Бейбарыс есімі араб жұртының санасына аңыз болып сіңіп, құлағына қорғасын болып құйылып қалған

Бейбарыс есімі араб жұртының санасына аңыз болып сіңіп, құлағына қорғасын болып құйылып қалған

Рақымжан ОТАРБАЕВ, жазушы, драматург:

Тән адамның пәни дүниедегі кебіні ғана десек, онда ол, яғни тән құлдықта бола ма, жоқ, өзі туған өлкеден шалғайда жүре ме, маңыздысы – жанның азаттығында. Себебі жанын азат, рухын өр сақтай білген адам түбінде өз мақсатына ғана емес, биік мәртебеге де жететіні сөзсіз. Бұған бір ғана мысал – қасиетті Бейбарыс бабамыз. Дешті Қыпшақ жерінде туған айбынды ұлан небары он жасына дейін ғана туған топырағын басып, тұнық ауасын сіміре жұта алса-дағы, құлдыққа сатылғаннан кейін де оның азат рухын ешкім таптай алған жоқ. Осылайша бір кезде «қара табан құл» болып барған қыпшақтың өр ұланы көп ұзамай мәмлүк жерінің кемеңгер билеушісіне айналды. Алайда ол соншалық жанкешті күрескерлікпен жеткен патша тағы мен хан сарайын бір-ақ нәрсеге ойланбастан айырбастауға даяр еді, ол жусан иісі аңқыған туған жердің топырағы болатын.
Таяуда М.Әуезов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық драма театрында «Бейбарыс сұлтан» атты жаңа туындының тұсауы кесілді. Көптен бері қойылған шығармалар арасынан көзге жас үйіріп, жүректі тебіренткен қойылымның әсерінен арылмаған күйі біз осынау тарихи драма авторы, белгілі жазушы, драматург Рақым­жан Отарбаевпен сұхбаттасқан едік.
– Рақымжан аға, Алаш жұртынан сүйінші сұрарлықтай жақсы туынды дүниеге келіпті. Ол үшін сізге рақмет және аяқ алысы құтты болсын дейміз. Ал енді, айтыңызшы, Бейбарыс сұлтан бабамыз жайлы тұтас туынды жазуы­ңызға не түрткі болды? Жалпы, бұл тақырыпқа қалай келдіңіз?
– Мұны мен осыдан 13 жыл бұрын жазғанмын. Жалпы, бұл былай болды: 2000 жылы Иманғали Тасмағамбетов Аты­рауда әкім болып тұрған еді. Содан бір күні ойламаған жерден мені өзіне ша­қыртты. Сөйтті де: «Сіз кәсіби драматургсіз ғой, Бейбарыс бабамыздың 775 жылдық тойына орай Атырауда бабамыздың ескерт­кішін қойғалы жатырмыз. Сізден көмек болсын, Бейбарыс жайлы жақсы бір пъеса жазсаңыз», – дегені. Сондықтан бүгін қандай да бір жақсы шығарма дүниеге келсе, оған менен бұрын ұйытқы болған – Иманғали Тасмағамбетов. Әйтпесе, шыны керек, мен Бейбарысты зерттеп жүрген адам емес едім. Ал содан мойныма үлкен жауапкершілік жүгі артылды. Сондықтан «жақсылап жазу керек» деп, мен шығарма­шылық ізденіске кірісіп кеттім. Жазбас бұрын алдымен Мысырдағы Бейбарыс бабамыздың ізі қалған Каир, Александрия қалаларын араладым. Каир қаласында күні бүгінге дейін 240 мың студенті бар әл-Ақсар мешіті бар. Соны бір кездері біздің ержүрек бабамыз Бейбарыс сұлтан сал­дырған. Сондай-ақ Каирдің Ұлттық кітапханасында бабамыздың 3 мың беттік еңбегі жатыр. Жалпы, Бейбарыс сұлтан есімі араб жұртының санасына аңыз болып сіңіп, құлағына қорғасын болып құйы­лып қалған. Жалпы, Мысырды Мәмлүк сұлтандары 300 жыл билеген ғой. Соның ішінде ерекше құрметпен ата­латындары – Қайтпай, Қалауын, Бейбарыс. Әсіресе Бейбарыстың есімін неліктен арабтар алдыңғы екеуінен де жоғары қояды? Неліктен бір емес, тұтас сегіз ғасыр бойына ол есімді әуез қылып ай­тады. Себебі... Тағдырдың қызығын қара­ңыз, өзі моңғол­дың тұтқынына түсе тұра, төрткүл дүниені жаулап, жайпап келе жатқан моңғол қоңтайшысы Құбағұлдың қалың қолын дәл Мысырға келген кезінде тас-талқанын шығара жеңіп, араб әлеміне кіргізбей қойған Бейбарыс! Оның осы бір ғана ерлігінің өзі араб халқының өле-өлгенше қастерлеп өтуіне жеткілікті. Себебі Бей­барыс күллі араб әлемін, мұсылман жұр­тын моңғолдың құлдығынан құтқарып қалды ғой. Екіншіден, әлем тарихынан білесіздер, Крест жорығы деген болды. Людовиг ІХ бастаған француз әскері Мысырға келген кезде, тоғыз мемлекетті кесіп өтетін алып Ніл өзенін байлап, осылайша жер-әлемді тітіренткен крес­шілерді түгел суға батырып, ешкімге бас имеген королі Людовигтің өзін тұтқынға алған да – Бейбарыс. Ол тектен-тек сұлтан болған жоқ. Бейбарыс Жарату­шының өзі солай жаратқан ұлы әскербасы, жаужүрек батыр. Әйтпесе, әдейі мұсылман әлеміне қарсы бағытталған Крест жорығын ешкім ауыздықтамағанда бүгін мына біздер кім болар едік? Басқасын айт­пағанда, осы екі ерлігінің өзі-ақ – Бейбарысты мәңгілік қастер тұтуға жетерлік себеп.
– Бейбарыс бабамыз әскери қолбасшы ғана емес, ұлы реформатор болған десеңізші...
– Иә, тұтас өркениетті тудырған тұлға ғой. Айта берсек, Бейбарыс сұлтанның қолымен атқарылған іс көп. Бабамыз Мы­сырда үлкен мешіт салдырды. Онымен ғана шектелген жоқ, жалпы, имандылық жолын нығайтуда айтарлықтай ұлы істерді жүзеге асырды. Арабтар Ислам діні келгеннен кейін де бірден имандылық жолына түсіп кете қойған жоқ. Қараңғылық пен надандықтың бір ғана дәлелі – олардың арасында Ислам келгеннен кейін де дінді мойындамағандары, екі ғасырға дейін дүниеге қыз бала келсе, жерге көміп тастайтын жантүршігерлік іс-әрекеттерін доғармағаны. Соған қатаң түрде тыйым салып, ол тыйымға мойынсұнбағандарды жазалау арқылы қыз атаулыны жерге көмуді тоқтатқан да – Бейбарыс. «Ұлы сөздің ұяты жоқ» деген, арабтарда бұрын әкесі өлсе, өгей шешесін балалары алатын болған. Бейбарыс сұлтан болған тұсында осыны тоқтатқан, сондай-ақ монша сал­ғызып, канал қаздырған, ал бұл өз кезе­гінде елдің отырықшы өмір салтына көшіп, егін салуына зор ықпал еткен. Салдырған моншасының кесімді бағасы болмаған. Кімнің қолында қанша ақшасы бар, соны тастайды да, тазаланып шығады. Ал біле-біл­генге мәдениеттің атасы – таза­лық, яғни монша емес пе? Міне, осындай істері ғой бабамызды «жат жұрттан ауып келген құл» дегізбек былай тұрсын, 800 жыл өтсе де, араб жұрты Бейбарыстың әрбір ісін күні кеше ғана өмірден өткендей ауыздан тастамай келеді. Әйтпесе, тұтқынға түсіп, қаңғып келген мәмлүк аз ба еді?
– Қазақ елі өзінің түп негізі қыпшақ деп білсе, сол қыпшақтан шығып, әлемді аузына қаратқан Бейбарыс бабасын бүгінде қаншалықты қадірлей алып жүр?
– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Каир қаласының қақ ортасындағы үлкендігі сөзбен айтып жеткізгісіз алып мешітті жөндеуге 4 миллион доллар қаржы бөлді. Ағылшындар бір кездері оған шошқа қамаса керек. Сирияның Дамаск қала­сын­дағы Бейбарыс бабамыздың басын, яғни зиратын жаңартуға қаржы бөлді. Араб­тардың Мәдениет министрлігі менің бір том кітабымды басып шығарған, енді тағы осы пъесамды сұрап алдыртып, араб тіліне аударып, кітапша етіп шығарғалы жатыр. Әлгі мешіттің жөндеуі бітіп, ашыл­ған кезін­де осы туындыны сол жерде сах­на­лаймыз деген, бірақ аяқ астынан дүрбелең баста­лып кетті де, бұл әңгіме аяқсыз қалды.
Мен бүгінде Бейбарыс әлеміне ен­геніме сондай қуанамын. Себебі осы та­қырыппен бірге менің алдымнан араб әлеміне айқара есік ашылды. Каирдің «Өлі қала» деп аталатын қабірстанында зама­нында Мысырды билеген 120 шеркеш сұлтаны жатыр. Мен соның он шақтысының басына барып, Құран оқыдым. Олардың аттарын айтқаннан-ақ таңғаласыз, Қоң­қабай, Тұманбай, Ақсұңқар, Қарасұңқар, Қорықпас, Қашпас т.с.с. Қазақ екені аттарынан-ақ белгілі болып тұр ғой? Сондағы шырақшы болып отырған араб­тар да: «Мынау өздеріңнің мәм­лүктерің, қыпшақтар. Бірақ іздейтін адам жоқ», – дейді. Соған намыстанып, ел екені­мізді көрсетіп, тым құрыса, 2-3-еуінің бол­са да, басын жаңартайық деп, Асанәлі ағамыз бастаған 12 адамнан құралған делега­цияны алып барғанымда тағы да елде көтеріліс басталып кетті де, ол іс те аяқсыз қалды. «Әттеген-ай» дейтінім – сол! Бірақ әлі де болса, бір сәті туар.
 – Рақмет, аға! Алла сәтін салсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста