Кальянидай ене болу қайда?..

Кальянидай ене болу қайда?..

Қазіргі кезде қай келін енесін мақтап, жақтап, шаң жуытпай отырады?.. Бір шаңырақта тұратын ене мен келіннің тату болуы жүз отбасында біреу болмаса, көбінесе енесінің көңілінен келіні шыға алмайды, келінге енесі ұнамайды. Сонда бірінің баласы, бірінің жары – ер азаматқа не істеу керек? Екі оттың ортасында қалған жігіттің әйелі мен баласы үшін анасынан бас тартатынын сирек. Отбасынан ажырасқан қыз-келіншектердің көбі күйеуін қимаса да ата-ененің түртпегінен шаршап ажырасқандарын айтып жатады. Сонда баласын отбасынан айыру кімге абырой немесе өз күйеуін ата-анасына қарсы қойғаннан келін не ұтады? «Алаш айнасы» осы мәселеге ой жүгіртіп көрген еді.

Енем баласын менен қызғанады...
Айнаш: – Менің енеммен бірге тұрып жатқаныма 32 жыл болды. Күйеуім енемнің тұлабойы тұңғышы. Одан басқа 6 баласы бар. Бірақ енем үшін басқа балалары бір төбе, менің жолдасым Талғаттың орны бір төбе. Атам ертеректе қайтыс болған. Ол кезде күйеуім 17 жаста екен, кен;е інісі бір жастан енді асқан. Талғат ерте есейіп, анасынан болысып, бауырларын жетектеп жүріп жеткізді. Арақ ішпейді, темекі шекпейді.Жолдасым екеуміз бір-бірімізді сүйіп, 4-5 жыл жүріп үйлендік. Екеуміз алғаш үйленген кезде бәрі тамаша болды. Бірақ уақыт өте келе енемнің менен баласын қызғанатынын байқайтынмын. Әңгіме арасында «менің балама сұлу келіншек лайықты еді, сен пысық емессің, білімді болғаның кімге керек, тамақты дұрыс пісіре алмайсың» деп шымшып отыратын. Баласына дәмділеп тамақты өзі жасап береді, біздің тұңғышымызды өзі бауырына салып өсірді.Бірде өзі базардан керемет алмалар алып келді. Иісі мұрын жаратын қып-қызыл алмаларды Талғатым жақы көреді деп, ешкімге бермей тығып қойды. Кешке баласы келгенде ең әдемі алманы Талғаттың алдына қойды. Ал Талғат болса алманы менің алдыма қойды. Ол кезде менің аяғым ауыр еді. Сонда енем баласына қатты ренжігені есімде. Бірақ менің енем мені ұнатпаса да баласының таңдауы болғандықтан уақыт өте келе мені түртпектегенін қойды. Қайта үй шаруасын өзі тындырып, баласына барынша жағдай жасап тұратын. Мен жұмысбасты болғандықтан балаларымызды да өзі өсірді.

Отымен кіріп, күлімен шықсам да, енеме жақпай-ақ қойдым...
Маржан: – Мен енемнің кесірінен күйеуімнен ажырасып тындым. «Отырсам опақ, тұрсам сопақ болып» енеме жақпай-ақ қойдым. Үйдің тірлігін жасап, баланы да туып, жұмыс істеп жүрсем де, енем жоқ жерден пәле шығарып мені күйеуіммен ұрыстырып, аяғында өзі түк білмегендей шыға келетін. Бірнеше жыл енеме сөз қайтармай, жақ ашпай шыдадым. Бірақ төзімнің де шегі бар екен, уақыт өте келе бетіміз ашылып кетті, бет жыртысып ұрсысатын болдық. Мені балағаттайтын, жақтырмайтын адамның баласымен тұра алмайтынымды түсініп кетіп қалдым.

Енем балаларымды сыйғызбады....
Сәния: – Менің енем өте балаға суық адам. Өзінің жанын күтіп, бапталып отырады. Мен тұрмақ өз балаларына жылу, мейірім бере алмаған ана. Оны күйеуімнің өзі мойындайды. Баласының тамағын жасау, киімін жуу, үтіктеу, ауырса дәрісін беріп, мейірімін төгу барша анаға тән қасиет емес пе, ал менің енем «мен екі баламды бақтым-қақтым, олар бала кезінде мені әбден шаршатқан, осыларды туып, жеткізем деп денсаулығымнан айрылдым» деп баладан азар да безер болады. Немерелерінің улап-шулап ойнағанын көтере алмайды. Келін болып түскенде ол кісі маған үлкендік танытып, білмегенімді үйреткен емес. Бар айтатын сылтауы – «сен келінсің, осы үйдің тірлігі сенің мойныңда, кезінде біз бәрін жасағанбыз» деген сөзі. Балаларына аналық жылу сыйлай алмаған адам қандай ене болып жарытады дейсіз?...

Дәл осы секілді пікірлерді топырлатып жаза беруге болады. Ғаламтордағы ене мен келінге байланысты форумдарды ашып оқысаңыз мұндай пікірлердің небір сорақысын кезіктіресіз. «ВК» әлеуметтік желісіндегі «Әйел құпиясы» деп атаатын топта қыз-келіншектер өздерінің енесіне қатысты мұңдарын шаққанын оқып, біздің қазақтың енелеріне не көрінген деген ойда қалдық. Ене – ол ана, біреуге сіңілі, біреуге әпке, енді біреуге әже емес пе?
«Қазақстан» арнасынан бірнеше жылдан бері үзбей көрсетіліп келе жатқан үндінің «Келін» телесериалын көріп отырсаңыз Кальяни атты әжейдің келіндері оның алдында құрша жорғайлайды. Тіпті қазіргі қыздар бір-бірін: «Кальянидей енең болсын» деп қарғайтын көрінеді. Біздің ақ жаулықты апаларымыз сол Кальяниге еліктеп, келіндерін ашса алақанында, жұмса жұрдығында ұстағысы келетін болу керек. Бірақ біздің енелерге Кальянидей болу қайда? Ол үшін алдымен ұл мен қызды кішкентайынан үлкенді сыйлатып, айтқанын екі етпейтіндей етіп тәрбиелеу керек емес пе? Ал ондай тәрбиені үлкендер сөзбен емес, іспен көрсеткені абзал. Біздің енелер әділеттілік дегенді біле ме екен? Егер білсе, өзінің қызы біреудің үйіне келін болса, емін-еркін жүруі керек те, біреудің қызын өзі келін қылып алса, күңше жұмсауы керек пе?Өз қызына жақсы тәрбие бере алған ана, келінін де тәрбиелеуге құдіреті жетеді. Ананың мектебінен, ененің институтынан өткен қыз-келіншектерден инабатты келін шықпай ма? Келін енесінің жанарынан жасқанса, алдында именсе, бұл – құрмет. Бірақ ене келінді балағаттап, даттаумен өзіне деген сыйластықты арттыра алмасы анық. Ананың тәрбиесін алған зейінді, зерделі қыз енесінен білмегенін үйренуге тырысады, отанасы болуға талпынады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» болмай ма? Сіз қалай ойлайсыз,жас келін өз күйеуін ата-анасына қарсы қойғаннан не ұтады?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста