Қаламгерлер оқушылармен жүздесті

Қаламгерлер оқушылармен жүздесті

Жуырда Алматы қаласында­ғы Теміржолшылар сарайында Қазақстан Жазушылар одағы­ның 75 жылдығы аясында жас ақын-жазушылардың №6 кәсіптік лицей оқушыларымен кездесуі өтті.

Кездесуді белгілі ақын, Қазақстан Жа­з­у­шылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, «Қалам­гер-медиа» орталығының директоры Жанар­бек Әшімжан, «Ан-Арыс» баспасы­ның бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы бастаған аға буын өкілдері ұйымдастыр­ды.
Әуелі лицей оқушылары келген қонақ­тарға өз өнерлерін тарту етті. Белгілі ақын­дар­дың өлеңдеріне шағын поэтикалық қойы­лымдар жасап, ақын ағаларын да, жиналған көрермендерді де бір серпілтіп тастады. Оқушылар өнерін тамашалағаннан кейін сахнаға көтерілген Бейбіт Сарыбай, Ырысбек Дәбей, Ерғали Бақаш, Мәди Ал­жан­бай, Дархан Бейсенбек, Бауыржан Әлқожа, Олжас Қасым сынды жас ақын-жазу­шылар өздерінің отты өлеңдерімен, лирикалық жырларымен көпшілікті поэзия әлеміне үңілдірді, сөз құдіретін танытты.
Ерболат Батталханов, №6 кәсіптік лицейдің директоры:
– Қазақ халқы небір зұлматты басы­нан кешіргенде осы Жазушылар одағы әрдайым халықтың мұңын ай­тып, араша­шы болып жүрді. Сонау Жел­­­тоқсан оқи­ғасы кезінде, туған тіліміз­дің мәрте­бесін қайтару жолында жасалған жұмыс­тар­дың барлығына осы қасиетті қара шаңы­рақтың әсері болды. Бүгінгі кәсіптік ли­цей­дің оқушыларын ақын-жазушы аға­лары­мен таныстырып, олар­дың өлең­дерін тыңдатудағы мақса­тымыз – әде­биет­тен әлеумет жырақтап кеткен заман­да автор мен оқырманның ара­сын­дағы алтын көпірді қайта жалғау болатын. Өйт­кені әдебиет адамның өзі үшін керек.

Бейбіт Сарыбай, ақын:
– Әрине, жас ақын-жазушылардың жастармен, осындай оқу ордаларында білім алып жатқан оқушылармен кезде­сіп, өздерінің өлеңдерін тыңда­тып, жазып жатқан дүниелерімен та­ныс­ты­рып отырғандығы дұрыс. Өйткені бала көңілі, жастардың ұғымы жақсыны да жасықты да бірден айырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста