Отандық танымал әнші Айдана Меденованың енесі келінінің үй шаруасына жақсы екенін, ас әзірлеуде бесаспап екенін айтып мақтады. Келіні бешбармақты әзірлеуде алдына жан салмайтынын, қамырын да өзі даярлайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдызды weekend" бағдарламасына сілтеме жасап.
Енесінің айтуынша, Айдана Меденова келін боп түскелі тұрмыс-тіршіліке бірден араласып кетті. Ас үй шаруасына қолғабыс жасап, кейін ештеңеге қарамастан барлығын бір өзі тындырып әкеткен. "Бешбармақты жақсы істейді. Нанын өзі жаяды, сатып алғанды, дайын дүниені ұнатпайды", - дейді анасы.
Жаңа отбасына үйренісу, Айдананың ә деп келін болғандағы көрген қиыншылығы туралы қойған жүргізуші сауалына енесі ондай жағдай болмағанын, бірден сіңісіп кеткенін айтты. Келін ретінде барлық міндетін жақсы орындайды, балаларының да барлығының көңілін таба білетін жан ретінде сипаттап берді.
"Танымал келіні" бар ене біреу-міреу сұрамаса әдейілеп мақтанбайтынын тілге тиек етті. Айдананың өзі де енесінің шоу-бизнеске мүлдем қызығушылығы жоғын қостады.