазақы салт-дәстүр мен ұлттық тағамдарды жасау­ды үйретіп жүргендігін жұрт жарыса айту­да.
Тәуелсіздік алғаннан бері қасиетті Тор­ғайда қаймана қазақтың ортасында өскен­діктен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлттың ұл-қыздарының қызмет бабында бақтарының жануы басқаларға үлкен үлгі болғаны рас. Қазірдің өзінде облысымыздың орыстанған солтүстік өңірі­нен бір ауыз қазақша білмесе де, қалаға келіп, қазақ филологиясына түсіп жатқан жастардың саны артуда. Солардың айқын дәлелі – армян қызы Тамара Агамян, ук­ра­ин аруы Юлия Зацарная, әзірбайжан және татар ұлтының өкілдері Тахира Абдуллаева мен Лилия Ярулаева және тағы басқалар. Ұзынкөл ауданының Преснягорьковка деген орыс деревнясынан келген Наталья Шпагина қазіргі таңда қазақ тілінің майтал­манына айналды.
Наталья ШПАГИНА, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенті:
– Мектеп бітіргенде мен қазақша екі сөздің басын қоса алмайтынмын. Бірақ ата-анамның мәжбүрлеуімен қазақ филологиясына тапсырдым. Алғашқы уақытта қатты қиналдым, жыладым-сықтадым, әке-шешеме «орыс бөліміне ауысамын» деп жалындым. Бірақ ше­шем көнбеді, «қазақша оқымасаң, ауылға қайтып келесің, үйде отырасың» деп қорқытты... Анамның сол кездегі даналығын жаңа түсінудемін. Менің бола­шағым үшін қазақ тілінің маңыз­дылығы туралы айтқан сөзі айдан анық орындалуда. Қазір түрлі республи­калық байқауларға барып, облыстың намысын қорғап жүрмін. Бір айдың ішінде домбыра тартуды үйреніп алдым. Тіл үйренудегі қысқа мерзімдегі бейнеттің қазір зейнетін көрудемін. Енді алдағы уақытта «Тілдарын» деген байқауға қатысқым келеді, ол үшін ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Сонда мен үш тілді меңгерген табысты маман боламын болашақта. Бұл, әрине, ең алдымен, қазақ тілінің маған берген берекесі деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста