Ержан Нұрымбет, актер: Нағыз актер болу үшін театрда жұмыс жасау керек

Ержан Нұрымбет, актер: Нағыз актер болу үшін театрда жұмыс жасау керек

Ержан Нұрымбет – Қазақстанның кино және драма актері. 2007 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет атқарып келеді. Қалың жұртшылыққа «Сардар», «Келін» тағы басқа фильмдер арқылы танылып жүрген Ержан ағамызбен сырласып көрген едік.

– Ержан аға, сұхбатымызды өзіңіз қызмет жасап жүрген театрдан бастасақ. Қазіргі таңда театрдың жағдайы қандай деңгейде?
– Мен қазір Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрда қызмет атқарып жүрмін. Театрда 50-ден аса актер бар. Өзіммен иық тіресе жұмыс істеп келе жатқан Нүркен Өтеулов, Қуандық Қыстықбаев, Сырым Қашқабаев сияқты актерлермен мақтанам. Актерлер ол сол заманның жаршысы ғой. Репертуарымыз классикалық, қазіргі драматургияға да бай. Алайда театрымыз бастыққа емес емес, басшыға кенде болып отыр. Әрине өткен күнді аңсап отырғам жоқ, бірақ Е.Жуасбек басшы болып тұрған уақытта театрымызда үлкен шығармашылық жетістіктермен, талпыныстар болды. Шығармашылыққа көп бөлінді.
– Театрда қызмет жасап жүргеніңізге қанша уақыт болды? Қанша рет басты рөлдерде ойнадыңыз? Өзіңіз сомдаған рөлдеріңіз көңіліңізден шыға ма? Әттеген-ай деген сәттеріңіз болды ма?
– Менің актер болып қызмет еткеніме қазір 14 жыл болды. Осы 14 жылдың ішінде әрине санап көрмеппін, бірақ спектакльден бос уақытым болғаны өте аз. Кішкентай рөл болмайды, кішкентай актер болады демекші, бірақ мен барлық спектакльдерде басты және негізгі кейіпкерлерді сомдадым. Әрине барлығын керемет ойнадым деп айта алмаймын, олай айтқан күні актердің тоқтағаны ғой деймін, әр ойнаған рөліңді зерттей берсең, ойлана білсең, неше түрлі қыры шыға береді, тіпті шегі жоқ деуге болады. Менің өз-өзіме көңілім толған емес, кейде дайындықта шықпаған рөліңнің қырлары көрерменнің алдында сәтті болып жатады. Кейде жақсы сәттерді көрерменге сол деңгейде жеткізе алмай жатамыз. Ондай кезде өзіңде жерден алып жерге саласың. Экраннан өзімді көру мен үшін тіпті қиын... Жасаған рөлдерімнің сәтті болғанына көрермен төреші ғой.
– Болашақта кімдердің образдарын сомдағыңыз келеді? Армандап жүрген рөлдеріңіз бар ма?
– Арман көп. Армансыз адам, армансыз актер жоқ шығар. Ойнасам деп армандамаймын, сол ойымдағы рөлді жасауға өмір бойы дайындалып келем. Миымда сан пісіріп, мың ойланам және мақсатыма Алла қаласа жетемін деп ойлаймын.
– Театрға еңбегімді сіңірдім деп ойлайсыз ба?
– Мен оны айталмаймын, оған халық бағасын берер. Мен тек өнерге қызметші ғанамын. Өз ісіне адалдықтың өзі жаныңа бір жылылық ұялатады ғой.
– Сонымен қатар кино актерісіз... Жаныңызға қайсы жақын? Театр ма, кино ма?
– Кинода жүргенде театрды, театрда жүрсем киноны сағынамын. Екеуін бөле жармаймын. Театр – ол актердің нағыз жан-жақты ашылатын жері ғой. Нағыз актер болу үшін театрда жұмыс жасау керек деп ойлаймын.
– Осы кезге дейін қанша киноға түстіңіз?
– Түскен кином көп емес, 10-ға жуық.
– Сізді ашқан қандай кино? Ержан Нұрымбет деп халыққа танытқан... Былайша айтқанда бойтұмарыңыз?
– Менің ең бірінші түскен кином «Сардар». Режиссері Болат Қалымбетов, ол кезде тәжірибемізде аз, киноға түсем-ау деген ой миға кіріп шықпаған. Киноға солай келдім. Кейін сол фильм шыққан соң, Қуандық екеумізді Сардарлар деп атап кетті.
– Елді біраз шулатқан «Келін» фильміне түстіңіз... Сол кинода басты рөлдердің бірін сомдаған Гүлшарат Жұбаева біраз сынға ұшырады. Сіз елеусіз қалдыңыз. Жалпы осы фильм туралы сіздің пікіріңіз қандай?
– Иә, «Келінге» түстім. Мен елеусіз қалғам жоқ, киногерлердің актерлік ойыным үшін жақсы пікірлері бар.
– Гүлшарат Жұбаева фильмге түскеніне өкінетін айтыпты. Сіз өкінбедіңіз бе?
– Мәселе өкіну, өкінбеуде емес. Өкінген күнде пайда жоқ. Кино да өмір сияқты, қайтадан орнына әкеле алмайсың.
– Осы фильмді отбасыңыз, туыстарыңыз қалай қабылдады?
– Туысым, отбасым менің жұмысым деп қабылдады.
– Біздің актерлерге шынайылық жетіспейтін сияқты. Көп жағдайда жасандылық байқалып тұрады. Ал, ресейдің актерлері жылайтын кезде жылатады, күлдіретін жерде күлдіреді. Сонда бізге не жетіспейді?
– Актерлердің шынайылығы туралы мен тек өз-өзіме жауап берейін. Мен қандай рөл ойнасамда бар болмысыммен, ақыл-парасат, жүрегіммен шынайы жасауға тырысам.
– Бір сұхбатыңызда ән айтам депсіз. Әнші болатын ойыңызда жоқ па?
– Мен опералық әнші болғым келген. Оған мүмкіндігім де болды. Бірақ бұйырмапты. Қазір енді Құдайға шүкір қазақта әнші көп қой.
– Қатарластарыңыздан актер ретінде кімдерді мойындайсыз?
– Мен мойындайтын шын мәніндегі талантты жігіттер Нүркен Өтеулов, Қуандық Қыстықбаев, Сырым Қашқабаев сынды керемет актерлер бар. Расында да өз істерінің шеберлері деп есептеймін. Мен осы театрға келгенде соларға қарап өзіме қамшы салдым.
– Болашақ жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз?
– Болашақ жоспарым әзірге құпия.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Лариса Жұмай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста