Маңғыстау облысында балалар көне кітаптарды тауып алды

Маңғыстау облысында балалар көне кітаптарды тауып алды

Көне кітаптардың екеуінің де мұқабасы қолдан жасалып, жаны жіппен тігілген. Ескі мешіттер мен тарихи орындарды аралау Мұқағали Ербозовтың отбасы үшін жанұялық хобби болып саналады. Ол тіпті Шерқала тауы маңынан үй де тұрғызып қойған. Мақсат - өзінің кіндігінен тараған бес баласын табиғат аясында қыдыртып қана қоймай, олардың туған өлке тарихын танып білуіне жағдай жасау.
Маңғыстау облысына көктем келген бойда Мұқағали бала-шағасын ертіп алып, облыс аумағында саяхаттап шығады. Осындай кезекті сапар барысында оның үлкен қызы екі кітап тауып алады. Мұқағали Ербозовтың ойынша, табылған құнды жәдігер күнделік те болуы мүмкін. Және ол емшілерге тиесілі болса керек. Кітаптардың екеуі де матамен көмкеріліп, жіппен тігілген. Олардың көлемі 15х20 сантиметрге тең болса, ал парақшаларының беті 30-дан аспайды.
-Шайыр ауылы маңында ескі зират пен көне мешіт бар. Мен сол жерді балаларыммен бірге аралап жүріп, екі кітапшаны тауып алдық. Кітаптардың ескі болғаны соншалық біз оларды тіпті ұстауға да жүрексіндік. Ол кітаптар мен үшін қолға алған бойда үгітіліп кететіндей болып көрінді, - деді Мұқағали Ербозов.
Отбасы мүшелері кітапты парақтап оқымақ болғанда, ондағы сөздер араб тілінде жазылғандықтан не туралы екенін ұқпапты.
-Біз кітапты тауып алған жерге қалдырып кеттік. Ал аада біршама уақыт өткеннен кейін мұражайда істейтін танысыма хабарласып, кітап туралы айтқанымда ол бірден көне жәдігерлерді мұражайға тапсыруды өтінді. Себебі, ондай ескі заттар жауын мен күннің астында қала берсе, бірер уақыттан кейін күлге айналып кететінін айтты, - деді ол.
Дәл қазіргі уақытта Мұқағали әлгі кітаптарды үйінде сақтап отыр. Алайда ол кітаптардың тарихи құнының бар-жоғы әлі белгісіз. Мұқағалидің айтуынша, алдағы уақытта ол тауып алған жәдігерлерді облыстық өлкетану мұражайына апарып көрсетуді жоспарлап отыр.
«Лада» газетінің сайты

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста