"Күйеуім - қазақ": ВиаГра тобының экс-солисі Қазақстанға не үшін келгені, қазақтың тойына шығу, тоқал болу жайлы айтты

"Күйеуім - қазақ": ВиаГра тобының экс-солисі Қазақстанға не үшін келгені, қазақтың тойына шығу, тоқал болу жайлы айтты

Ресейлік ВиаГра тобының экс-солисі танымал әнші Эрика Герцег Қазақстанға көшіп келген. Елге көшкеннен кейінгі шығармашылығы мен мансап жолы, қазақ күйеуімен ара қатынасы, отандық лейблмен жұмысы жайлы әнші сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Эрика Герцег - украиналық әнші, ұлты - венгр. "ВиаГра" танымал поп музыка жанрында өнер көрсететін топта 7 жыл ән шырқаған. 

 Соңғы сұхбаттарында Эрика Герцег Алматыға көшіп келгеніне бір ай ғана болса да, ұзақмерзімді жоспарлары бар екенін жеткізген еді. 

"Кездесулерім көп. Күнде жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс тәртібім күрделі, мұндай қысылтаяң тек осыдан 4-5 жыл бұрын болған. Бастапқыда қиын болғаны рас. Алайда Қазақстанда адамдар тарапынан қонақжайлылық пен мейірімділікті сезінемін, осылайша шаршағаным басылады", - дейді әнші.

Әнші қыз Қазақстанда өзін ерекше жайлы сезінетінін айтқан.

"Қазақстанға келер алдында мені Венгрияға Х-факторға әділқазы болуға шақырды. Содан кейін Мәскеуде шығармашылығысмды жалғастырмақ болғанда клиптерімнің, әндерімнің ойдағыдай шықпай жатқанын түсіндім. Осылайша, Қазақстанға келдім", - дейді ол.

Айтуынша, оның күйеуі - қазақ. Олардың қарым-қатынасына үш жыл болған. Алайда заңды некеде тұрмаған. 

"Күйеуіммен үш жыл бұрын іс-шарада таныстық. Бірден тіл табысып кеттік. Кейде біреуге қарап өз адамым деп ойлайсың. Мені ішкі түйсігім алдамады. Мен онымен бірге бақыттымын. Күйеуім менің өмірімдегі ең қымбат адам. Ресми түрде күйеуім болмаса да, маған оны осылай атау үшін құжаттағы штамп қажет емес", - дейді ол. 

Айтуынша, екеуінің жас айырмашылығы - 1 жас. Өзі сымбатты, талантты, кәсіпкер ер адам.  

"Екінші әйел болу деген нәрсеге қарсымын. Өте қызғаншақ адаммын. Таңнан кешке дейін маған жазады. Екеуміз сөйлеспей ұйықтамаймыз. Ұзақ смстер жазып, махаббатын білдіріп жатады. Ара қатынасымызға үш жыл болды. Күйеуім маған сенеді, сондықтан да менің қасымда", - дейді ол. 

Әншінің сөзінше, Қазақстанға күйеуімен бірге келген.

Өзі жайлы тараған қауесетке қатысты Эрика былай дейді:

"Бұл жаңалықтарды естігенде күйеуім екеуміз ұйықтайын деп жатқанбыз. Қатты шошып жылап жібердім. Жуынатын бөлмеге барып, терең тыныс алдым. Күйеуімнен көңіл-күйімді жасырмақ болғанда, ол бәрін түсініп қойды. Не болды деп сұрады. Отбасыңда проблема болып жатыр ма? деген сынды сұрақтар қойды. Сары басылым мен жайлы жазып жатыр дедім. Көрсетуін сұрады. Қарап, оқып шығып: Пиар! Қуансаң болады, саған тегін пиар жасап жатыр. Отырған орныңда жарнама болды деді", - дейді Эрика Герцег. 

Қазақстанға келіп ұлттық тағамдарды үйренгісі келіп жүргенін де әнші жасырмады. 

"Украиналық борщь пен вергерлік гуляшты өте дәмді әзірлеймін. Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйренемін деп шешкен болатынмын. Енді қазақтың бешбармағын жасауды үйренемін. Маған жылқының етімен ұнайды", - дейді ол. 

"Екі елдің менталитеті әртүрлі болғанымен, бәрімізді Құдай әртүрлі етіп жаратқан және бұл қалыпты нәрсе. 

Орыс тіліндегі акцентіме қатысты көп адам шағым айтып жатады. Мен тілді үйреніп жүрмін, достар. Ал әннің текстін алдын ала жаттап аламын", - дейді ол. 

Эрика Герцег әндерін алдағы уақытта қазақта шырқауға қарсы емес екенін жеткізді. 

"Бір әнімнің жартысын қазақ тілінде жазамын деп шештім. Сондықтан күтіңіздер. Жаңа әнімде венгерлік тіл бар. 

Әзірге қазақстандық әншілермен бірлесіп айту жайлы нақты шешім қабылдаған жоқпын. Бірақ маған Димаш Құдайбергенов қатты ұнайды. Себебі ол нағыз әртіс", - дейді ол. 

Сондай-ақ, Эрика Герцек өзінің тойға шығуға қарсы емес екенін айтты. Сөзінше, оның ауылында да қазақтың ұлан-асыр тойлары сияқты 800 адамдық тойлар жиі өтеді. 

 stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста