Оралханды оқығанның рухы мықты

Оралханды оқығанның рухы мықты

«Оралхансыз Алтай жетім сияқты. Бірақ өзі іңкәр жүрекпен жырлап өткен Алтайдың үстінде Оралханның рухы мәңгі қалықтап жүргендей көрінеді де тұрады». Бұл белгілі жазушы Әлібек Асқаровтың Өр Алтайдың төрінде кіндік қаны тамып, тума таланттың жас күндері өткен Мұзтауға, Алтайға қарап тұрып айтқан сөзі еді. Бұл жолдар Оралханды іздеген көкірегі ояу жұрттың көкейіндегісін тап басып тұр.
Жақында ТМД кітапханашылары «Ын­ты­мақтастық кітапханалары: интеграция, инновация және жалпыға ортақ қол­жетімділік» атты халықаралық форум өт­кізіп, оқырмандардың ойын танып, кітап болашағын біршама бағамдап баққан еді. Енді, міне, аталмыш форум аясында «Қа­зіргі заман және Оралхан Бөкейдің көр­кемдік мұрасы» деген атаумен жиын ұй­ым­дастырылып, кітапханашылар оқырман қауыммен бір үстел басында отырып пікір алмасты. Әңгіменің өзегі – қазақтың бір­туар перзенті, қазақ сөз өнерінің айтулы саң­лағы Оралхан Бөкейдің шығарма­шылық мұрасын оқырмандарға насихаттау. «Кә­рі­сі бар, жасы бар – қайсысы болса да, Оралханды онсыз да оқиды. Дегенмен де, Ор­ал­ханды көзі көрген ағалардың ғибратты әңгімелерін тыңдау, Оралханның өмірдегі тұлғасына қатысты тың деректер есту оқ­ыр­мандар үшін баға жетпес байлық деп ойлаймын», – дейді жиынды ашқан Парламент Сенатының депутаты Ғари­фолла Есімов.
Тоқтала кететін және бір жайт – «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдас­тырылған игі шараға есімі қазақстандық­тар­ға етене жақын, жазушы, аудармашы Анатолий Ким Мәскеуден арнайы келген. Ким мырза – Оралхан Бөкейдің жауһар ту­ындылары – «Үркер ауып барады», «Кер­бұ­ғы», «Өліара», «Қар қызы» повестері мен «Жасынның ізі», «Ардақ» атты әңгіме­лерін орыс тіліне тәржімалаған аудармашы. Жиын барысында ол «Менің жүрегім­дегі Оралханның орны және оның жастық ша­ғы» жайында мөлтек-сыр шертті. Ал жазу­шының атақты «Кербұғы» атты кіта­бы­ның алғысөзін жазған Бақытжан Қана­пиянов Өр Алтайдың кербез ұлы – Оралхан жа­йында естелік әңгімесін ақтарды. Шығар­машылық қауымның өзге де өкіл­дері жеке-жеке сөз алып, Оралхан Бөкей туралы жү­рекжарды естеліктерін айтып, шығарма­шылық қырларын әңгімеледі.
Ғарифолла ЕСІМОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Оралхан Бөкей – табиғаттың түрлі көріністерін, жаратылыстың алуан мінездерін, Алтай хайуанаттарының өмі­рін ұлы махаббатқа ұластырып, оқыр­ман­дарына мөлдіретіп жеткізген жазушы. Оралханды жастар жастанып оқи­ды. Бұл Оралхан шығармаларының өзектілігі өз мәнін жоймай келгеніне мысал бола алады.

Жанна ШАЙМҰХАНБЕТОВА, Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:
– «Бір ел – бір кітап» акциясы – АҚШ-тың Чикаго кітапханаларында өтетін дәстүрлі шара. Акция барысында бір кітапты таңдап, оны бүкіл ел болып оқитын болған. Бұл әдіс ұлттық әде­биетті насихаттаудың ең тиімді жолы екендігіне көзіміз жетті. Енді, міне, біз­дің елде де оқырмандарға, жастарға классик жазушылардың еңбектерін та­ныстыруға мүмкіндік туып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста