Белгілі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімованың «Әлем ханымы» атанғанына күмән келтірді
Белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай өзінің facebook парақшасында Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы-2020» байқауында жеңіске жетті деген ақпаратқа қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Асхат мырзаның жазуынша, Әбдікәрімованың жеңіске жеткені туралы ақпарат тек отандық сайттарда ғана жарияланған.
«Mrs. Universe 2020 ға қатысты...
Кешелі бері осы байқауға Қазақстаннан қатысқан Жұлдыз Әбдікәрімова бас жүлдені жеңіп алды деген ақпаратты оқып жатырмыз. Қуаныштымыз. Құтты болсын!
Бірақ... Жаңалықтар жазатын шетелдік сайттарды ақтарсам, бұл ақпарат тек қазақстандық сайттарда ғана жарияланған. Ресейліктер өз елдерінен қатысқан үміткер жеңді деп жазыпты.
Түсініксіз. 
Қайбір жылы Францияда өтетін &ldquoIntervilles&rdquo - &ldquoНамыс дода&rdquo халықаралық тв додасына барған біздің елдің командасы бас жүлдені жеңіп алған ғой. Ресейде ол шоу &ldquoБольшие гонки&rdquo деген атаумен &ldquoПервый каналдан" көрсетілетін. Сөйтіп финалда бәрі Қазақстанды құттықтап, шампан атып, кубокты тапсырып аяқтаған. Бәрі біткен соң ресейлік әріптестер кубокты сұрап алып Ресей жеңді қылып, өздеріне басқаша түсіріп алған. Бір ойын, бір кубок, әртүрлі нәтиже мен әртүрлі жеңімпаз))). 
Ал, енді мынау ханшайымдар сайысында да сондай бірдеңе болмаған шығар?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 
sn.kz