Қорқыт ата кешені ЮНЕСКО тізіміне енгізіле ме?

Қорқыт ата кешені ЮНЕСКО тізіміне енгізіле ме?

Алдағы кезеңде Сыр жерінде орын тепкен Қорқыт ата ескерткіш кешені ЮНЕСКО тізіміне енгізілуі әбден мүмкін. Бұл әңгіме жақында Қызылорда қаласында өткізілген тарихи-мәдени мұраларын қорғауға және насихаттауға бағытталған ғылыми-әдістемелік кеңесте жұртшылыққа жария етілді. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен алғаш өткен кеңеске Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, Халық жазушысы Олжас Сүлейменов бастаған көптеген археолог, тарихшы ғалымдар және белгілі мүсіншілер қатысты. Олардың қатарында Мұрат Әуезов, Карл Байпақов, Тынысбек Қоңыратбай, Бек Ыбыраев, Бауыржан Байтанаев, Мадияр Елеуов, Зейнолла Самашев, Жандарбек Мәлібеков сынды есімі елге белгілі азаматтар бар.
Бағзы заманда ұлан-байтақ дала­мызды қоныс етіп, алты Алаш атанған, түбі бір түркілер құрмет көр­сеткен Қорқыт атаға арналған ескерткіші тек Сыр өңіріндегі ғана емес, еліміздегі айтулы мәдени орын­ның бірі саналады. Бүгінгі таңда көз тартарлық сәулетті ғима­рат осыдан 30 жылдай бұрын көп­шіліктің көзайымына айналған еді. Ендігі кезекте бұл киелі орынды ЮНЕСКО тізіміне енгіз­сек, түркі жұртының ортақ қуанышы болары сөзсіз. Жалпы алғанда, бүгінгі күні Қазақстанда сол тізімге енгізілген үш құн­дылығымыз бар. Солардың ішінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглиф тас кешені мен Сары­арқа-Солтүстік Қазақ­стан көлдері мен жазықтары бар. Алғашқы екеуі мәдениет ескерт­кіші есебінде енгі­зіл­се, соңғысы табиғат ғажайыбы ретінде атал­мыш тізімнен орын алған. Сон­дай-ақ біздің елімізде сол тізімге енгізілуге үміткер 12 мәде­ни-тарихи нысан бар. Атап айтқанда, олардың қата­рында Меркі түркі ғибадатханасы, Беғазы-Дәндібай мәдениет кесе­несі, Тас­мола мәдениетінің тас қор­ғандары, Ешкіөлмес пен Арпаөзен пет­роглифтері, Отырар архео­ло­гиялық нысаны, Ұлытау мәдени ланд­шаф­тысы, Іле Алатауы, Алтын­емел ұлт­тық саябағы және Ақсу-Жабағылы қоры­ғы сана­лады.
Қорқыт ата мемориалды кешені алдағы уақытта ЮНЕСКО тізіміне енгізі­ле ме? Оны алдағы уақыт көрсете жатады. Қазақ­станның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, Халық жазушысы Олжас Сүлей­менов өз сөзінде осы бағытта жұмыс жүргізетінін жет­кізді. Өйт­кені бұл қасиетті мекен тек түркі жұртының ғана емес, бүкіл адамзат баласының басын біріктіре алатын рухани құнды­лыққа айналатыны анық.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Қазақ­стан­ның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, Халық жазушысы:
– Қорқыт сөзінің шығу тарихы тұрғысында көптеген зерттеулер жүргізіп, бірқатар құнды еңбек­тер­ді қарап шықтым. Осындай дерек­терді Египет елінде бол­ғанымда, сол елдің кітап­ха­на­сындағы бір еңбектерден кез­дес­тірдім. Қысқасы, бұл жайында ғалымдардың әлі де тыңғылықты зерттеу жұмыстары жүргізілсе, біз білмейтін талай құпияның бетін ашқан болар едік. Талай аңыз­дар­ға арқау болған Қорқыт бабаның жам­басы жерге тиген Сыр жерін құт­ты мекен деп атасақ та артық емес.

Карл БАЙПАҚОВ, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының құрметті директоры, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Бүкіләлемдік мұралар адамзат баласының және табиғаттың қайталан­бас туындысы болып табылады.  ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар комитеті жыл сайын сессия өткізеді. Соның барысында жаңадан ұсынылған мұралар тізімге алынады. Жалпы ал­ған­да, шығыс пен батыстың арасында алтын арқау болған Ұлы Жібек жолы­ның адамзат өркениетінде алатын орны ерекше. Бұл орайда Қазақстан бойын­ша төрт бағытта зерттеу шаралары қолға алынған. Олар Жетісу, Сырдария, Сарыарқа және Маңғыстау аймақтарын қамтиды. Бүгінгі күнге дейін ЮНЕСКО-ның  бүкіләлемдік мұралары қатарына 911 нысан кірген екен. Оның ішінде Орталық Азия аймағында Қырғызстан мен Тәжікстаннан басқа елдерден 12 мәдени мұра енгізілген. Жалпы, Сыр­дария аймағындағы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Жуантөбе, Қа­раас­пантөбе, Бөріжары, Сауран, Сыға­нақ, Жаңақала, Шірік-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды секілді тарихи орындар бар екенін  айта кету лазым.

Ғалымдардың айтуынша, Сыр бойы – тарихи мұраларға өте бай өлке. Десе де, бүгінгі күнге дейін сол мәдени мұраларға ғылыми негізде зерделі зерттеу жүргізіл­мей келгені жасырын емес. Соның салда­ры­нан қаншама мұрамыз толыққанды бағасын алмай, әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда зерделене қоймағаны белгілі. Кезінде түркі жұртының атамекеніне айналған өңірде қаншама көне шаһарлар, мәдени-тарихи ескерткіштер және өзге де құндылықтар болды. Кейбірі замана ағымымен көзден ғайып болса, ендігі бірінің жұрнақтары бүгінгі заманға дейін жетіп отыр. Біз өткені­мізді бағалай білсек, осындай құндылықты қастерлеп, оларға қамқорлық көрсете оты­рып, тиянақты жұмыс жүргізгеніміз артық­тық етпейді. Келешекте облыс аума­ғында­ғы қандай да бір мәдени мұраға бай­ла­нысты атқарыла­тын істер жоғарыда аталған кеңес­тің шеші­міне сәйкес қаржыландырылатын болады.
Археологиялық-этнографиялық біртұ­тас жүйе қалыптаспауы салдарынан өңір­дегі көптеген орындар көзден таса қалып қойып жатады. Еліміздегі белгілі ғалым­дардың басын қосқан ғылыми кеңес олқы­лықтың орнын толтырып, мәдени мұралар­ды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеуге жол ашылмақ. Бүгінгі таңда Қорқыт ата ме­мориалды кешенін зиярат ету орталы­ғы­на айналдыру мақсатында оны халы­қаралық туризм маршрутына енгізу үшін құрылысты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Мемлекет басшысы елімізде өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне Сыр өңірінен Қорқыт ата кешені мен «Байқо­ңыр» ғарыш айлағы енгізілуіне қолдау көрсетіп отыр.
Мұрат ӘУЕЗОВ, мемлекет және қоғам қайраткері:
– Сыр өңірі шежіреге бай. Жалпы­лай алғанда, өңірдің археологиялық-этнографиялық мұраларын зерттеуде материалдық құндылықтарға емес, рухани жағына көңіл бөлуіміз тиіс. Қорқыт бабаның жан серігіне айналған қобыздың үні де ерекше. Қобыз аспа­бы­ның қасиеті де ерекше. Кейде ол өзінің иесіне де бағынбай жатады. Сондай-ақ Сыр бойы – Нұртуған, Нар­тай, Көшеней секілді атағы алысқа жа­йыл­ған көптеген жыраулардың кіндік қаны тамған жері. Оған қоса, шығыс­тың дүлділ шайыры атанған Тұрма­ғанбет Ізтілеуов те осы бір қасиетті мекеннің тумасы. Ертеден құт дарыған мекен осылайша қазақтың бүйрегі бұрып тұратын алтын ордасына айна­лып отыр.

Аталмыш кеңес отырысы барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Сәйден Жолдасбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Мадияр Елеуов, өнертанушы Тынысбек Қоңыратбай, Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің тарихи-мәдени мұра басқармасының бас­шысы Алтай Базарбай салиқалы ойларын білдірді. Кеңес отырысы алдағы уақытта тұ­рақты түрде өткізіліп тұратын болып шешілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста