Мұқағали өлеңдері тұңғыш рет аудио-кітап болып шықты

Мұқағали өлеңдері тұңғыш рет аудио-кітап болып шықты

Жаңа технологиялары күн сайын жаңарып жатқан ғасырда ұялы байланыс телефонын тұмар етіп тағынып, компьютерін жастық қылған бүгінгі буынның жас өскіндеріне ұлттық құнды­лық­тарымызды  сіңіреміз десек, заманға сай әрекет етуге тиіспіз.  Яғни қолда бар рухани мұрала­рымызды ақпараттық техноло­гия жетістіктерімен әдемілеп «ораған» соң, жастардың теле­фо­нына түсіріп, компьюте­ріне салып беруіміз керек.
Осы мақсатта жүзеге асқан шоқтығы биік бір игі іс  «Абырой» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту қорының тікелей мұ­рын­дық болуымен жүзеге асты. «Абырой» қоры «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың  шығарма­ларын тұңғыш рет электрондық аудио-кі­тап нұсқасында жарыққа шығарып, кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапха­нада тұсауын кесті. «Абырой» қорының төрайымы Бибігүл Жексембайдың атап өткеніндей, бұл жұмыстарға Мұқағали атындағы қор да қол ұшын созып, жеке отбасылық мұрағатта сақталған көптеген құнды дүниелерін ұсыныпты. «Мемлекеттік қорда жатқан Мұқағали Мақатаевтың өз дауысымен оқыған бірнеше өлең-жырла­ры қосылып, ақынның белгілі-белгісізі бар, 400-ден астам өлеңі арнайы іріктелген актерлердің оқуында енгізілді. Бір жылға жуық істелген бұл жобаға үлкен шығарма­шы­лық топ атсалысты», – дейді Бибігүл Нұрғалиқызы. Әдемі мұқабамен тысталған екі аудио-бейне дискіні тыңдаған адам бұған бірден көз жеткізетіні анық. Аудио-дискі ә дегеннен-ақ құлаққа жағымды қо­ңыр үнімен  бойыңды билеп алатын,  өлең құдіретінің тереңіне қарай тарта беретін  ақын­ның өзі оқыған, Алтын қорда сақтал­ған өлеңдерімен басталып, театр әртістері нақышына келтіріп оқыған өзге де көптеген шығармаларын қамтыған. Және соның бәрі арнайы жазылған музы­ка­мен әрлен­ген. Ал екінші дискі кәдімгі элект­рон­ды кітап түрінде жасалған. Әр бетін ком­пью­те­ріңіздің тінтуірімен (мышка) қолмен аш­қандай парақтай отырып, Хантәңіріндей алып ақынның жырын құныға оқи бере­сіз.
Осындай игі шаруаның тұсаукесеріне ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев, Мұқаға­ли­дың көзін көріп, жырын тыңдаған Тұр­сын Жұртбай, Серік Негимов, Шәкір Ыбы­раев сынды белгілі ғалымдар қатысып, қызықты естеліктерімен бөлісті.
Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, «Абырой» қорының директоры:
– Қазір ХХІ ғасыр жаңа техноло­гиялар ғасыры десек, онда біз бүгінгі жас­тарға қазақтың мол мұрасын осын­дай жаңа деңгейде жеткізуге тырысуы­мыз керек. Осындай мүмкіндіктерді пай­даланып, Алтын қорда жатқан дү­ние­лерді халыққа ұсынатын болсақ, бұдан тек қана мәдениетіміз емес, жал­пы, еліміз ұтары сөзсіз. Өйткені өлең, жыр – адамды ойлантатын ерекше қасиет­ті дүние. Сондықтан тек ән мен күйді ғана емес, музыкамен әрленген өлең-жырларды да тыңдайтын болса, жастарымыз ойланады, ұмтылады, жа­ны жақсылыққа жақын болады деп ой­лай­мын. Бұл – біздің алғашқы бастама­мыз ғана. Болашақта басқа да ұлы ақын­дарымыздың өлең-жырларын осындай аудио-дискілер арқылы жұртшылыққа жеткізетін боламыз деген сенімдемін. 

Балғымбек ИМАШЕВ, айтыскер ақын:
– Мұқағали ағамыздың өлеңдерін оқығанда толқымайтын, тебіренбейтін қазақ жоқ. Бірақ оны өз дауысымен ес­ті­генде немесе театр актерлерінің оқуын­да тыңдасақ, тіпті ерекше әсер қалдырады. Сол өлеңнің ішкі иірімдері мен толқын­дары дауыспен жеткізіліп, көз алдынан өтіп жатса, ол өлең тыңдау­шысына ай­рық­ша әсер беріп, жатталуға да оңай бо­лады. Осы жағын ескерсек, өте бір сәтті жоба іске асты деп ойлай­мын.

Шәкір ЫБЫРАЕВ, Түркі академиясының президенті:
– «Заманына қарай – амалы» деген сөз бар ғой. Қазіргі заманда ұлы тұлға­ларымызды танытудың тәсілдері, амал­дары өзгерген болса, онда соған ла­йық­тап оның электрондық кітабын жа­сау – бұл да бүгінгі күннің талабы. Өйткені Мұқағали – біздің заманы­мыз­дың заңғар ақыны. Қай ұрпақтың болса да, бүгінгі немесе алдағы уақытта қан­дай заман келсе де, Мұқаңнан үйрене­тіні, алатын тәлім-тәрбиесі, өнегесі мол. Сондықтан да бұл істі өте қажет, игілікті шаруа деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста