«Мен не деймін, домбырам не дейді?»

«Мен не деймін, домбырам не дейді?»

Қазақтың бас аспабы саналатын домбыраны қазір кез келген жерден, тіпті базарлардан да сатып алуға болады. Бағасы да қолжетімді. Үш мың теңгеден бастап, 15 мың теңгеге дейін. Хас шеберлердікі қымбатырақ болары сөзсіз. Ал тартып көрсең, қаздың дауысындай «қаңқ-қаңқ» етеді. Ағашын кәдімгі фанерден, ал ішегін балық аулайтын қармаққа тағылатын лескадан жасайды.

Ұлттық дүниелерімізді сататын өнер салондарындағы домбыралардың да жетісіп тұрғаны шамалы. Өткен тарихқа көз жүгіртсек, домбыраны кептірілген арнайы ағаштан, ішегін қой мен ешкінің аш ішегінен жасаса керек-ті. Өкінішке қарай, ата-бабамыз өсиет еткен бұл «стандарттар» ұмытылып барады. Күй атасы Құрманғазының шәкірті Динаның өз орындауында жазылып алынған күйлерді тыңдап көріңізші. Әсіресе, «Әсемқоңырды». Керемет! Домбыраның қоңыр үні жүрегіңді баурап, тілсіз тебірентеді. Толқисың, толғанасың. Түйсігің түйсінеді, санаң сезімге мөлтілдеп тұнады. Ал осы күйді қазіргі күйшілердің орындауында тыңдасаң, әлгіндей әсер ала алмайсың. Бірдеңе жетіспей тұрады. Ол домбыраға тән жұмсақ, қоңыр әуез. Нәзік иірімдер мен төгіліп тұратын тұнық үйірімдер үйіріліп келе бермейді. Жұмсақ қоңыр үннен гөрі қатқыл дыбыс басым. Күйшілердің қолындағы аспап домбыра емес, даңғаза гитара екен деп қаласың. Бәріне бірдей топырақ шашуға болмас. Шын шебердің қолынан шыққан асыл дүниелер баршылық. Бірақ бабын келістіріп жасаған домбыраға көпшіліктің қолы жете бермейді.
Домбыраға леска тағу арқылы біз қазір оның байырғы барқыттай биязы, жібектей нәзік табиғи үнінен айырылып барамыз. Лескадан қазақ табиғатына, домбыраға тән үн толық шықпайды. Көнекөз қариялар қойдың немесе ешкінің аш ішегін сыдырып тағатынын жыр қылып айтып отырады. Ішекті сыдырудың да өзіндік технологиясы бар көрінеді. Домбыраның пернесін де ішектен тақса, табиғи дыбыс жақсы шығады, табиғи қоңыр үнді осы ішек қана бере алатын көрінеді. Домбыраның пернесін де ішектен тақса, табиғи дыбыс жақсы шығады, табиғи қоңыр үнді осы ішек қана бере алатын көрінеді. Ұлтымыздың ұлы аспабын жан-жақты зерттеу ісі де кемшін түсіп жатқан сықылды. Бұл салада ғылыми танымдық кітаптар тіптен аз... «Стариварди» жә­не «Гвардери» атты компаниялар өздерінің скрипкаларымен бүкіл әлемге танымал. Олар скрипканы бастапқы әуезін бұзбайтындай жоғары технология бойынша жасап шығарады және сонысымен де ұтады. Ал бізде домбыра жасаумен айналысатын танымал шебер­лер тым аз. Шеберханалар да кемде-кем. Осындайда ойға қаласың, неге бізде де ұлттық аспаптарымызды жасап шығаратын арнайы шеберханаларды көбейтпеске?
Кезінде аты шыққан Кислицин мен Романенконың домбыра жасау мек­тебі болған. Кислициннің жеке орын­даушыларға, ал Романенконың оркестрге арнап жасаған үлгілері бар. Қазіргі домбыра жасаушылардың дені солардың үлгісін тұтынады. Жыл сайын елімізде домбыра жасаушы шеберлердің «Үкілі домбыра» атты байқауы болып тұрады. Бұл да болса ұлттық аспаптарымызға деген теңізге тамған тамшыдай болса да септігі тиетін игі шара. Елімізге аты белгілі Мұса Әділов, Едіге Нәбиев, Сұлтан Мұсаев сынды кәсіби шеберлер бар. Жасөскіндерге үйретері көп осындай шеберлердің жеке-жеке мектептерін дамытсақ, қанекей?!
Өткен жылы Әділет министрлігінің бұйрығымен бекітілген түзеу мекеме­ле­рін­дегі сотталғандардың тәрбие жұмы­­сын ұйымдастыру бойынша Шы­ғыс Қазақстан облысындағы қыл­мыс­тық атқару жүйесі комитетінің бас­қар­масында сотталған азаматтар арасында қолөнер бұйымдарының облыстық «Үміт» атты байқауы болып өтті. ОВ 156/14 мекемесінен домбыра жасау номинациясы бойынша Ильяс Қалиев 1-орынды жеңіп алыпты. Мәдениет саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар «түрмедегілерге домбыра жасауға тыйым салу керек» дейді.

Сайлау Жақсыбеков, ҚР мәдениет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның директоры:
– Жасырары жоқ, бүгінде домбыраны кәсіби деңгейде білімі жоқ адамдар жасайды. Негізі, домбыраны ата-бабасынан жалғасып келе жатқан үрдісі бар шеберлер ғана жасауы қажет. Тіпті түрмедегілер де жасап жүр. Домбыраны жасаудың өзіндік стандарттары бар. Ол үшін ауқымды шеберхана салынуы керек. Шебердің өзі қазақтың күйлерінен толық мағлұматы болуы шарт. Домбырада шебер ойнай алуы қажет. Оған күйшілер кеңесші болса, артықтық етпейді. Домбыраға мемлекеттік тұрғыда қамқорлық қажет. Тек домбыраға ғана емес. Мәселен, сазсырнайдың арнайы жасалу стандарты жоқ. Оны кірпіш құятын адамдар жасай береді. Нота бойынша келтірілмеген. Оны өз орнына келтіретін мамандар, дұрысы жаны ашитындар жоқ деуге болады. Оның шыңырау деп аталатын түрі барын кейбіреулер білмейді де. Ал шаңқобызды көбіне «отходтан» жасайды. Тілі – сағаттыкі, сыртқы формасы – электродтыкі. Осы шаңқобызды жасайтын шеберхана ашса, артықтық етпес еді. Қазақтың аспаптарын дамытудың қажеті жоқ. Ойнау шеберлігін арттыру қажет. Шаңқобызды ерекше етіп жасаймын десең, ол – флейта, ал сыбызғыны дамытамын десең, ол гобой болып шығады. Сондықтан да ұлттық аспаптарымызды арнайы шеберханаларда, кәсіби мамандар ғана жасайтындай жағдай істеуіміз керек. Көп болып қолға алсақ, қанекей!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста