Қаламұш қашанда ұштала бергей!

Қаламұш қашанда ұштала бергей!

...Әлдекім дүниеден өткеннен кейін ғана кімді жоғалтқанын біліп, аһ ұратын қазақ үшін адамның қадіріне көзінің тірісінде жету – өте қат та қажет қасиет. Осы тұрғыдан алғанда, журналист, әдебиеттанушы ғалым, профессор Бауыржан Омарұлының таяуда жарық көрген «11-ші қаламұш» деген жаңа жинағының мейлінше тағылымды дүние екендігі даусыз.
«11-ші қаламұш» – автордың жур­на­листика майданындағы қаламдас, қанаттас әріп­тестері, олардың осы саладағы өзіндік үлес, салмағы, шығармашылық ла­бо­ра­то­рия­сының қыр-сыры, сондай-ақ адамдық бол­мысы, азаматтық бейнесі жөніндегі тол­ға­ныстарына толы. Бұл жобаның әріп­тес­тер жай­лы портреттік мақалалардан бастау ал­ғандығын айта отырып, Бауыржан Омар­ұлы: «...Журналист өмірінің жұртқа аса мә­лім емес тұстарын танытуға ты­рыстық. Олар­дың өскен ортасы, ма­ман­дықты иге­ру­ге ұмтылысы, жолсапар хи­кая­ла­ры, кә­сі­би шеберлігі жөнінде әңгіме өр­біттік», – дей­ді кітаптың «Қаламгер және қа­ламұш» атты күрмеу сөзінде.

Айтса айтқандай, бұл – өзінің қарақан ба­­сынан гөрі өз ісіне, кәсібіне көбірек қыз­мет еткен жандар, замандастар, әріптестер жө­нінде аспандата емес, кәдімгі адами тілмен жазылған жүрекжарды лебіз. Мұнда сан алуан адамдар жайлы әңгі­ме­лен­ген. Олардың ішінде атақтылары да, ата­қ­­сыздары да, қалың көпшілікке та­ныс­тары да, бейтаныстары да бар. Бірақ олар­дың қай-қайсысы да – күнделікті өмір­дегі кү­рес­кер, суреткер, былайша айтқанда, на­ғыз алдыңғы шептің адамдары. Автор өзін­дік майда тілімен, қалам­гер­лік ше­берлігімен әр кейіп­ке­рінің жұрт көзінен таса қа­сиет­терін, ерек­ше­лік­терін әсер­лі штрих­тар, тосын да тың теңеу­лер арқылы өте шы­­на­йы си­пат­тайды. Сөйтіп, қазақ жур­на­лис­те­рінің шын мәнісіндегі ұлы ұстазы Т.Қо­же­­кеев­­тен бас­тап, С.Бер­ді­құлов, Е.Смайыл, Ж.Ауп­баев, Ж.Бей­сенбайұлы, Қ.Жиен­­­бай, Д.Егізов, С.Пар­ман­құлов, Қ.Олжай, М.Тә­­жі­­­мұ­ратов, Н.Жүсіп, Т.Ба­тыр­­хан, Қ.Рыс­­бек­ұлы, Ә.Орал­­баев, М.Бай­назар, Н.Бай­са­қал, Ә.Са­быр­­жанұлы сияқ­ты аға, іні, заман­дас­та­ры­ның әр­қай­сы­сының өзін­дік қадір-қа­­сие­тін тамы­р­шы­дай тап басқаны байқалады. Осы ті­зімдегі та­нымал көсем­сөз­­шілер өз алдына, әсіресе «арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» бо­лып, ел ішінде елеусіздеу күн ке­шіп жүрген соңғы бес-алты жур­налист бей­несі Бауыржан Омар­ұлы­ның кейіп­те­уін­де өте сәтті шыққан. Бұл ретте, Бауыржан Омарұлы «Өңі шырайлы, сөзі шұрайлы» те­ле­журналист Әлімжан Сабыр­жанұлының өткір де ұтымды түйін­дерін тіпті жіліктеп ша­ғады. Мысалы, сө­ре­де секіріп бара жат­қан әлдебір қытайлық саудагерді көрсете оты­рып: «Бүгін сөреде секіргендер ертең төбеде секіріп жүрмей ме?», «Қыз сынында» бас бәйге алған ару­дың ана тілге шорқақ екенін «Түрің ұнамды екен, енді тіліңнің де құ­нарлы болуына ті­лектеспіз!» деп бір ауыз сөзбен түйіндеген не­месе «Ұлықта құлық жоқ», «Ұшақтан тү­сіп, құ­шақ­қа кірген» де­ген сияқты сәт­ті­лі­гімен талайдың зердесінде жат­талып қал­ған тіркестеріне дейін тізіп шы­ғуды ұмыт­пайды. Сол сияқты қазақ жур­на­лис­ти­ка­сының ыстық-суығына бір кісідей төтеп келе жатқан, сөйте тұра «биліктегі бар жеткен биігі 501-оқу тобының старос­та­лығы» болып қалған, қаламы қарымды тіл­ші Нұржамал Байсақал жөнінде де жана­шыр­лық көңілмен көсіле жазады, «Алымды әрі шалымды. Оқырманын да, өз стилін де тап­қан журналист. «Алматы ақшамының» бір тіреуін көтеріп, бірнеше айдарды үкілеп ұс­тап отыр», – деп шын бағалайды, әділ са­ра­­лайды.

Қорыта айтқанда, «11-ші қаламұш» – жалғасын табуға тиісті құнды дүние. Әрине, замандас туралы сөзді басқалар да айтпай, жазбай жүрген жоқ. Бірақ олардың, не­гі­зінен, белгілі мерей­той­лар­ға орай­лас­ты­ры­латыны, ең со­ра­қы­сы, көбінесе әсі­ре­мақтау, ма­дақтау тү­рін­де болып келетіні шындық. Ал оқыр­манға замандас бейнесін ашатын шы­на­йы, адами сөз керек. «11-ші қаламұш» – осы талап үдесінен шыға алатын бір­ден-бір тұшымды туынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста