Меценаттар ұлттық бейнелеу өнеріне бет бұрды

Меценаттар ұлттық бейнелеу өнеріне бет бұрды

Осыдан бір жыл бұрын бәсіне жеті миллион ақша тігіліп, «Қазақ халқының эпостық жырлары, тарихы мен дәстүрлері»  атты тақырыпта қылқалам шеберлері арасын­да үлкен шығармашылық бәйге жарияланған болатын.
 Бүгінде суретшілерді ынталандыру мақсатында халықаралық және мемле­кет­тік деңгейде, аймақтық дәрежеде үлкенді-кішілі көрме-бәйгелер өткізіліп жүр. Де­ген­мен жекелеген кәсіпкерлер мен қолы ашық меценаттардың, белгілі бір компа­ния­ның қолдауымен қылқалам шебер­лерінің ірі байқауы өткізілген емес. Қазақ қоғамында әсіресе  әдебиетті қаржылан­дыру қашанда болған.  Мысалы, тарихта 1899 жылы үш кластық Мамания мектебін ашқан Мамановтар әулетінің кенжесі Есенқұл қажы 1913 жылы роман бәйгесін жариялаған. Оған 2 мың сом ақша тіккен. Ол бәйгені «Қамар сұлу» романына Сұл­танмахмұт  Торайғыров  пен «Қыз көрелік» шығармасына Тайыр Жомартбаев алғаны бәрімізге белгілі. Сол кездегі ақшаның құнымен есептесек, бұл бәйгенің сыйақы­сы өте қомақты болған. Сондай-ақ қазақ­тың ән өнері мен айтысы меценаттар тара­пынан ерекше қамқорлыққа ие болып келеді.
Шоу-бизнес үстемдік құрған қазіргі  мәдениетте бейнелеу өнері шеберлері өз­дерін қолдайтын демеуші, меценат дегенді оңайшылықпен іздеп таба алмайтын. «Іздегенге – сұраған» дегендей, азаматтар­дың арасынан ақыры бір Атымтай Жомарт суырылып шығып, суретшілерді бір серпілтіп тастады. «Arlinе» компаниясының директоры, бұрыннан өнер жұртшылығына танымал коллекционер Мұрат Төлемағам­бетов деген азаматтың ұйытқы болуымен жуырда аталған байқаудың қорытындысы жарияланып, ауқымды көрме ұйымдас­ты­рылды.
Тәуелсіздік заманындағы жаңа көрке­м­өнер 1991 жылдан бергі кезеңді қамтиды десек,  осы кезеңнің алғашқы он жылдығы ұлттық рухқа бөленген реализм ерекше үн қатты. Ұлттық сана-сезімі оянған халық арасында ұлттық тақырыптарға деген сұраныс ерекше болды. Реализмнің туын көтеріп отырған бұл көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен 167 картина қойылды.
Жақсы туындыға қомақты сыйақы та­ға­йындап отырған компания меценаттары талғампаз өнертанушылардың саралауы­мен үздіктерді анықтады.
Бас бәйге – Досбол Қасымовқа, «Ба­л­уан Шолақ – Ғалия» картинасы үшін, (2 250 000 теңге)
Екінші орын – Қазақбай Әжібекке, «Адыраспан» картинасы үшін, (1 500 000 тенге)
Үшінші орын – Есімғали Садырбаевқа, «Қазақ хандарының жаппай аңға шығуы» картинасы үшін, (750 000 теңге)
Ынталандыру сыйлықтары әрқай­сы­сына 300 000 теңгеден жеті суретшіге:
Жақыпбек Әсетке – «Бесік орда» кар­тинасы үшін,
Ағымсалы Дүзелхановқа – «Қамбар батыр» картинасы үшін,
Бақытхан Мырзахметовке – «Абылай­ды хан көтеру» картинасы үшін,
Талғат Тілеужанға – «Баян» картинасы үшін,
Нұрлан Килибаевқа – «Жеті қазына» картинасы үшін,
Омархан Құмарға – «Батыр бабалар» картинасы үшін,
Қастеев Дәуренге – «Туған жер үшін опат болған қазақ жауынгеріне арнау» картинасы үшін  берілді.
Сондай-ақ көрмеде шығармашылық темпераменттерімен, әр қилылығымен шы­райлы көрінген, деңгей көлемімен, шы­ғармашылық ізденісін көрсете келген Ә.Бақтыгереев, Р.Құлбатыров, Қ.Чагиев, А.Шаржанов, А.Назарқұл, Қ.Каметов, Қ.Шү­кірбеков, Н.Аштема, Ж.Абдраман, С.Тайынов, Г.Сүйінбаева, М.Ведерников, Б.Қышқаш сияқты біраз суретшілердің жұмыстарынан өздерінің болмысындағы  тынымсыз ізденістердің табиғатын көруге болады. Өнер деген ұлы ұғымның алдында көңілі сезген, уақыт реңін көрсеткен жүре­гіңізге тым жақын қабылдайтын дүниелер жасаған. Бұл көрмеде ең бастысы орын алу емес.  Сталиннің заманында  бірнеше рет мемлекеттік сыйлық алған жазушылар да болған. Арзан құрмет қуып, ақырында уақыттың екшеуінен өтпей қалған. Айта­йын дегенім, орын алмаған суретшілердің ішінде Жұмақын Қайрамбаев сынды есімі мен еңбегі ел білетін шеберлер бар.
Десек те, ұлттық бейнелеу өнерін да­мы­тып, шеберлік мектептерін қалыптас­тыру үшін мұндай көрме-байқаулардың өткізілуі көңіл қуантады. Дегенмен шығар­машылық бәйгеде озып шыққан туынды­лардың бәрін де «шедевр» деуге келмейді. Себебі бәйге дегеннің өзі – шартты нәрсе. Көп дүние, сарапшылар мен демеушілердің талам-таразысына да байланысты. Қалай болған күнде де,  «Қазақ халқының эпос­тық жырлары, тарихы мен дәстүрлері»  ат­ты байқау – бұдан кейін да жалғасын таба­тын үлкен жобалардың алды болып, ұлт­тық бейнелеу өнерінің өркендеуіне кең өрістер ашатыны сөзсіз.
Ұйымдастырушы жақ бас бәйге мен ын­таландыру сыйлығына ие болған карти­наларды  өзінің жеке қорына алып, қалған екінші және үшінші орын алған жұмыстар­ды өнер мұражайларына тапсыратын болып келісті.
Жанарбек БЕРІСТЕН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, философия ғылымының кандидаты, ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста