«Ярыштың» таңбасы елге оралды

«Ярыштың» таңбасы елге оралды

Қазақстандағы алғашқы футбол командасы «Ярыштың» таңбасы атамекенге оралды. Тарихи белгіні команда капитаны Юнус Нығматуллиннің жиен қарындасы Рәмиса көзінің қарашығындай сақтап келіпті. Осыдан 8 жыл бұрын Германияға көшкенде құнды жәдігерді өзімен бірге алып кеткен. Қазанның 8-і күні бір ғасырлық тарихы бар таңба қазақ футболының отаны – Семейге, дәлірек айтсақ, қаладағы татар қоғамдық-мәдени орталығының мұражайына тапсырылды.

Эмблеманы Рәмиса Нығматуллинаның өзі Германиядан әдейілеп алып келіпті. «40 жылдан артық сақтап, өзім қайда көшсем, сонда бірге алып жүрдім. Бірақ бұлай сақтағанмен өмір өтіп барады. Егер шетелде қалып қойса, жәдігер бұл жақтағыдай бағаланбас еді деп ойлаймын», – дейді ол.

Белгі алғаш рет «Ярыш» командасы пайда болғанда әдейілеп қолдан әзірленіпті. Оның дәл ортасында арабша «Ярыш» деп жазылған. Шыққанына 100 жылдай болған таңбаның маңайындағы алқызыл түсті жібек матасы ескіріп, ақшыл тартыпты.

«Ярыш» командасының құрылғанына төрт жылдан кейін тура бір ғасыр толады. Топ құрамында қазақ, татар, өзбек ұлтының спорт шеберлері болған. Команда капитаны Юнус Нығматуллинмен бірге қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов те теңбіл доп тепкен. Ол кезде қазақтың біртуар ұлы Семейдегі 5 кластық училищеде оқып жүріпті. «Мұхтар Әуезов және спорт өнері» кітабының авторы Өмірзақ Сембайұлының айтуынша, команда құрамында қазақтың қаймақтары, яғни зиялы қауым өкілдері өнер көрсетіпті. Олардың көбісі сол тұста болған Азамат соғысы кезінде қаза тапқан.

Қазақ футболының жанашырлары үшін Рәмиса Нығматуллина баға жетпес тарту жасады. Мұражай қызметкерлері болса құнды жәдігердің елге оралып, мәдени орталықтың төрінен орын алғанына дән риза. «Енді жұрттың көбі осы таңбаны көру үшін мұражайға соқпай өтпесіне кәміл сенімдіміз», – дейді олар. Осылайша қазақ футболының тарихы мен сырын ішіне бүгіп тұрған көне таңба жас ұрпаққа аманат болып қалмақ.

Рәмиса Нығматуллина:

– Мен эмблеманы ертерек әкеліп тапсырмаққа бел байладым, бірақ шыны керек, оған дайын болмадым. Тіпті Мұрат Әуезовтің өзі маған: «Алматыдағы мұражайлардың біріне әкеліп тапсырыңыз»,– деп еді. Оған мен көп ойланып-толғанып, ақыры Семейге әкелуді шештім. Семейдің тарихынан сыр шертетін таңба өз елінде болғаны дұрыс деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін әкеліп тапсырмауымның тағы бір себебі, шыны керек, қимадым. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мирас болған құнды дүниені уысымнан шығару өте қиынға соқты. Қазір жаным тынышталып, жай тапқандықтан әдейілеп сырлы Семейге келіп, осы мұражайға табыс етіп тұрмын.

Өмірзақ Сұлтанов, жазушы, Шәкәрім атындағы СМУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ғылым кандидаты:

– Мен өз еңбегімде команда мен оның құрамындағы жалынды жастарды атап көрсеткенмін. Онда қазақтың ойшылы Мұхаңның ойнағаны – ерекше айтылатын дүние. Ал команда капитаны болған Юнус Нығматуллиннің Ләйла деген қарындасы болған. Ләйла әжей осыдан екі жылдай бұрын 90-нан асып Семейде көз жұмды. Эмблема, негізі, сол кісінің қолында болған. Ол кісі дүние салар шағында таңбаны қызы Рәмисаға қалдырыпты. Соған қоса «Ярыш» командасында болған Әміржан Ситықов ғылым кандидаты, ғалым болған. Қасымхан Мұхамедов деген кісі ғылым жолын қуып, кейін Ташкент қаласында ғылыми қызметкер болған. Негізі, команда құрамында өңкей сол заманның жанып тұрған мұсылман жастары болған. Көбісі – татар ұлтының балалары. Қазақ жастары саусақпен санарлық десе де болады. Олардың кейбірі мұғалім болса, кейбірі өндіріс саласында осы Семейде қызмет атқарған. Тіпті олардың ішінде М.Әуезов жайлы естеліктер жазып қалдырғандар да бар.

Шаукат Файзуллин, Семей қаласындағы Татар мәдени орталығы мұражайының жетекшісі:

– Бізде «Ярыштан» қалған жалғыз ғана сурет болған еді. Басқа материалдар мүлде жоқ болатын. Енді мұражайға жаңа жәдігер, яғни «Ярыштың» эмблемасы қосылды. Бұл – біз үшін зор мақтаныш. Команданың 100 жылдығында дүйім жұртшылыққа мақтанып тұрып көрсететін боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста