Қазақстан жұлдыздары өз балаларына қойған сирек кездесетін есімдер (фото)

Қазақстан жұлдыздары өз балаларына қойған сирек кездесетін есімдер (фото)

Отандық жұлдыздар тек өнерінде ғана емес, отбасында да шығармашылық қиялға ерік береді. Олар өз балаларына барынша сирек кездесетін ерекше есім беруге тырысатыны да ғажап емес.


Балаларына ең ерекше есім қойған 7 отандық жұлдыздың тізімін comode.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Дизайнер Жәмилә Досқазы – қызының есімі Ассоль


“Ол дүниеге келгенде, мен есімін таңдау барысында үнсіз отырдым. Себебі, ортаншы ұлымызға біз қаза болған әкемнің есімін бердік. Ал қазақтарда бұлай ету бұрыс саналады. Менің күйеуім қызымызға Ассоль есімін берді. Мен қатты таңырқап қалдым. Себебі күйеуім романтикадан аулақ прагматиктер қатарында болатын”, – деп ағынан жарылды дизайнер.

“Мен одан нақты әрі түсінікті прагматикалық есім күттім. Бүгінде қызымыз алты жаста. Оған бұл ең таңдаулы есім болып отыр. “Алые паруса” дастанын мен қызым туылғаннан кейін бір-ақ оқыдым. Күйеуім оған бұл есімді өмірі шексіз сенімге толы болсын деген ниетпен қойды. Себебі Ассоль есімді қыз шексіз сенімге ие кейіпкер”, – дейді Жәмилә.

Дизайнер Салтанат Баймұхамедова – ұлы Аттила, қызы Жульетт


“Мен үшін ең бастысы – адамгершілік. Олар үшін үлгі болуға тырысамын. Мен әлемдегі ең жайлы ана шығармын. Мінсіз емеспін, әрине басымда өз тарақандарым бар. Кей кездері оларды мезі етемін, әсіресе ұлымды. Алайда менімен бірге тұру үшін айтарлықтай жайлымын. Еркіндікті сүйемін. Сондықтан балаларымның да еркіндігін шектеуге құқығым жоқ деп санаймын”, – дейді Салтанат.

Әнші Лидо – қызы Риана және ұлы Рахман


“Қызымды АҚШ-та альбом жазу кезінде дүниеге әкелдім. Қазір Рианада америкалық паспорт пен жеке social security number деп аталатын нөмірі бар. Сол себепті есімін батысқа сай етіп қойдық. Мұсылмандық үлігсі – Райхан. Солай атай берсеңіздер де болады”, – дейді Лидо.

“Рахман – маған Жаратушымыз сыйға тартқан бала. Қызымды босанғаннан кейін менде денсаулықпен қиындықтар туындады. Екінші рет жүкті болу үшін көптеген гормоналды дәрі-дәрмектер қабылдауға тиіс болатынмын. Алайда Рахман қашан дүниеге келетінін өзі шешіп, біз үшін күтпеген сыйлыққа, Құдайдың берген сыйына айналды. Мен оның ұл болатынын бірден сездім”, – дейді әнші.

Тележүргізуші Қазыбек Қасым – қызы Эсманұр


“Эсманұр есімінің түптамыры арабтар мен түріктерден шыққан. Араб тілінен – “ең жоғары жарық”, ал түрік тілінен “есімдердің ішіндегі үздігі” деген мағына береді. Менің қарындастарымның есімі Әсем мен Марал, ал жарымның есімі – Айнұр. Байқасаңыз, қызымның есімі маған қымбат арулардың есімдерінен құралғандай көрінеді!”, – дейді Қазыбек.

Дана Орманбаева мен Дәуіт Шайхисламов – қызы Шарлиз және ұлы Дилан


“Кез келген жастағы балалармен келісімге келе алу – олармен жылы қарым-қатынас орнатудың тиімді жолы деп сенемін. Балалар қашан да бала болып қала бермесі анық. Мұны әу бастан есте сақтау керек. Мен балаларыма дауыс көтермеймін, оларға бәрін байыппен түсіндіруге тырысамын. Жалқаулық, қорқақтық, орынсыз үрейлену, арамдықтан аулақ болуларын талап етемін. Әйтеуір оны жиі еске салып отырудың қажеті жоқ. Балалар – күйеуім екеуімізге ең жақын дос деуге болады!”, – дейді Орманбаева.

Әнші Бақыт Шадаева – қызы Урсула және Алиша.


“Қызыма есімді күйеуімнің әжесі берді. Таулы алтайлықтардың тілінен аударғанда “Урсула” “таудан аққан мөлдір, таза су” деген мағына береді. Бұл атау Ресейдің Алтай аймағындағы өзенге де берілген. Оның маңында қызымның әжесі мен атасы тұрады”, – дейді әнші.

“Алиша есімінің түптамыры араб тілінен шыққан. Бір нұсқасында “жалғыз, қайталанблас” деген мағына берсе, екіншісінде “игі тілектер, кешкі намаз” деген мағынаға ие. Қызым кешкі намаз уақытында дүниеге келген”, – деп түсіндірді Шадаева.

“Орда” тобының солисі Ерболат Беделхан – қызы Мейірлен


“Менің ойымша, қыздарға дәстүрлі есімдер берген дұрыс. Есім адамның өмірге келген сәтінен онымен бірге болады. Менің қызымның есімі Мейірлен. “Аяулы” деген мағына береді”, – дейді солист. 

nur.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста