«Қаражорға» қарттарға дем беруде

«Қаражорға» қарттарға дем беруде

Семейдегі қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесінде ерекше клуб ашылды. Клуб «Қаражорға» деген атқа ие. Бүгінде онда отызға тарта адам аптасына екі рет жарты сағаттан «Қаражорғаны» билейді. Ерекшелігі, сол биді тек қарттар ғана емес, жастайынан мүгедектікке шалдығып, арбаға таңылған өрімдей жастар да билейді. Тіпті араларында жасанды аяқ кигендер де бар.
Биді мекемедегі психолог мамандар жүргізеді. Тағы бір айтарлығы, қарттар үйін­де төсекке таңылғандар үшін де жағдай қарастырылған. Бұл ретте маман­дар әр палатаны аралап, оларға «Қара­жорға» әуенін қояды. «Әуеннің кереметі сонша төсек тартып жатқан адамдардың өзі ести сала қуанып, дене бітімін барынша қимылдатқысы келеді. Қазір осы әуенге сай бейімделіп, денелерін қозғалысқа енгізе бастады» дейді мекеме қызметкер­лері. Бүгінде «Қаражорға» тек қол-аяқ буындарын қозғалысқа келтіріп қоймай, адамдардың көңіл-күйін көтеруге де барынша көмектесуде.
Динара ҚОНАҚБАЕВА, клуб жетекшісі, психолог:
– Бұл кісілерге мекеме толыққанды көмек көрсетеді. Сондықтан қамқор­лық­қа алынған жандар жұмыс істемей­ді. Артық қимыл-қозғалыс жоқ десе де болады. Сондықтан біз би арқылы бұл кісілерді біраз қозғалысқа келтіруді жөн деп таптық. Клубқа келгенде отыз минут болсын терлеп, жаңағы іштегі энергияларын шығарады. Бізге келгенде мүлде қозғала алмайтын адамдар қазір аздап болса да қимыл-қозғалыс жасай бастады. Біз соған қуанамыз.
Бастапқыда «Қаражорға» биі қамқор­лық­­қа алынған жандардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін қолданылған екен. «Артынан олардың ауыр дертінен айығуына септігін тигізіп, өмірге деген құлшыныстарының артатынына көз жеткіздік. Сондықтан биді арнайы жаттығу үшін қолдануды жөн деп таптық» дейді мекеме қызметкерлері. Қазір де қарттар үйіндегі әр мереке «Қаражорға» биінсіз өтпейді. Қарттар мен мүгедектерге ар­налған мекемедегі таптырмас жаттығуды қаладағы басқа да әлеуметтік мекемелер қолданысқа енгізе бастапты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста