Кәмшат ашық-шашық көйлегі үшін көрерменнен сөз естіді (фото, видео)

Кәмшат ашық-шашық көйлегі үшін көрерменнен сөз естіді (фото, видео)

 “Таңшолпан” ақпараттық-сазды бағдарламасына қонаққа келген Кәмшат Жолдыбаеваның ашық көйлегін студияға хабарласқан көрермен тікелей эфирде сынап тастады.

Мұндай пікірді мүлдем күтпеген Кәмшат алғашында не айтарын білмей, тосылып қалды, алайда бағдарламадан соң, әнші әлеуметтік желіде өз пікірін жазды.

“Тікелей эфирде сын айттым деп, төбесі көкке жетіп отырған аруға айтарым : Алмагүл ханым, мүмкін сіз өмірде қымтанып киініп жүретін боларсыз және соны адамның жан-дүниесінің , сауаттылығы мен имандылығының көрсеткіші деп білетін боларсыз. Сіз қателесесіз! Бұл Сіздің жеке тұлға ретінде ой-өрісіңіздің төмендігін көрсетеді”, – дейді әнші.

“Біле білсеңіз (білмеген болсаңыз, өзіңізге түртіп алыңыз), бұл сахна киімі (соның ішінде, отандық дизайнеріміздің керемет заманауи туындысы), бұл біріншіден. Екіншіден , заманауи эстрадаға деген мынадай көзқараста болсаңыз – теледидары, әлеуметтік жүйесі жоқ бір бөлек жерде мекен етіп жатсыз-ау… Бірақ теледидарыңыз болу керек , өйткені бүгін бағдарламаны көрдіңіз ғой!”, – деп ойын білдірді Жолдыбаева.

Әнші Instagram парақшасында бағдарламаға киіп келген көйлегімен ән шырқап тұрған сәттен үзінді жариялады.

Ал видеоны көрген ғаламтор қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Кәмшаттың сұлу мүсінін мақтап жатса, енді бірі қазақ қызының ұстамды киінуі дұрыс екенін айтуда.

Айта кетейік, әнші Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта ашық көйлектерімен жанкүйерлер сынына жиі ұшырайтын әнші бойжеткендердің бірі.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста