Өскеменде сандық жүйеге көшу науқаны аяқталды

Өскеменде сандық жүйеге көшу науқаны аяқталды

Облыс орталығы Өскемен қаласында АТС-47 және АТС-62 аналогтық телефон стансыларындағы соңғы 15 000 абонентті NGN жаңа заманғы цифрлы желіге қайта қосу жұмыстары толықтай жүзеге асты. Енді өскемендіктердің жоғары сапалы жаңа телекоммуникация қызметтерінің түрлерін пайдалануына мүмкіндіктері бар. Мұндай жұмыстар Өскемен қаласында ғана емес, аймақтың барлық өңірінде жүргізіліп жатқан көрінеді.
Бүгінде Өскемен қала­сын­да нөмірлік сыйым­­дылығы 117716-ны құрайтын 71 циф­­рлы АТС ор­на­тылған. Сон­дай-ақ 7 CDMA ба­за­лық стан­сы­сы WLL сымсыз ра­­диоқатынау тех­­но­логиясы бойынша 18,5 мың нөмірге қыз­мет көр­се­теді.
Айта кетерлігі, абоненттерді қайта қосу кезінде бұрынғы нөмір­лердің сандарын ба­рын­ша сақтауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Өңірдегі компания өкіл­дері нөмір ауыс­ты­рудан 10 күн бұрын әр абонентке жүр­гізілетін жұмыстар жайында ес­кертіп, жа­ңа нөмір туралы және оны ауыс­тыру күні туралы ақ­па­рат­тар берген.
Жаңа жүйенің ерекшелігі, қала­аралық және халықаралық бай­ла­ныс қызметінің мүлтіксіз жұмысын қамтамасыз етумен қатар, өзге де бір­неше қыз­метті пай­далануға мүмкіндік береді. Со­нымен қатар абоненттер қоңырауды қайта бағыттау және күту, халықаралық және қала­ара­лық бай­ла­нысты жеке пароль арқылы шек­теу, қоңырау шалған абоненттің нөмірін анық­тау сияқты қосымша қызмет түрлеріне қол жет­кізеді.
NGN байланыс желісінің көздеген негізгі мақсаттарының бірі – ақпараттың барлық түр­лерін басқаруға мүмкіндік беретін әмбебап желі құру. NGN бірыңғай интерфейс (бір ро­зет­кадан) арқылы бір мезетте барлық қызметті ұсынуға мүмкіндік береді: дауыс, мәліметтерді беру және бейне (Triple Play концепциясы). Атал­мыш желі қолда бар және жаңа қызметтер, аналогтық және цифрлы телефон аппараттары, факстер, ІР-хаттама арқылы жұмыс істейтін теле­фония терминалдары, кабельді модем­дер­мен жұмыс істейді.
Эрнест ЕСПЕНБЕТОВ, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры:
– Өскемен қаласында АТС-47 және АТС-62 аналогтық телефон стансыларындағы соңғы 15 000 абонентті NGN жаңа заманғы цифрлы желіге қайта қосу жүзеге асты. Сөйтіп, облыс орталығында «Қазақтелеком» АҚ желілерін цифрландыру науқаны толығымен аяқталды. Сәйкесінше, абоненттерге жоғары сапалы әрі жаңа телекоммуникация қызметтерінің түрлерін ұсынуға мүмкіндік пайда болды. Телекоммуникация желілерін жаңғырту Шығыс Қазақстан облысының барлық өңірінде жүріп жатыр. Мәселен, Семей шаһарында аналогтық телефон стансыларының абоненттерін қайта қосу 2011 жылы басталады. Ал Аягөз, Шар, Зайсан және Шемонаиха қалаларында цифрландыру деңгейі 100%-ды құрап отыр. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы абоненттерінің 88%-ы цифрлы АТС-ке қосылған.

Әлмира ЖҰМАБАЕВА, қала тұрғыны:
– Бұған дейін бізде басқа нөмір еді. Ал биыл жаңа нөмір қойдық. Соның арқасында интернетке де қосылдық. Бұл жақсы болды бізге.
Тахмина БАЙДЕЛДИНА, қала тұрғыны:
– Бұрын телефон шалған уақытта тұтқаның ішінен бөгде дыбыстар естіліп, кедергі келтіретін еді. Жақында нөміріміз ауысты. Енді басқа қалаға телефон соқсақ та, сөйлескен адамың қасыңда отырғандай ап-анық естіледі. Оның үстіне өзімізге нөмірді анықтау және таңертең ояту қосымша қызметтерін де қостырып алдық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста