Күлпәш келін "көрсетеді" әлі...

Күлпәш келін "көрсетеді" әлі...

«Шымкент шоу» әзіл сықақ театрының белді әртісі Берік Тұрсынбековты көпшілік Күлпәш келін рөлі арқылы жақсы таниды. Ең алғаш осы рөлде шыққаннан кейін бе барша жұрт оның басқа рөлдерінен гөрі осы ролін ерекше жақсы көреді. Әйтпесе Берік ауылдағы ақсақалды да, саптағы сарбазды да, сығанның да ролін сомдады. Алайда олардың барлығын да ысырып қойып көпшілік Күлпәшты ерекше атайды. Мұны Беріктің өзі де жасырмайды. «Алаш айнасының» тілшісі қазақтың Күлпәш «келінімен» сырласып қайтқан еді.
«Әйелдің рөлін «Тамашадан» бастап Құдайберген де, Бауыржан да, Уәлибек те, Жүсіп те, Жанатбек те ойнап шыққан. О баста әйелдің рөлінде шыққан соң ба, халық мені солай қабылдап үйреніп қалды. Тойға, концертке барғанда көрермен мені Күлпәш келіннің рөлінде шыққанымды қалап отырады» дейді. Өзге өңірдегілердің Шымкент десе «төбе шаштары тік тұратыны» белгілі ғой. Театрдың атауы қиындық тудырмай ма екен деген сұрақ жиі мазалайтын. Берік расында алғашқы кездері Алматыдағы телеарналарға шығу қиын болғандығын жасырмайды. Кедергінің бәрі театрдың атауына келіп тіреле беріпті. «Шымкент деген бөлек штат емес қой» деп ашуланады Берік. Неге осылай бөлектейтінін түсіне алмай қойғандығын алға тартады. Бірақ шымкенттіктерге риза болатындай өнерімізбен дәлелдеп жатырмыз дейді. Басында бәрі қос қолдап қарсы болғанымен бәрін мойындатты. Енді осындай жетістікке жетіп тұрып атын ауыстыру ойларында жоқ.
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданында дүниеге келген Берік бала кезінен әртіс болуды армандаған екен. Төрт жыл қатарынан жүріп өнер институтына түсе алмапты. Институтқа түсе алмаса да өнер әлемінде өзіндік орны бар Беріктің негізгі мамандығы – экономист. Енді келешекте Өнер Академиясының режиссерлік факультетіне оқуға түссем бе деген жоспары бар. Сөйтіп өзін өзгеше қырынан танытпақ. Әзіл сықақ театрындағы жұмысынан бөлек ол кино саласында да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келеді. Гүлжан Қалыбаеваның қолдауымен «Эх, мужики» атты кинокомедиясына түсіп, ол жарыққа шығып та үлгерді. Сонымен қатар атышулы «Бригада» фильмін түсірген ресейлік режиссердің Ауғанстан туралы фильміне шақырту алды. Парижден Жерар де Парьде мен Қазақстанның атынан өзі түсетін болғаннан кейін қорқыныш сезімінің бар екендігін де жасырмайды. Барынша сенімді ақтауға тырысатындығын алға тартты. Енді ол ауғандықтың ролінде ойнап жатса таң қалуға болмас. Келешек жоспары жайында сұрағанымызда жеке театр ашу ойында жоқ екендігін ашып айтты. «Егер шынында да қалтамыз қалыңдап, жеке іс ашуға жағдай келіп жатса, киностудия ашар едім» дейді. Өзі айтқандай бір нәрсеге қызықса қатты беріліп кететініндей шынында да оның қазіргі уақытта кино саласына көңілі қатты құлап жүрген сықылды. Кім білген, бүгінде ақсап тұрған кинокомедияларды түсіруші керемет режиссер Берік шығар. Расында кім білген? Шәкен Айманов сияқты мықты режиссер болып шығуы да ғажап емес. Біздікі тілектестік қой. Әнді де айтып, биді де түбін түсіріп билейтін Беріктің жаңа бір қыры, дұрысы екінші тынысы енді ашылып келе жатқанына сенгіміз келеді.
Кино саласы туралы да Беріктің өзіндік ойы бар. Әсіресе кинокомедия туралы. «Комедиядан ақсайтынымыз біз әдеби, мәдени тілге көп мән береміз де содан жасанды шығып жатады. Анайы сөздер қосылсын деп айтпаймын. Дегенмен сценарийді шынайы өмірге жақындау жазу керек-ау. Сонда халық та жылы қабылдайды. Одан кейін бізде фильм экранға шыққаннан кейін сынның астына алады. Көш жүре түзелмей ме? Уақытша кино саласы қиылыста тұр ғой. Қазір кино саласына қызығушылық туып, көңіл бөлініп жатыр. Оған қуану керек. Ресейде осындай дүмпу 1990 жылдардың басында болған. Олар сапасы болмаса да телесериалдар түсіріп, өз әртістерін жарнамалап үлкен іс бастады. Осындай шоу бизнестің сеңі бізде де қозғалды деп айта аламын».
Көрерменін күлкіге қарық қылып жүрген талантты әртіс бүгінде жары Қарлығаш екеуі үш ұл тәрбиелеп отыр. Қарлығаш та «Шымкент шоу» театрының белді әртістерінің бірі. Екеуі де тағдыр айдап осы театрдың табалдырығында танысқан екен. Содан бері жұптары жазылмай, өнер атты айдында бірге жүзіп келеді. Тұңғыштары Азамат алты жасында-ақ сахнаға шыққан. Тұнып тұрған талант десе де болады. Қазірдің өзінде пародия жасап, асабалық етуді қатырады. Ата-анасы келешекте балаларымыз өнер жолын таңдаса бөгет болмаймыз деп отыр. Бірі үйдің егесі, бірі шегесі - Берік пен Қарлығаш расында жарасымды жұп. «Бір отбасында екі адамның да бір кәсіптің тұтқасынан ұстауы қиындық тудырмай ма?» деген сұрағымызға Қарлығаш: «Өрелі өнердің жалынан ұстап, жолын қуу нәзікжандыларға ауыр соғары анық. Бұл жағынан алғанда менің жолым болды деп есептеймін. Өйткені өнерімді бағалайтын отағасы бар. Екеуміз тез түсінісеміз. Қатты кеткен жеріміз жоқ. Екеуміздің өмірге, өнерге деген көзқарастарымыз бір. Әрбір рөліміз сіресіп қалған сеңнің тоңын жібітіп, ойға қалдырса онда ерлегеніміз. Өнерде де, өмірде де бар қиындықты бірге жеңіп, тіресіп, күресіп, биік белестерді бағындырып жатсақ онда екеуміздің де үлесіміз бар. Қосылған қос өзен секілденіп, жарасып жүрген жайымыз бар» дейді.
Көрерменнің көзайымына айналған Беріктің болашақта іске асырсам деген жоспарлары жетерлік. Тек оны әзірге жария етуді жөн санамайды. Алар асуы алда. Біздікі талант иесі тоқырап қалмай, тек биіктен көрінсе деген игі тілек қана...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста