Қасым тұрған үй – бұл емес-ау...

Қасым тұрған үй – бұл емес-ау...

Екі ғасырға жуық уақыт іргесінен құт аумаған, өлкесінен рух таймаған Қарқаралы қаласының әр ғимарат, әр үйінде тұнған тарих бар. Мәди жатқан түрме, Потанин түскен үй, Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейхан оқыған, жүрген жерлер, Құнанбай салдырған мешіт, Абай түскен үй... Бұл тізімді едәуір ұзатып, тізе беруге болады. Осы тізімге «Қасым Аманжолов тұрған үй» де еніп келеді кейінгі жылдары. Әлбетте, Қасым ақын ұлы құбылыстар құжатталатын кез келген атагөй тізім, атақты алқаға лайық қой. Тек болған жай мен тарихи нақтылықтан ажырамасақ болғаны. Бұлай деуімізге Қарқаралыдағы «Қасым тұрған үй» деп белгі қойыл­ған боз ордада Қасекең, шын­дығында, тұрған ба, тұрма­ған ба деген күмән-күдік арқалаған сауал себепші болып отыр.
Көне қаладағы Д.Қосыбаев атындағы көшедегі №68 үйдің қабырғасына «Қаз-ССР-і 1929-30 жылдары ақын Қасым Аманжолов тұрған үй» деп ақ мәрмәрге қашап жазылған. Еңселі үй кімнің де бол­сын көзін тартардай. 1911 жылы туған Қасым 18-19 жастағы бозбала кезінде осындай үйде тұрған-ау деп сырт қо­нақтарға да ұялмай көрсетуге болады. Бірақ Қасым бұл үйде тұрмаған тәрізді! Бұған дәлел боларлық бірнеше жайтты көлденең тартуға болады. Осы №68 үйдің дәл жанында көлемі едәуір кіші, қораштау шатырлы қоңыр құжыра салынған. Бұл үйде қарқаралылық белгілі көпес Чанчиков тұрған екен. «Ақын бозбала кезінде осы үйге тоқтап, тыныстаған» деседі қариялар. Ал Қасым тұрды дейтін №68 үйде көпестің балалары тұрған. Жер­гілікті өлкетанушылардың, көнекөз қарт­тар­дың, Ю.Поповтың жазбаларына сү­йен­сек, 1929-30 жылдары Қасымның Қар­қа­ралыда болғаны туралы бірде-бір дерек жоқ. Өлкетанушы, Қарқаралы тари­хының білгірі Ю.Попов та «Қасым егер Қарқаралыға келсе, өз ауылына соқпай кетуі мүмкін емес. Қасым 11-12 жасында Семейге кеткен соң, Қарқаралы өңіріне келмеген тәрізді» деп жорамал түйеді. Ақынның туған жер туралы жырларына тұнған ұлы сағыныш сарынынан да соны аңғаруға болады. Бірақ болжам мен жорамал факті емес қой. Факт – қабырғаға қашалған мәрмәр тас болып тұр. Сонымен, Қасым тұрған көзге қораштау шағын үйдің қабырғасында белгі жоқ, белгі көрші үйде тұр. Әлбетте, «мұнда тұрған не бар? Тірлігінде баспана зарын тартқан ақынға еңселі үйдің қабырғасына ілінген мәрмәр тасты қызғанамыз ба?» деген сауал тууы да мүмкін. Қызғанбаймыз! Тек тарихи фактіге адалдық керек. Белгі қойылған тұста «Қасымдай ақын шағын үйде тұрды деген атымызға сын болар, үлкен үйге қояйық. Осыны кім біледі?» деген орашолақ ойдан туған осы шағын ғана қателік әңгімеге бастау болып отыр. Әйтпесе ақын жүрген жерде табаны тиген әр тасы қымбат болары анық ұрпағы үшін. Одан өзге дау да, дабыра да жоқ... Сонымен бірге «Қасым тірлігінде туған жеріне келмепті, баспанасыз болыпты, жағдайы болмапты» деген әңгімелер де арада өткен ғасырлық межеден соң тыйылуы тиіс шығар. Себебі ақын тұлғасы, ақын ары туралы, жыры туралы айтылар сөз де, оқырман да өзгеріп болды емес пе? Енді тек ақынның азаматтық тұғыры мен ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегін ғана тілге тиек еткен абзал болар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста