Қазақ музыкасы құлдырап барады

Қазақ музыкасы құлдырап барады

Балнұр ҚЫДЫРБЕК, ҚР Композиторлар одағының төрайымы:

«Қазақ музыкасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған біртуар композиторлар жетерлік. Алты алашқа аты мәшһүр Құрманғазы­дан бастап, кешегі Нұрғиса Тілендиевке дейін Алаш музыкасы шырқау шегіне жеткен-тін. Бірақ дәл қазір тұғырлы тәуелсіздікке қолымыз жетсе де, рухани тұрғыда құлдырап барамыз». Мұндай ойды Қазақстан Композиторлар одағының Көкшетауда өткен жеке концертінде осы одақтың төрайымы Балнұр Қыдырбек жеткізді. Айтылған сөз жерде қалмасын деген оймен оқырмандарымызға композитордың көңіл толғанысын жеткізуді жөн деп шештік...

– Бүгінгі қазақ музыкасы қандай деңгейде? Жалпы, елімізде әсем әуен мен тың туындылардың шеберлері –ком­позиторларға мемлекет тара­пынан қаншалықты көңіл бөлінген?
– Иә, орынды сұрақ. Қазақ музы­ка­сы­ның өткен дәуірі мен қазіргі сипаты мүлде бөлек. Тіпті еш ұқсамайды. Кеңес уа­қытында бірталай көмек беріліп, арнайы қаражат бөлінетін. Бүгінде оның бірі жоқ. Тіпті оркестр мүшелері концертке киетін киімге де жарымай отыр. Ал біздің соңғы рет тың туындыларымыз үшін қаламақыны тек Кеңестер Одағы кезінде алғанымыз ешкімді де алаңдатар емес. Өзіңіз ойла­ңызшы? Осыдан кейін қандай биік деңгей болуы мүмкін? Дәл қазір Қазақ­станда аса жоғары әлемдік дәре­жедегі өнер туын­дыларын жарыққа шыға­рып, елдің ықы­ласына бөленген 20 шақты ғана ком­позитор қалды. Сондықтан, меніңше, мемлекет тарапынан көңіл бөлінбей, қазақ музыкасы да өрге баса алмайды.
– Өнерді бағалайтын музыка жана­шыры үшін бұл айтуыңыз өте ауыр екені түсінікті. Дегенмен бүгінгі жаңа туындыларды көріп, сазгерлердің сырлы сазы өлмейтінін көріп тұрмыз. Осы орайда «Қазақ композиторлары­ның шығармаларын кімдер тыңдай­ды?» деген заңды сұрақ туындайды. Есті музыканы естір құлақ бар ма?
– Рухы биік, өнерді жан-тәнімен сүйіп тыңдайтын патша көңілді көрермен, өкінішке қарай, саусақпен санарлық болып тұр. Қазіргі қоғам жын-ойнаққа толы, не әні, не биі түсініксіз, мәтінінде мәні жоқ батыстық стилдегі әндерге құмар. Ал нағыз классикалық туындылар көзден таса қалып барады. Біздің музыка өзімізде емес, шетелдерде жақсы тыңдалады. Сондықтан осы бір олқылықтардың орнын толтыру үшін елдің рухани жаңаруы қажет. Тек сонда ғана қазақ музыкасының тынысы ашы­лып, жаңа леп болар еді деген үміт­темін.
– Қазақ музыкасы қартайып ба­рады деген де пікір бар. Яғни қоғамда бірталай адамдар «саз әлемінде жүр­гендер шау тартып кеткен» дейді. Осыған келісесіз бе? Жалпы, музыкаға бет алып, қазақ музыкасына енген жас ұрпақ бар ма?
– Бұл пікірмен толық келісемін. Ра­сында да, қазақ композиторларының жасы қартайып барады. Оны алмас­тыратын жас ұрпақ та көрінбейді. Жаңа заман талабына сай жақсы музыканың да тууы екіталай. Бұған себеп те бар. Бірін­шіден, қаражаттың жоқтығы. Жастар ру­хани музыкадан гөрі ақша мен билікке тезірек қолы жететін заңгер немесе эко­номист болуды қалайды. Екіншіден, қоғам да рухани еңбектерді онша-мұнша баға­ламайды. Осы екі себеп жойылса, қазақ музыкасының бойына да қан жүгіреді деп ойлаймын.
– Бүгінгі концертте сіздер тек жаңа туындыларды сахнаға алып шық­тыңыздар. Жалпы, бүгінге дейін Қазақ елінің қандай аймақтарында болды­ңыздар? Мұндай концерттерді беру дәстүрге ене ме?
– Иә, шынымен де, көрермен наза­рына әлі сиясы кеппеген жаңа шығар­маларды тарту етудеміз. Бұл да көрермен тартудың бір жолы десек, артық айт­паймын. Осыған дейін Талдықорған, Қызылорда, Ақтөбе және Астана мен Алматы қалаларында болып қайттық. Барлық аймақта қоғам ыстық ықыласпен қарсы алады. Біз соны­мен мақтанамыз. Көрермен болмаса музыка да, жаңа туынды да өмірге кел­мейді. Яғни ком­позитор мен әншінің, әнші мен көрер­меннің арасында үзілмейтін байланыс болуы міндет.
– Істеріңізге табыс тілейміз. Әңгі­меңізге рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста