«Қазақстанды таныту» жобасы таныстырылды

«Қазақстанды таныту» жобасы таныстырылды

«Қазақстанды таныту» жобасының идеясы Елбасының отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен 2012 жылғы желтоқсандағы кездесуінен кейін пайда болды. Президент журналистермен бейресми кездесуде: «Қазіргі жастарға біздің халқымыздың бірегей тұрмысы мен мәдениетінің сипатын телевизия арқылы ұсынылатын айрықша жобалар арқылы ашып көрсетуге болады деп ойлаймын. Ал мұны түсінікті тілмен және заманға лайық форматпен жасау қажет», — деп еді. Елбасының сол ойын іске асырған «Қазақстанды таныту» телевизиялық жобасы кеше Астанадағы «Қазмедиаорталық» ғимаратында таныстырылды.
«Қазақстанды таныту» тележобасы қа­зақ халқының мәдениеті мен тұрмысы ту­ра­лы баяндайтын, екі минуттан аспайтын 10 бейнероликті қамтитын топтама Нау­рыз мейрамы күндері «Қазақстан» және «Ха­бар» телеарналарында көрсетіле бастады.
Бейнероликтердің өзіндік ерекшелігі – оларда көркем бейнетүсірілім мен графи­каның, көрнекі арнайы эффектілер мен ай­тулы фактілердің үйлесім табуында.
«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төр­айымы Нұржан Мұхамеджанова жобаның тұсаукесерінде: «Бейнероликтер тақырып­тары халқымыздың өмірінің айшықты тұс­тарын танытуға арналған. Бұл роликтер шын мәнінде еліміз үшін мақтаныш сезімін оятатын қазақтың ұлттық брендтері тура­лы. Өте түсінікті тілде ұсынылып отыр. Мұ­ны жасауға бізге «Кемел ел» деп аталатын өндіруші студия өз көмегін көрсетті», – деп атап өтсе, «Хабар» агенттігі» АҚ басқар­ма­сы төрағасының орынбасары Алмагүл Ах­мет­жанова жобаның жастарға арналған­ды­ғына тоқталды. «Жоба қазақ халқының ұлттық және мәдени бірегейлігін танытады. Біз дәстүрге айналған, баршаға таныс дү­ниелерді басқа қырынан, заманауи тұрғы­дан көрсетуге тырыстық. Бұл бейне­ро­ликтер жастар үшін қызықты болар деген үміттемін», — дейді А.Ахметжанова.
Топтамада қамтылған тақырыптардың бәрі кез келген аудитория үшін қызықты әрі танымдық мәні бар. Олар: Асық ату ойы­­нының тәртібі; Қазақ тілі (тарихы мен жаз­басы, байлығы мен бейнелілігі); Музы­ка­лық аспаптар және шығармашылық (дом­быра жасау үрдісі: қобыздың ерекше­лік­тері, айтыс өткізу тәртібі); Қазақ күресі­нің та­ри­хы мен ережелері; Тазы тұқымы­ның ерекшеліктері; Ұлттық әшекей түрлері; Ер­же­туге байланысты мерекелер; Қымыз да­йындау және оның шипалық қа­сиеттері.
Роликтегі басты рөлдерге кино және спорт жұлдыздары түсті. Қазақ балуаны, «Қазақстан барысы» республикалық тур­ни­рінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев ұлттық күрестің айрықша қуаты мен айбарын та­ныт­са, актриса Бибігүл Сүйіншәлина қа­зақ­тың ұлттық әшекейлерінің өзгеше тар­тым­дылығы мен әсемдігін паш етті. Асық тура­лы роликті түсіру барысында кәдімгі қала ба­лалары ауыл балаларының ара­сына ба­рып, асық ойынының әдіс-тәсіл­дерін мең­гер­се, мыңнан астам музыкалық аспап жа­са­ған шебер Мұса Әділов дом­бы­ра туралы роликтің басты кейіпкеріне ай­налды. Мұса домбыра жасаудың қыр-сы­рымен егжей-тегжейлі таныстырды. Қазақ тілі туралы бей­нероликте қазақ тіліне қы­зы­ғушылық танытып, мемлекеттік тілді оқып-үйренуге ша­қырған алматылықтар көрініс тапқан. Ро­ликте қазақ жазба тілінің дамуының төрт кезеңі қысқа да нұсқа түр­де баяндалған, Александр Пушкин, Уиль­ям Шекспир және Мұхтар Әуезовтің сөз қол­даныстары салыс­ты­рыла отырып, қа­зақ тілінің байлығы мен тереңдігі ашып көр­сетілген. Сонымен бірге ер адамның жас ерекшеліктерінің 15 түрде айтылуын ер­екше айшықтап көрсету қазақ тілінің көп­қырлылығын аңдатады.
Бейнероликтер жыл бойы «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна», Kazakh TV, 24KZ, «Бi­лiм» телеарналарынан көрсетіледі. Соны­мен бірге оларды Youtube желісінен тама­шалауға да болады, ал фотоматериал мен тақырыптық суреттер Flickr фотохостин­гінде орналастырылған.
«Қазақстанды таныту» жобасы халық­тық жобаға айналады деп жоспарланып отыр. Таяуда жалпы жұртшылықтың қаты­суымен Отанды сүю тақырыбына арналған бейнеконкурс басталмақ. Қатысушылар 90 секундтық дербес қысқа бейнероли­гін­де өзінің туған өлкесімен, оның көрікті жер­лерімен, тағдыры қызық тұлғаларымен және айрықша дәстүрлерімен танысты­рады. Яғни өз Отанына сүйіспеншілігін та­ны­тып, әлемнің Қазақстанға ықыласын оя­татын нәрсенің бәрін қамтиды.
Жобаның тұсаукесер рәсіміне дейін БАҚ өкілдері арасында асық ойнаудан ша­ғын жарыс ұйымдастырылып, нәтижесін­де ер жігіттерді сұрмергендігімен қапы қал­дыр­ған «Заң» апталық газетінің тілшісі Тыныс Ахметжан жеңімпаз атанып, арнайы сыйлықты иеленді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста